Сабақ ортасы
|
Жаңа сабаққа көшу.
Терминмен жұмыс.
Демография, демографиялық жарылыс, демографиялық дағдарыс, демографиялық саясат, жастық- жыныстық пирамида, табиғи өсім, механикалық өсім.
Мұғалім ақпараты:
Тапсырма:
(С) Қазақстанның жастық-жыныстық пирамидасын талдау.
Төмендегі жоспар бойынша жастық жыныстық пирамиданы талдаңыз
Жастық-жыныстық пирамиданы талдау үлгісі:
2009 жылы ерлер мен әйелдер саны ...........
1999ж. санақпен салыстырғанда ерлердің саны қанша адамға ..... өсті, әйелдердің саны қанша адамға ...... өсті
2009 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша 1999 жылғы санақтың деректерінде орын алған ерлер мен әйелдер санының арақатынасы .............
Халықтың жалпы санындағы ерлер мен әйелдердің үлесі ................
Халық санының өсуі қандай жас топтарында байқалды?
Халықтың саны қай жас топтарында азайды?
Жауабы:
Ерлердің саны 7 712 224 адамды, әйелдердің саны – 8 297 373 адамды құрады.
Алдыңғы санақпен салыстырғанда ерлердің саны 496 812 адамға немесе 6,9%-ға, әйелдердің саны- 531 504 адамға немесе 6,8%-ға өсті.
2009 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша 1999 жылғы санақтың деректерінде орын алған ерлер мен әйелдер санының арақатынасы сақталды (1000 әйелге 929 ер).
Сондай-ақ халықтың жалпы санындағы ерлер мен әйелдердің үлесі өзгеріссіз қалды, тиісінше - 51,8% және 48,2%.
Халық санының өсуі 0-4 жас,15-59 жас (35-39 жас, 60-64 жас топтарын қоспағанда) пен 65 жас және одан жоғары жас топтарында байқалды.
Халықтың саны мына жас топтарында азайды: 5-9 жас, 10-14 жас, 35-39 жас және 60-64 жас.
|
АКТ мүмкіндігі
презентация
http://stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/p_perepis?_afrLoop=24353877322387005#%40%3F_afrLoop%3D24353877322387005%26_adf.ctrl-state%3D38gjixc2f_3
https://egemen.kz/article/kazakstan-respublikasy-khalkynyn-ulttyk-kuramy?sait=ar
АКТ мүмкіндігі
|