Сабақ жоспары ашық сабақ: Қазақтың салт-дәстүрлері Мектеп: «№236 орта мектебі»кмм күні



бет2/2
Дата05.06.2017
өлшемі373,98 Kb.
#18025
түріСабақ
1   2

12 минут

1минут

7 минут

7 минут



Топтық жұмыс.

1-тапсырма. Барлық оқушылар орындайды.

3 топқа әртүрлі мәтіндер беріледі.

1.Мәтінді түсініп оқиды, «ИНСЕРТ» әдісі бойынша таныс емес сөздерді белгілейді, сөздікпен жұмыс істейді /кейбір сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреміз/.

«Бағдаршам» стратегиясын қолдану (жасыл - тапсырманы орындадым, сары – қосымша уақыт керек, қызыл - көмек қажет).



І топ. Мәтін мазмұны.

Азан шақырып ат қою - сәбиге ат қоюдың дәстүрі. «Азан» араб тілінде шақыру, хабарлау дегенді білдіреді. Бұл дәстүр ұлға да, қызға да жасалады.

Жаңа туған сәбиге ауыл ақсақалдарын жинап, азан шақырып ат қойғызады. Үш рет қайталап, сәбидің құлағына айқайлайды. Сәбиге лайықты ат қоюға ерекше көңіл бөлген. Әрине, алдымен, жақсы есімдер мен елге әйгілі адамдардың атын қойған.


ІІ топ. Мәтін мазмұны.

Шілдехана - жаңа туған нәрестенің құрметіне арналған той. Оған көбінесе жастар жиналады. Олар шілдеханаға арнайы шақырумен де, шақырусыз да келе береді. Бұл тойда құттықтаулар айтылады. Қонақтар домбыра тартып, өлең айтады, түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырады. Жеңгендері отбасының сый-құрметіне бөленеді. Шілдехана - баланы қорғап, күзетуден пайда болған дәстүр. Сондықтан шілдехананы кейде «шілдекүзет» деп те атаған.
ІІІ топ. Мәтін мазмұны.

Бесікке салу - нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Туған-туыстары жиылып, нәрестені бесікке салу дәстүрін өткізеді. Баланы бесікке салу үлгілі ұрпақ өсірген сыйлы әжеге тапсырылады. Осыдан кейін бесікті даярлап, баланы бөлейді. Бесікке салған әжеге сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, жақсы тілектер білдіреді және бесік жыры айтылады. Сәбиді алып жүру үшін де, ұйықтату үшін де бесік ыңғайлы болған. Бесікті қасиетті санап, оны көздің қарашығындай сақтаған.

2. Сөз тіркестерін құрайды. Топпен А4 формат бетке жазады, оқиды.

І топ: азан, ақсақал, лайықты, көңіл бөлген.

ІІ топ: нәресте, арнайы, қорғап, күзету.

ІІІтоп: бесік, бөлейді, ыңғайлы, көздің қарашығындай.



3. Мәтінге ат қояды.

І топ. Нәрестеге ат қою.



ІІ топ. Шілдехана.

ІІІ топ. Бесікке салу.
СЕРГІТУ СӘТІ


2-тапсырма.

1. Мәтін мазмұны бойынша топпен дара шеңбер құрады.

І топ.


Нәрестеге ат қою


ІІ топ.

Шілдехана



ІІІ топ.


Бесікке салу


2. Әр топ дара шеңбердің көмегімен өз мәтінін мазмұндайды, қалған топтар сұрақтары болса қояды.
3-тапсырма. Топтық жұмыс.


Тапсырма: берілген сөздер мен сөз тіркестерінен дұрыс сөйлем құру. Тақтада берілген суреттермен сәйкестендіру /сәйкес суреттің астына ілу/.
І топ. Азан шақырып ат қою - сәбиге ат қоюдың дәстүрі. Шілдехана - жаңа туған нәрестенің құрметіне арналған той. Туған - туыстары жиылып, нәрестені бесікке салу дәстүрін өткізеді.
ІІ топ. Жаңа туған сәбиге ауыл ақсақалдары ат қояды. Қонақтар домбыра тартып, өлең айтады, түрлі ойын - сауықтар ұйымдастырады. Бесікке салу - нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі.
ІІІ топ. Сәбиге лайықты ат қоюға ерекше көңіл бөлген. Шілдехана - баланы қорғап, күзетуден пайда болған дәстүр. Баланы бесікке салу үлгілі ұрпақ өсірген сыйлы әжеге тапсырылады.

Таймер /әр тапсырмаға уақыт беріледі/
Сөздік

Әр топқа бағдаршам суреті беріледі

http://baq.kz/regional_media/post/62192
Әр топқа мәтін жазылған бет

А4 формат бет


Сөз тіркестері:

азан шақырып, ауыл ақсақалы, туған нәресте, ыңғайлы бесік, көздің қарашығындай сақтау.

Интербелсенді тақтадада сергіту сәті көрсетіледі
Дара шеңбер

А4 формат бет, маркерлер


І топ. Сәбиге ат қою, дәстүр, азан шақырып, ауыл ақсақалдары, т.б.

ІІ топ. Нәрестенің құрметіне, жастар жиналады, құттықтаулар айтылады, т.б.


ІІІ топ. Бесікке бөлеу, дәстүр, сыйлы әже, баланы бөлейді, сый тартады, ұйықтауға ыңғайлы, т.б.

Тақтада дәстүрлер бейнеленген суреттер ілінген.

Әр топқа сөздер мен сөз тіркестері салынған конверт, желім, А4 формат бет беріледі.


Сабақтың соңы

5 мин


5 мин

2 минут



1.Әр топ өз мәтіндері бойынща үш сұрақ қойып, келесі топқа мәтінімен бірге береді. Әр топ мәтінге сүйеніп, сұрақтарға жауап береді.

Ітоп

ІІІтопп






ІІтоп

2. «Фишбоун» стратегиясы арқылы сабақта танысқан салт-дәстүрлер мен өз халқының салт –дәстүрлерін салыстыру.



ат қою шілдехана бесікке салу



маңыздылығы

Салт-дәстүр




Кері байланыс.

Рефлексия «Бұрыннан білетінмін, жаңадан білдім, сұрағым бар»


Бұрыннан білетінмін

Жаңадан білдім

Сұрағым бар































А4 формат бет,

мәтін.


Әр оқушыға жеке «Бұрыннан білетінмін, жаңадан білдім, сұрағым бар» кестесі беріледі.

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

1.Бағдаршам.

2.Сөздік.

3. Суреттер, флипчарт.





Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жопарлайсыз?

1.Топ мүшелерін топ басшылары бағалайды. Топтың әр мүшесінің бағасы бағалау парағына қойылады.



Бағалау критерийлері:

3б- жақсы жұмыс істеді;

2б- орташа жұмыс істеді;

0б - жұмыс істеген жоқ.

2. Топтар бір –бірін бағалайды.

Бағалау критерийлері:

Үш сұраққа жауап беру.

Жауаптарын толық беру.


Пәнаралық байланыс:

АКТ, орыс тілі мен әдебиеті.



Рефлексия




1.Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары орындалды ма?

2.Бүгін оқушылар нені үйренді?

3.Сабақ қалай, қай деңгейде өтті?

4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

5.Уақытты қалай пайдаландым?

6.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және қандай?

7.Тақырыптық өмірмен байланысы болды ма?


1.Сабақ және оқу мақсаттары жүзеге асты. Сөздік сөздерді меңгерді, оқылған мәтін бойынша сенімді жəне еркін жауап бере алды, өз ойларын айта білді, мәтін мазмұнын түсінді.

2.Оқушылар салт- дәстүрлермен танысты.


3.Сабақ оқу мақсаттарына сай деңгейде өтті.
4.Жоспарланған саралау іске асырылды.
5.Уақытты үнемді пайдаланылды.

6.Топтық жұмыстар ұйымдастырдым, әртүрлі стратегияларды, интербелсенді тақтаны, критериалды бағалауды қолдандым, рефлексия, кері байланыс жасадым.


7.Тақырып өмірмен байланысты болды.

Қорытынды бағалау.

Ең жақсы өткен екі нәрсе:

1. Сабақтың тақырыбын анықтау.

2.Дара шеңберді қолдану / «Графикалық органайзерлер» тәсілі/.

Сабақтың жақсы өтуіне ықпалын тигізетін екі нәрсе:

1.«Инсерт» стратегиясы арқылы жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеру.



2.Топтық жұмыстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет