Сабақ жоспары «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі Г. Туралиева



Дата17.02.2017
өлшемі38,9 Kb.
#9691
түріОқулық
Қысқа мерзімдік сабақ жоспары

«Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі Г.Туралиева

«___»___________2016ж.






Технология



5-сынып

ұлдар

Күні

13.01.2016

Сабақтың тақырыбы



Жұқа табақтық металға сызба және қима үлгі бойынша белгілер салу

Сабақтың мақсаты



  • оқушыларға жұқа табақтық металдармен жұмыс жасауды үйрету;

  • оқушылардың ой-өрісін кеңейту,білімдерін іс жүзінде корсетуге ықпал ету,сарамандық іс – әрекеттерді қалыптастыру;

  •  еңбек мәдениетіне,іскерлікке,өзара көмектесуге тәрбиелей отырып,еңбек сүйгіштікке, шеберлікке,ұқыптылыққа үйрету;



Күтілетін нәтиже

Оқушылар қаңылтырмен жұмыс жасап үйренеді

Құрал саймандармен танысады


Сілтеме

Қолданатын,сүйенетін ақпараттар: оқулық 5-сынып, интернет желісі

Сабақта қолданылатын материалдар

А-4 парағы

тақырыпқа байланысты көрнекіліктер суреттер

Оқулық Интерактивті тақта Құрал саймандар


Оқыту әдістері

Акт

Сто


Практикалық


Топтық жұмыс

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі



Оқушылар зейінін сабаққа аудару, түгендеу,топқа бөлу, топ ережесін еске тусіріп іліп қою

Үй тапсырмасын тексеру

Миға шабуыл сұрақтары слайд бойынша көрсетілген сұрақтарға жауап беру

  1. Жұқа табақтық металл дегеніміз не?

  2. Табақтық металды түзеті дегеніміз не?

  3. Қалыңдығы 0,2-0,5 мм жұқа табақтық металл қалай аталады?




Жаңа сабақ

Видео ролик бойынша тақырыпты ашу Жұқа табақтық металл бетіне құрал саймандармен белгі салады.Қимаүлгі, жайпақ бөлшек үлгі арқылы белгі салуға болады. Ол үшін дайындама бетіне қимаүлгіні қойып, оның контурын сызғыш ұшын тақап сызып шығады. Металл бетіне сызғышпен белгі сызығын сызады.Нүктелегішпен металға батырып белгі салып, бөлшек дайыедамасының өңделетін ортасына сызықіз түсіреді. Егер дөңгелекті және оның бөлшектерін белгілеу қажет болса, белгі салатын циркульді қолданады.Кәдімге циркульден айырмашвылығы-белгі салатын циркульдің екі ұшы да үшкір болады.


Тапсырма


Қауіпсіздік ережесін қайталау:

  1. Сызғыш құралмен бір жерге бір-ақ рет сызады.

  2. Сызғыш құралды ұшын өзіне қаратып қояды.

  3. Сызғыш құралды қалтаға салуға болмайды.

Слайдта көрсетілегн тапсырмаларды орындау

1-топ Қаңылтырдан ою қию

2-топ Қанылтырды қысқаштың көмегімен 4 жағын майстыру

3-топ Қаңылтырдан әшекей бұйымдар жасау



Сергіту сәті

. Жұмбақтар шешу. Жауабын құрал - саймандарды көрсету арқылы табу.
1. Азулы хайуан – темір ер,
Әндетіп сүйек кемірер. (Ағаш кескіш ара)
2. Қолға алсаң қызмет етер,
Бүтінді бөлшектеуге шебер. (пышақ)
3. Кедір - бұдыр тақтайды,
Тегістейді тілімен.
Жеген асын татпайды,
Шығар желке түбінен. (сүргі)
4. Қалпақты жымырады,
Төбесінен ұрады,
Түзетуге қыңырды,
Дәйім дайын тұрады. (балға)

Қорытындылау және пысықтау

  • 1.Қима үлгі бойынша белгі салу дегенді қалай түсінеміз?

  • Қандай құралдардың көмегімен белгі түсіруге болады?

  • Бүгінгі сабақтан нені үйрендік?

  • Қанылтырдан басқа қандай бұйымдар жасауға болады?



Үйге тапсырма

Тақырыпты мазмұндау,қаңылтырдан гүл жасап келу

Бағалау

Бағалау парақшалары арқылы бағалау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет