Сабақ жоспары «Бекітемін»



бет47/58
Дата22.04.2020
өлшемі0,74 Mb.
#64175
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58
Байланысты:
00167e0f-df7677e6

Үйге тапсырма: Электрондық пошта

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалдарды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________2011 ж

Пән аты: Информатика

Класы: 11 «A»

Сабақтың тақырыбы: Pront Page редакторы. Жалпы мәлімет

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, топтама.

Дидактикалық материалдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Жаңа материалдың мазмұны:

Өзіндік Web-бет жасауға кірісер алдында бұл бөлімнің негізгі түсініктерімен және терминдерімен танысу қажет. Сонымен, сайт дегеніміз не? Бұл – Web-серверде жататын беттердің HTML пішіміндегі жинағы.

Web-сервер дегеніміз – бұл осы беттерді пайдаланушылар сұратуы бойынша беретін, Интернетке үнемі қосылып тұрған компьютер.

Web-тарап - Web-беттердің жай ғана жиынтығынан анағұрлым үлкен нәрсе. Бұл – торапты бір тұтасқа байланыстыратын гиперсілтемелер жүйесі, торап-тың бірыңғай стилистикалық безендірілуі, тораптағы ақпараттың уақтылы жаңаруы мен жеке беттердің жүктелу жылдамдығы және тағы басқа нәрселер. Web құжаттардың кәдімгі электрондық құжаттардан негізгі айырмашылығы – гиперсілтемелері болуында. Гипермәтіндік сілтемелер Web құжатын қарап отырғанда оның басқа бөлігіне немесе басқа Web құжатына өтуге, немесе Интернет қызметтерінің біріне шығуға мүмкіндік береді. Әдетте, гиперсілтемеге сәйкес Web құжаты мәтінінің бөлігі көк түспен ерекшеленеді немесе асты сызылады. Гиперсілтемеге ауысқанда маус меңзері саусағы нұсқаулы ашылған алақан пішінін қабылдайды. Егер мұндай нұсқағышпен гиперсілтемені шертсе, онда гиперсілтемеде көрсетілген адрес бойынша өту іске асырылады. Гиперсілтемеден бетке қайтқанда көк түс шие-қызылға ауысады. Түс ауысуы пайдаланушыға «пайдаланылған» гиперсілтемелерді қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Үй беті дегеніміз – сұратуында Web атын көрсетіп, бірақ нақты беттің атын бермеген пайдаланушының сұратуы бойынша сервермен берілетін Web-бет. Web үй беті бар файлға index.htm немесе default.htm стандартты ат меншіктеледі. Үй беті – бұл Web-тің айнасы, сондықтан оны жобалауға және безендіруге ерекшк мән беріледі, өйткені оның негізгі қызметі – пайдаланушыға Web-тің басқа беттері мен құжаттарына өтудің ыңғайлы әдістерін ұсыну.

HTML тілі «гипермәндік белгілеу тілі» болып табылады. HTML файлы дегеніміз – htm немесе html кеңейту, браузерімізде (браузер – Интернеттің терезесі іспеттес, мысалы, lnternet Exploler немесе Netscape Navigator) көретін беттік мәтіні бар кәдімгі мәтіндік файл және кейбір басқарушы жазбалар –тегалар. Көп жағдайларда бұл тілді білу де шарт емес, бәрін өздері-ақ жасап беретін арнайы редакторларды пайдалануға болады. Сондай редакторлардың бірі – кәдімгі Microsoft Word 2000. Әрине, Microsoft Word 2000 бет жасаудың маңызды құралы бола алмайды. Ол HTML-дың барлық мүмкіндіктерін пайдалана алмайды, мәтіннің көрінісі де онда браузердегідей емес және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет