Сабақ жоспары Бөлім: 6-бөлім. «Ғаламтор және әлеуметтік желілер»



Дата31.01.2023
өлшемі77,01 Kb.
#166993
түріСабақ
Байланысты:
жанель кмж (2)


«Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп» пән: Қазақ тілі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім:

6-бөлім. «Ғаламтор және әлеуметтік желілер»

Педагогтің Т.А.Ә.

Ысқақова Айгүл Ораховна




Күні:

25.01.23

Сынып: 7 «Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.3.1. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу
7.4.4.3.-шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы:
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді

Оқушылардың көбі:
Ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі

Оқушылардың кейбіреулері:
Шылау түрлерін ажыратып, орынды қолданады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ басы
5 минут



  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгендеу

  1. Үй жұмысын тексеру

  2. Сабақ мақсатымен таныстыру




Оқушылар мұғаліммен амандасып, кезекші сұхбат жүргізеді.





Сабақ ортасы
3 минут

7 минут

10 минут


5 минут

Білу және түсіну.
Берілген бейнебаянды балалар тыңдайды.(Тыңдалым)
Талқылау сұрақтары:
1.Осы бейнебаянды көргеннен кейін қандай ой түйдіңдер?
2.Әлеуметтік желінің сіздің денсаулығыңызға қалай әсер етеді?
3.Білім алуымызға әлеуметтік желінің қандай көмегі бар?
4.Әлеуметтік желінің қандай зиянды жақтары бар?Неліктен?
5.Әлеуметтік желіні көп пайдалануға бола ма?
6.Әлеуметтік желіні пайдаланудың тиімді жақтары неде?
7.Әлеуметтік желі өмірімізге керек пе?
8.Сіздердің әлеуметтік желіні көп қолдаңасыздар ма?



Оқушылар бейнебанды көріп, бейнебаянды талқылау үшін сұрақтарға жауап береді.



Дескриптор:
-бейнебаянды қарайды;
-сұрақтарға жауап береді.




1-тапсырма. Топтық жұмыс.
Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөліну.
Мұғалім бірнеше геометриялық фигураларды араластырып оқушыларға таратып береді.(неше топқа бөлсеңіз сонша геометриялық фигураларды бірнешеуден аласыз) Бірдей фигураларды алған оқушылар топтасады.
Постер қорғау
І топ. Әлеуметтік желінің пайдасы.
ІІ топ. Әлеуметтік желінің зияны.

Оқушылар топқа бөлінеді. Бірінші топ әлеуметтік желінің пайдасы туралы постер жасайды, екінші топ әлеуметтік желінің зияны туралы постер жасайды.

Дескриптор:
-топқа бөлінеді
-постер жасайды, қорғайды




Қайталау


Шылау  толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздер. Мысалы, үшін, жуық, бірақ, мен, да, әрі, сайын, таман, шақты, бірге, туралы, секілді, т.б.
Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылықтары:
1. Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды;
2. Шылау сөйлем мүшесі бола алмайды;
3. Шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады;
4. Шылау толық мағыналы сөздің жетегінде қолданылып, оған қосымша мән үстейді;
5. Шылаулар түрленбейді, яғни көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді, жіктелмейді. Шылау сөздер білдіретін мәніне қарай үшке бөлінеді:
1) септеулік шылау;
2) жалғаулық шылау;
3) демеулік шылау.




Оқушылар шылау ережесін қайталайды.

.



2-тапсырма. Шылауларды мағыналық түрлеріне қарай сәйкестендір.

Септеулік шылау




мен,бен,пен,да,де,та,те

Демеулік шылау




арқылы, жайында,дейін, соң, бе
рі

Жалғаулық шылау




ма,ме,ба,бе,ше,-ақ,-ау



Оқушылар шылауларды мағыналық түрлеріне қарай сәйкестендіреді.

- шылауларды мағыналық түрлеріне қарай сәйкестендіреді.





5 – тапсырма. Қажетті жалғаулық шылаулардың бірін қойып жазыңыз.
Әсет ... Алия азық-түлік дүкеніне барды. Олар дүкеннен қант....май, шай....нан сатып алды. Олар бүгін стадионға, киноға барады,.... сабақ оқиды. Арман жақсы бала,....сабақ оқуға жалқаулау. Олар спортпен... сурет салумен шұғылданады.



Оқушылар қажетті жалғаулық шылауларды қойып, мәтінді көшіріп жазады.

-қажетті шылауларды қояды
-мәтінді көшіреді
















Сабақтың соңы
7 минут

Кері байланыс
«Смайликтер әдісі»



Оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру үшін смайликтер салады.






Смайликтер

Үй тапсырмасы
Тест тапсырмасы(Карточкалар)
1. Белгілі бір септік жалғаулы сөздермен тіркесіп келетін сөздер
А) жалғаулық шылаулар
В) септеулік шылаулар
С) етістіктер
Д) демеулік шылаулар
2. Сөйлемде толық лексикалық мағынасы жоқ сөздер
А) шылау сөздер
В) анықтауыштар
С) көсемшелер
Д) үстеулер
3. бірақ, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен шылаудың қай түріне жатады
А) демеулік
В) септеулік
С) жалғаулық
Д) жіктік
4. Жазда ауылға не мен барамын, не ағам барады. Бұл сөйлемде жалғаулық шылаудың қай түрі бар .
А) Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар
В) Талғаулықты қатынасты жалғаулықтар
С) Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар
Д) Шарттық қатынасты жалғаулықтар



Оқушылар үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады.




Карточкалар

Пән мұғалімі-Ысқақова. А.О Әдіскер- Искакова.Ж.Ж




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет