Пән:
Қазақ әдебиеті
|
Сынып: 9 «А»
Күні: 22.01.2016 ж.
|
Барлығы: 24
Қатысқаны:
|
Тақырып:
|
Ұлт азаттығын аңсаған жыр жебесі
|
Сілтеме:
|
Оқу бағдарламасы, ҚР Білім беру стандарты, күнтізбелік жоспар,
9-сыныптың қазақ әдебиеті оқулығы мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
|
Оқытудың
негізгі мақсаты:
|
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін жинақтау, қорытындылау, алған білімдерін қолдана отырып шығармашылық қабілеттерін, тілдік қорларын дамыту
|
Оқытудың әдіс-тәсілдері мен формалары.
Сыныптағы әріптестік
|
«Ыстық орындық», қиялдату, жинақтау, АКТ, баяндау, СТО, ой толғау
|
Дербес, жұптық, топтық жұмыстар
|
Түпкі нәтиже
|
Сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасы артады, бір-бірімен әңгімелесу, пікірлесу арқылы топтық жұмыс жасауға дағдыланады, шығармашылық қабілеттері дамиды, тілдік қорлары толығады
|
Ресурстар мен техникалық құралдар
|
Интерактивті тақта, слайд, бағалау парақтары, қосымша кітаптар, ноутбуктер, орындық, карта
|
Сабақ кезеңдері, уақыты
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын ойсергекті орындату.
«Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз»
|
2 мин.
|
Оқушылармен сәлемдесу, бүгінгі сабақта сәттілік, белсенділік тілеу.
Қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып жұптасына ізгі тілектер айту керек.
Топты қабілеттеріне қарай бөлу. Топ ережесін тарату, таныстыру.
|
Қабілеттері бойынша 4 топқа бөлінеді.
1-топ: «Жобалаушылар»
2-топ: «Тарихшылар»
3-топ: «Көркемсөз шеберлері»
4-топ:
«Жазушылар»
Топ басшыларын анықтату, оқушылар топ ережесімен танысады.
|
Қызығушылықты ояту кезеңі
«Ыстық орындық» стратегиясы.
Өткен материалды еске түсіру.
|
5 мин.
|
Өткен материалдарды еске түсіру. Шарты: (Топтар бір-біріне 1-2 сұрақтан дайындайды. Стикерге жазып бір-біріне сағат тілі бойымен таратады. 1 минут ойлануға уақыт беріледі. Қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек. Сұрақ «Ыстық орындық» болғандықтан, онда көп отыруға болмайды. Жауап бере алмаған жағдайда басқа топ оқушысы келіп ауыстырады).
|
Оқушылар Махамбет Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы туралы оқулықтан оқып келген материал бойынша сұрақтар дайындайды. Ойыншы жауап бере алмаса, топ ішінен бір бала шығып жауап береді немесе топ болып жауап беруі қажет.
«Қол шапалақтау» арқылы бағалайды.
|
«Мағынаны тану» кезеңі
Сергіту сәті
«Поэзия минуты»
(өлең тыңдау)
|
28 мин.
|
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып өту.
Балалар, өздеріңізге кітаптан тыс Махамбет Өтемісұлы туралы қосымша материалдар қарастырып келу тапсырылған. Сабақ басында қабілет деңгейлеріңізге қарай топтарға бөлініп отырдыңыздар. Соған орай тапсырмалар орындайсыздар.
1-тапсырма.
Қабілет деңгейлеріне орай орындалатын тапсырмалар.
1-топ: «Жобалаушылар»
Шарты, қойылатын талап: Махамбеттің өмірі мен шығармашылығы жайлы презентация қорғау (кітаптан тыс қосымша мәліметтердің қамтылуы және түс үйлесімділігін ескеру).
2-топ: «Тарихшылар»
Шарты, қойылатын талап:
Отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліс. Өткен тарихымызға саяхат-шолу жасау. Картамен жұмыс.(Тарихи даталардан шатыспау, тарихи тілмен баяндау. Картамен дұрыс жұмыс жасай білу).
3-топ: «Көркемсөз шеберлері»
Махамбеттің өлеңдерін мінезіне сай мәнерлеп оқу.
4-топ: «Жазушылар» «Махамбет рухымен сырласу»
Шарты, қойылатын талап:
(Тәуелсіз елдің ұланы атынан хат жазу). (Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері сақталуы керек: Сөз жинақы болу керек, қаратпа сөздер, сұраулы және лепті сөйлемдер, экспрессивті, екпінді сөздер).
|
Тапсырмаларды орындайды.
Формативті бағалау
«Екі жұлдыз, бір тілек»
«Қол сигналдары»
«Смайликтер»
«Бағалау критерийі» арқылы бағалайды
|
Ой-толғаныс кезеңі
Қорытындылау
СТО
|
5 мин.
|
2-тапсырма
Интербелсенді тақтадан Махамбет Өтемісұлы туралы бейнеслайд көрсету.
|
Оқушылар көргендерін топта талқылайды, ой түйеді, ой толғайды, өз пікірлерін айтады. (Махамбетті дәріптеу).
|
Мұғалімнің қорытынды сөзі
|
1 мин.
|
Сабағымызды қорытындылай келе, Т.Әлімқұловтың Махамбеттің ақырғы сәті туралы жазылған «Қараой» әңгімесінде Махамбеттің ақырғы ойы: «Қайран халқым!» деген екі сөзге сайған екен...
Бүгінде ұлт азаттығын аңсап өткен Махамбеттей, Исатайдай ерлеріміздің ұлы арманы орындалды деп әбден айтуға болады. Жыр жебесінің рухы біздің жүрегімізден мәңгілік орын алады.
|
Айтылғаннан ой түйеді.
|
Бағалау
|
2 мин.
|
Топ басшысының бағалауын ескере отырып оқушылардың еңбегін қорытынды бағалау.
|
Топ басшысы оқушыларды бағалау критерийі бойынша бағалайды.
|
Үй тапсырмасы
|
1 мин
|
Сыныптан тыс Махамбеттің Исатайға арнап жазған өлеңдерін оқу.
|
Күнделіктеріне жазады.
|
Рефлексия
(кері байланыс)
|
1 мин.
|
Кері байланыс парағын тарату.
|
Рефлексия жасайды.
|