2-кезең.
Теориялық-
практикалық:
Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
1.Қандай денелер тұрақты магниттер деп аталады?
2.Қандай материалдар табиғи магниттер болып табылады?
3.Магниттің полюстері деп нені айтады?
4.Қандай материалдар магнитке жақсы тартылады?
Киноскоп ішінде магнит өрісі вакуумде қозғалатын электрондар
ағынына әсер етеді. Егер электрондар
вакуум емес өткізгіш ішінде
ток тудырып қозғалатын болса, онда магнит өрісінің әсері
сақталады.
Магнит өрісі электрондарға, ал олар өздері ішінде
қозғалатын өткізгіш ионына әсер етеді.
Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсер ететін күші
Ампер
күші
деп аталады.
Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін алғаш
рет француз
физигі А. М. Ампер бақылаған. Оның тәжірибесінде магнит
өрісінің көзі ретінде тұрақты магнит емес тогы
бар басқа өткізгіш
болған. Тогы бар өткізгіштерді бір-біріне жақын орналастырып
ол токтардың магниттік әсерлесуін ашқан.
Электромагниттік индукция құбылысы жылу және гидроэлектр
стансаларында электр энергиясын алу үшін қолданылады.
Механикалық энергияны электр
энергиясына айналдыратын
машиналар – генераторлар деп аталады.
Генераторлардың бөліктері: 1) индуктор – магнит өрісін
тудыратын магнит немесе электромагнит; 2) якорь – магнит өрісі
өзгергенде, индукциялық ток пайда болатын орама; 3)
контакт
сақиналары және олардың бетімен сырғитын контакт
пластиналар. Олар арқылы генератордың айналатын бөлігінен ток
алынады немесе оған ток келтіріледі. Генетатордың айналатын
бөлігін – ротор, ал қозғалмайтын бөлігін – статор деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: