Тәрбие сағаты:«Ауғанстан- журектегі жара»
Мақсаты: білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. “Ауған соғысы” жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу. дамытушылық:Олардың достық, адамгершілік қасиеттерін, патриоттық сезімдерін дамыту.
тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлттжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу. Әдісі: еске алу сабағы Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта. Сабақ жоспары: 1. Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама 2. Майданда туған жыр 3. Ауған соғысының ардагерлерімен сұхбат 4. Мақал-мәтелдер сайысы. 5. Қорытынды
Зарина:
Сол Ауғанда талай досты жерледік Қарлы шыңға күн түн демей өрледік Сұрапылда ерледік те шерледік Намыс туын қолдан бірақ бермедік
Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің аса құрметті қонақтары!
Әнұран.
Дархан:
Соғыс жан алып – жан беру Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 26 жыл толуына байланысты.«Ауғанстан- жүректегі жара» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Мұғалім: слайд
Зарина:
1989 жылы, Ақпан айының 15-де талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз. Соғыстың тарихынан қысқаша баяндама жазып келіпті соны тыңдасаңыздар.
Нұргүл: Бақтыгереева Алтынай Кәрімқызы: 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л. И. Брежнев, Ю. В. Андропов, М. А. Суслов, Д. Ф. Устинов, Н. А. Громыко Ауғаныстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстан ауған соғысына 22 000 адам қатысып, олардың 761 адам қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. 23 жыл бұрын 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері ауған жерінен біржолата шықты. Он жылға созылған бұл соғыстан елге қайтқан жауынгерлердің көбі мүгедек болып оралды. Талайы жат жер топырағын құшты. Бұл соғыста ТМД елдерінің 15000 жуық адамы құрбан болды. «Ерлік қашан да елге мүра, ұрпаққа - ұран» болатыны белгілі. Соның бір үлгісі ретінде ауған майданының ардагер жауынгерлеріміз ортамызда. Бүгінгі біздің «Ерлік - ұрпаққа мұра» атты тәрбие сағатымыздың «Интернационалист – жауынгер» сізге арналады.
Дархан:
Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын, Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!
Ауған соғысында интернационалдық борышын өтеген қаншама жас жауынгерлер қаза тапты. Оларды еске алу мақсатында 1 минут үнсіздік жариялайық.
Рахмет отырыңыздар!
Зарина:
Ардагерлер Айтса ертек көргендері Табандары таймаған өрден кері Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда, Кеуде толы жарқырап ордендері.
Сөз кезегі «Ауған соғысының ардагерлеріне» беріледі. Құрметті ауған соғысының ардагерлері, осы соғыс туралы сіздерге қоятын оқушылардың бірнеше сұрақтары бар : Нұрқанат: Адам жүрегіне жара, санасына ауыр салмақ салып, сұм соғысқа өз еркіңізбен бардыңыз ба?
Айдана: Соғысқа шыдамай өз - өзіне қол жұмсаған адамдар болды ма?
мадияр: Бейбіт өмірде өмір сүріп жатқан адамдарға тілегіңіз.
Данияр: Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елің, өз халқың!
Отан - өлең, Отан - жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
Нурислам : Отан - осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
Отан деп өсіп жан - жағың,
Оны ардақтап, сүйе біл!
Аружан: Әуелің Отан - ана алды
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен -
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Асылхан : Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған «Отан»- деп сыбырлаған
Арсен: Жаным менің, кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен.
Альфараби: Отан - сенің ата - анаң
Отан - досың, бауырың,
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.
Қуаныш: Отан белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін жанын пида қып күресіп келе жатқан өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата - ана, бала - шағасы, жары, дос - жаран туысы. Солармен бірге жалғанған көретін қызығы мен бақытты тұрағы, өлгеннен кейін де, ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.
Санжар: Сақтады олар елін, жерін, қонысын
Ақтады олар азаматтық борышын
Ән «Ел қорғауға әзірміз».
Зарина
Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан, Сен құлаган көлбетіп таулы алыстан. Елестейсің көзіме қасірет боп Қайғам да сен мәңгілік- Ауғаныстан!
Ендігі сөз кезегі мектебіміздің ұстаздарына беріледі.
Дархан
Бәріміз де Отанды сүйетін, елін, жерін қорғайтын батыр атаның ұрпақтарымыз. Егеменді Қазақстанның патриот ұландарымыз.
Аружан «Қазақстаным алға!» әнін орындайды
Зарина:
О, олардың көз жасының татымын Татып көрсен ойланар ең пақырым Халық болып ешқашанда оңбайды Жылатқан ел ақыны мен батырын
Би: 6- сынып оқушыларының орындауында
Жүргізуші лер залда ойын өткізеді.
“Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ”
3-топ
1. Отан
2. Ана
3. Батыр
Сабағымызды «Атамекен» әнімен аяқтағымыз келіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |