Оқушыларды сабақ жоспарымен таныстыру.
Бірінші «Тарих» бекеті
Екінші «Тау мен дала» бекеті
Үшінші «Әдебиет» бекеті
Төртінші «География» бекеті
Бесінші «Салт – дәстүр» бекеті
Алтыншы «Қолөнер» бекеті
Жетінші «Ән – күй» бекеті
1. «Тарих» бекеті
Сұрақтар:
1.Қазақтың әйгілі үш биі?
2.Қазақстанның елордасы?
3.Қазақстанның ұлттық валютасы не?
2. «Тау мен дала» бекеті
1. Қазақстанның ең биік нүктесін атаңыз.
2. Қазақтар қандай дала өсімдігін отанның символы деп есептеген?
3.Біздің еліміздің жерінде кездеспейтін аңдар мен жануарларды атаңдар.
Жазылым.
Піл, арыстан, мүйізтұмсық, қолтырауын, керік сөздерін буынға бөліп, буын түріне ажырату.
3. «Әдебиет» бекеті
- Қазақ халқының ұлы ақындарын ата
Айтылым.
Мына заттар қай ертегіде кездеседі?
4. «География» бекеті
1.Қазақстанның көршілерін атаңдар
2.Қазақстандағы өзендердің атауларын атаңдар
3.Қазақстанда неше облыс бар?
Оқылым.
Әріптердің орнын ауыстыру арқылы Қазақстан қалаларының атын табу.
5.«Салт – дәстүр» бекеті
1.Қазақ халқының жаңа жылы, мерекесі?
2.Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?
3.Қазақ халқының қандай салт – дәстүрлерін білесіңдер?
4.Қазақ халқының ұлттық киімдерін ата.
5.Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарын атаңдар
6. «Қолөнер» бекеті
Ұлттық ойындарды атау.
7. «Ән – күй» бекеті
Тыңдалым. «Бесік жыры» бейнетаспасын тыңдатып, қай жанрға жататындығын сұрау.
|