Қызығушылығын арттыру
Жаңа сабақ
8 минут
Топтық жұмыс «Жиксо» әдісі
5 минут
Дәптермен жұмыс
4 минут
Венн диаграммасы
5 минут
|
Ақынның портретін көрсетемін.
Біз балалар балалық шағы ҰОС қасіретті жылдарымен, жоқшылықпен тұспа-тұс келген Қалихан Ысқақовтың өмірімен, шығармашылығымен танысқан болатынбыз, бүгін біз Қ. Ысқақовтың құрдасы Қ. Мырзалиевтың өмірімен, шығармашылығымен «Кәрі қыран» атты өлеңімен танысамыз.
Қ. Мырзалиев 1935жылы 5қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жампиты ауылында дүниеге келген. 1958жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Алғаш еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. Елуден аса кітаптың авторы, екі жүздей өлеңіне ән жазылған. Атап айтсақ «Қыз Жібек» фильміне арнап жазылған «Ақ Жайық». Туған жерге, ата қонысқа деген сүйіспеншілікті білдіретін «Әже туралы ән», т.б өлеңдер жазған.
Қ. Мырзалиевтың ойнақы жаңылтпаштары мен жұмбақтары, мысалдары мен санамақтары, ертегілері мен балладалары қазақ балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан.
Енді сендерге ақынның «Кәрі қыран» өлеңінің бірнеше шумағын мәнерлеп оқи отырып, идеясын ашып көрсетемін.
«Жиксо» әдісі бойынша өлеңді әр топ мәнерлеп оқып шығып идеясын ашып көрсетеді. Келесі топ жалғастырады. Топ басшы бағалау парақшасына белгілеп отырады
Дәптерлеріне өлеңнің ұнаған шумағын жаздыртамын.
Қазақ халқы
Ұхсастығы Қыран құс
|
Суреттер, слайд
Ғаламтор «Жарар» сайты, оқулық
Оқулық
Дәптер, оқулық, қаламсап
А3 парақшалары, маркерлер, магнит
|