Сабақ жоспары «Бекітемін»



бет53/58
Дата22.04.2020
өлшемі0,74 Mb.
#64175
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
00167e0f-df7677e6

ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ

ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.

V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер:
Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.

VIIІ.Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) қорытынды

Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта FrontPage редакторының мүмкіндіктері деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.



Жаңа сабақ

Web-беттердің дизайнын тиімді ету шарттарының бірі – тақырыптарды дұрыс пайдалану. Ірі тақырыптардың көптігі беттеріннің оқылуын қиындатады, ал тақырыптарға кедей беттердің көрінісі жұпыны және оларға қабылдау қиын болады. Тақырыптар газет немесе журналдағыдай бетте берілген ақпаратты құрылымдауға көмектеседі. Сайтымыздың бір бетінің мысалында тақырыптарды пайдаланудың қарапайым үлгісін қарастырайық. Бетті сыныптастарына арнап Мой класс деп атайық. Бұл бетте біз оқушылар тізімін жасаймыз, соңында олардың меншікті беттеріне жасалған сілтемелер тіркеледі. Бұл тапсырманы орындау үшін келесі әрекеттерді іске асыру қажет:

1. File New Page командаларын орындап, Редакторда жаңа бет жасаңдар.


  1. New диалогтық терезесінде Normal Page шаблонын таңдап, ОК батырмасын басыңдар. Редакторда сол жақ жоғарғы бұрышында жыпықтап тұрған меңзер орналасқан бос бет пайда болады.

  2. Пішімдеу панеліндегі стильдер тізімінен Нeading 1(Заголовок 1) таңдандар. Беттің шапкасы тиісінше ,мысалы, бірінші дәрежелі тақырып сияқты ерекшеленіп тұруы керек. FrontPage Редакторында тақырып жаңа жолдан жеке абзац сияқты безендіріледі.

  3. Енді Мой класс бетінің негізгі тақырыбын енгізіндер.

  4. Оқушылардың аттарын енгізіндер. Меңзер жаңа жолға өтуі үшін ‹Enter›-ді басып, стильдер тізімінен Нeading3(Заголовок 3)таңдаңдар да, Александр есімді теріндер.

  5. Енді 5-қадамды қайталай отырып, сыныптың қалған оқушыларының аттарын енгізіңдер.

Тізімде тақырыптардың алты дәрежесі аталғанын ескеру керек.4.7.-суретте тақырыптардың барлық алты дәрежесінің салыстырмалы өлшемдері көрсетілген.

Маңызды HTML редакторы деп Microsoft FrontPage-ні атауға болады.Бұл Интернетке арналған арнайы редактор және,бір жақсысы,олWord-қа ұқсайды,сондықтан оны ұғыну сендерге қиынға соқпайды.

Microsoft FrontPage 2000 версияның (бұдан әрі Frond-Page 2000 немесе жай ғана FrontPage Редакторы) редакциялау мүмкіндіктері мол.

FrontPage Редакторы HTML-ді бүге-шігесіне дейін білуді талап етпей-ақ , кәсіби сапалы беттер жасауға мүмкіндік береді.Егер бетті редакциялау барысында сөзді курсивпен ерекшелеу немесе тақырып түсін өзгерту қажет болса,Word-тағыдай мәтіннің қажетті фрагментін белгілеп, тиісті кодын өзі генерациялайды.

Қаласаңдар, тікелей Редакторда HTML кодын жазып,сол мезетте,браузерді іске қоспай-ақ , өз жұмыстарыңның нәтижелерін көрулеріңе болады.

Редактордың тамаша мүмкіндіктерінің бірі-оның беттерді WYSIWYG режімінде көрсете алатын қабілетінде (what you see is what you get-не көрсеңіз,соны аласыз).Бұл дегеніміз-олардың браузердегі көрінісі Редактордағыдай болады деген сөз.Күні кеше ғана HTML кодтарында ұсақ- түйекке дейін қолмен сипаттап отыруға мәжбүр болып, нәтиже ойдағыдай болатынына үміттеніп қана қоятын едік. Енді жерде,беттің Редакторда дұрыс көрінуіне ғана қол жеткізу жетіп жатыр.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет