Microsoft FrontPage 2000 версияның (бұдан әрі FrontPage Редакторы) редакциялау мүмкіндіктері мол. Frontрage Редакторы HTML-ді бүге-шігесіне дейін білуді талап етпей-ақ, кәсіби сапалы беттер жасауға мүмкіндік береді. Егер бетті редакциялау барысында сөзді курсивпен ерекшелеу немесе тақырып түсін өзгерту қажет болса, Word-тағыдай мәтіннің қажетті фрагментін белгілеп, тиісті батырманы басыңдар – іс бітті. Frontрage HTML-дің тиісті кодын өзі генерациялайды.
Редактордың тамаша мүмкіндіктерінің бірі – оның беттерді WYSIWYG режімінде көрсете алатын қабілетінде. Бұл дегеніміз – олардың браузердегі көрінісі Редакторындағыдай болады деген сөз. Күні кеше ғана HTML кодтарында ұсақ-түйекке дейін қолмен сипаттап отыруға мәжбүр болып, нәтиже ойдағыдай болатынына үміттеніп қана қоятын едік. Ендігі жерде беттің Редакторында дұрыс көрінуіне ғана қол жеткізу жетіп жатыр. FrontPage Редакторында жұмыс істеуге өте ұқсайды. Мұнда да жартылай қара қаріп, курсив және астын сызу, маркерленген және нөмірленген тізімдер, операцияның қайталау және орындатпай сиықты стандартты батырмалар қолданылады. Редактор терезесінде мәтін енгізу дәл Word-тағыдай тексеруге болады. Редакторда кестелер және фреймермдер құру өте ыңғайлы. Редакторда кестелер және фреймдер құру өте ыңғайлы. Фреймдер жөнінде алдағы уақытта білеміз.
Редакторды іске қосу.
Редакторды іске қосу үшін мынадай әрекеттер тізбегін орындаңдар:
Достарыңызбен бөлісу: |