Деректер типтері.
Өріс атауы кестелер деректеріне сілтеме жасау үшін қолданылады. Сақталатын деректердің типін айқындауға деректер типі пайдаланылады. Өрістің деректер типі Деректер типі бағаны өрісінде еңгізіледі. МS Ассеss-те келесі типтердің деректері мүмкін болып табылады:
● Мәтіндік ● Логикалық
● Сандық ● МЕМО өрісі
● Ақшалай ● ОLЕ объектісінің өрісі
● Санауыш ● Гиперсілтеме
● Даталар/уақыттар ● Ауыстырулар шебері
Кесте құрылымының модификациясы.
Егер бірде-бір қате жібермей, кесте құрылымын сипаттаған болсаңыз, онда құрылған кестенің құрылымын сақтау қажет.Алайда құрылымды берерде қате жіберіп қоюыңыз мүмкін. МS Ассеss қателерді жөндеуге арналған құралдарды сізге ұсынады. Оларға жататындар:
● Өріс атауын және /немесе оның типін өзгерту.
● Қалып қойған өрісті қою.
● Қате енгізілген өрісті жою
● Кестедегі өрістердің жол тәртібін өзгерту.
Деректер қоймасына кіретін кестенің құрылымын модификациялау үшін деректер қоймасының терезесінде модификацияланатын кестені таңдап,
Конструктор батырмасын басыңыз.Экранда таңдалған кестенің құрылымынан тұратын конструктор терезесі ашылды.
Өрістер жолының тәртібін өзгерту
Айталық, бір өрісті қазіргі тұрған орнынан бірнеше өріске жоғары не төмен апарғыңыз келді. Мұны жасау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
Өрістер аттарының сол жағында өрісті таңдау аймағы бар. Орын ауыстырғыңыз келген өріске сипаттама берілген жолға көшіп, осы аймаққа басыңыз. Бұл кезде жол түгелімен ерекшеленеді.
Енді өрісті таңдау аймағына тағы да басып, мауысты жібермеңіз. Мауыс меңзерінің астында, кішкентай үзік сызықпен сызылған тікбұрыш пайда болғанына көңіл аударыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |