Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар
бет 3/4 Дата 07.02.2022 өлшемі 66,2 Kb. #90006 түрі Сабақ
Байланысты:
1-сабақ .9 сынып Қазқстан тарихы Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:
Балалар! Төменде берілген тапсырмаларды өз дәптерлеріңізге орындаңыздар
1-тапсырма Ұғымдар мен терминдерді түсініп оқып, дәптерге жазып аламыз
Кадеттер – конституцияшыл демократтар.Қоғамның демократиялық құндылықтар негізінде біртіндеп дамуын жақтаушылар
Мемлекеттік Дума – Ресейдің 1906-1917 жылдардағы заң шығарушы жоғары өкілетті органдары
Петиция – мемлекет басшысына немесе жоғары өкімет органына көпшілік атынан тапсыратын жазбаша өтініш
Революция – қоғам өміріндегі түбірлі өзгеріс,төңкеріс
Самодержавие – патшаның шексіз өздігінше билік етуі
2-тапсырма. Оқулықтың 8-10 беттерін оқып шығып ,төмендегі сұрақтарға өз ойыңды жаз!
«1899 жылдан кейін қазақтар мен қоныс аударушылар арасындағы жанжалдар даладағы өмірдің сипатына айналды»
Тұрар Рысқұлов
1. Тұрар Рысқұлов неліктен осылай деді ?
2. Қазақтар мен қоныстанушы шаруалар не үшін жанжалдасуы мүмкін
Достарыңызбен бөлісу: