Gopher – түйінді сөздер және сөйлемдер бойынша Интернетте ақпарат іздеу құралдарының бірі.
WAIS жүйесі (Wide Area Information serwice) Интернетте алуға болатын деректер базаларында ақпарат іздеу кезінде интерфейсті қамтамасыз ету үшін құрылған.
WorId Wide Web дегеніміз – гипермәтінді желілік ақпараттық жүйе.
Интернеттің ауқымды ақпараттық жүйесінің пайда болуы мен дамуы, оны ұйымдастырудың ерекше технологиясы арнайы бағдарламалар – браузерлер жасау қажеттілігін тудырды. Бұл бағдарламалар Интернет стандарттары бойынша жүзеге асырылған желілерде жұмыс істеуге бейімделген. Олар Бүкіләлемдік «өрмекші торының» (World Wide web – WWW) – Интернет сервисінің ресурстарын қарауды ұйымдастырады. Бұл тарауда WWW-мен жұмыс кезінде Microsoft Internet Explorer (MIE немесе IE) браузерін пайдаланудың негізгі принциптері баяндалады.
World Wide Web жөніндегі негізгі мәліметтер
World Wide Web – Интернеттің қарқынды дамып келе жатқан технологияларының бірі. WWW мәні мынада: ол ақпаратты түрлі компьютерлерде орналасқан жекелеген мәтіндік, графикалық және тағы басқа файлдар түрінде ұсынады. Бұл файлдар өзара гипербайланыстар арқылы біріктірілген. Файлдардың (немесе объектілердің) мұндай жиынтығын Web – құжат (Web-сайт, Web-site) ретінде интерпретациялаймыз. Web-құжат жекелеген Web-беттерден тұрады. Web-серверде бірнеше Web-құжат орналасады.
Web-құжатты іздеу және оған шығу арнайы нұсқағыш (идентификатор) – URL (Uniform Resours Locator) бойынша орындалады. Стардартты URL ақпараттың хаттамасын, ақпарат орналасқан компьютердің атын және соған шығудың жолын белгілейтін үш бөлімнен тұрады. Мысалы, ойыншықтар сатумен айналысатын Vermont Teddy Bears компаниясының URL құрылымы мынадай болып келеді:
htpp//www. serwise.dicital.com/tdb/vtdbear.htm
Хаттама
Компьютердің аты
Қапшықтың аты
Файлдың аты
URL-ді көрсету арқылы пайдаланушы қажетті файлды нақты белгілейді.
Каталогтарына басқа бір тәсілін іздеу жүйесі қызметі көрсетеді
Достарыңызбен бөлісу: |