Ассеss-те «кесте» термині нені білдіреді?
Кесте – бұл деректеріңізді сақтайтын объекті. Кестені құруда біртипті ақпараттан тұратын өрісті анықтаймыз. Мысалы : мекен-жай,аты немесе телефон нөмірі. Кестелер әрқайсысы белгілі бір мағынаны сипаттайтын жүздеген жазбалардан тұруы мүмкін. Мысалы : әрбір клиент жайлы жазба оның атын, мекен-жайын және телефон нөмірін қосады. Кесте режимінде кесте баған мен жолдан тұрады. Әрбір қатар – бұл жазба, ал әрбір баған - өріс.
Кестенің құрылымын айқындағаннан кейін, МS Ассеssте оны құруға кірісеміз. МS Ассеss-те кестені құру деректер қоймасы терезесінде жүзеге асырылады:
Өзіңіз құрған деректер қоймасының терезесін ашып, «Кестелер» категориясын таңдаңыз.
Деректер қоймасының терезесінде Создать батырмасын басыңыз.
«Жаңа кесте» диалог терезесі ашылады, оның оң жағында келесі атқарылатын жұмыстардың нұсқалар тізімі табылады:
● Кестелер режимі – кестелер режимінде жаңа кестені құруға мүмкіндік береді.
● Конструктор – кестелер конструкторында жаңа кесте құруға мүмкіндік
береді.
● Кесте шебері – шебер көмегімен жаңа кесте құруға мүмкіндік береді.
● Кестелер импорты – сыртқы файлдан ағымдағы деректер қоймасына кестелер импортын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
● Кестелермен байланыс – сыртқы файлдардан байланысқан кестелермен кестелер құруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |