Сабақ жоспары Бекітемін: Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Паримбекова


§18 Нефронның құ рылысы мен қызметі. Мәтінді оқу



бет4/6
Дата20.09.2024
өлшемі81,34 Kb.
#204800
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҚМЖ нефрон


§18 Нефронның құ рылысы мен қызметі. Мәтінді оқу

  • Есеп: Бірінші реттік сүзілу кезінде нефрон капсуласында қанның барлық сұйықтығы шамамен 50 рет болады екен. Яғни қанның барлық сұйықтығы бүйректе әрбір 30 минут сайын тазартылады. Ол үшін есептеулер жүргізіңіз


  • БББ кестесінің соңғы графасын толтырып береді, ауызша кері байланыс береді

    Өзін - өзі бағалау

    БББ кестесі

    Қосымша 1


    Мәтінмен жұмыс
    Жинаушы түтік бірнеше нефрондардан түзіліп, бүйректің милы затында орналасады. Бүйрек денешігінде қан сүзіледі. Әкелетін артериола тамырлы шумақты құрайтын капиллярларға бөлінеді. Тамырлы шумақ капиллярлары Боумен-Шумлянский капсуласының ішкі қабатының эпителий жасушаларымен тығыз байланыста болады. Қантамырлары мен капсуладағы қысымның айырмашылығына байланысты қан плазмасы сүзіледі. Фильтрат капсуланың сыртқы және ішкі эпителий қабатынан түзілген кеңістікке жіберіледі. Түзілген сұйықтық бірінші реттік зәр деп аталады.
    Бүйрек денешігі қан плазмасын сүзеді (ультрофильтрация) және бірінші реттік зәр түзеді. Бірінші реттік зәр қан плазмасына ұқсас келеді, плазмадан айырмашылығы: зәрде нәруыз болмайды.
    Проксимальды иір түтікше реабсорбция қызметін атқарады, су мен қоректік заттарды қанға кері сіңіреді және секрециялайды. Несепнәрдің түзілуінде Генле ілмегі зәрдің осмотикалық концентрациясын арттырады.
    Дистальды түтікше натрий хлоридін реабсорбциялайды, калий иондары мен аммиакты секрециялайды.
    Жинақтаушы түтік зәрді бірнеше нефрондардан алады, қышқылданады және осмотикалық концентрациясы артады. Екінші реттік зәр қалыптасады.
    Бүйрек жұмысының көрсеткіштерінің бірі – шумақтық сүзу жылдамдығы.
    Шумақтық сүзу жылдамдығын анықтау үшін креатин деңгейін анықтау қажет. Креатин бұлшықеттерде пайда болады, реабсорбцияға ұшырамайды. Зәрдегі және қан плазмасындағы креатин мөлшері шамамен бірдей. Қандағы креатин деңгейінің зәрге қарағанда жоғары болуы бүйрек жеткіліксіздігін көрсетеді.
    - Нефронның қандай құрылымында бірінші және екінші реттік несеп түзіледі?
    - Бірінші реттік несептің екінші несептен айырмашылығы қандай ?
    - Неліктен науқасты емдегенде әрқашан оның несебінің талдауы алынады?

    Қосымша 2




    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет