БӨЛІМ: Салт- дәстүр және ауыз әдебиеті
|
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Салт- дәстүр
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Сафина Лиза Куантаевна
|
Класс:
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны:
|
Осы сабақты меңгертуге қол жеткізетін оқыту мақсаттары
|
1.1.1.2 Таныс дыбыстар мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау
1.1.2.1 Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау
1.1.2.2 Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және қазақ халық аспаптарында ойнау.
1.3.1.1 Өз шығармашылық жұмыстарын көрсете білу.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
Өз репертуарын кеңейтуді жалғастырады.
Оқушылар ұлттық музыканы, бейнелеу өнерін және олардың тарихпен байланыстарын зерделейді.
Балалардың ойы мен сезімін зерттеуге шабыттандыратын қазақ халқының музыкасын тыңдайды, орындайды, қарапайым импровизациялар шығарады.
Бұл бөлімде оқушылар дәстүрлі қазақ ертегілерінен үзінділерді көреді, дәстүрлі халық әндерін үйренеді.
|
Оқушылардың көпшілігі:
Басқа бөлімдердегідей оқып-үйренуде динамикалық карталарды пайдаланады.
Музыкадағы динамикалық реңктерді тани білуге қатысты музыкалық- ырғақтық дағдылары мен іскерліктерін дамытуды жалғастырады.
|
Кейбір оқушылар:
Ұлттық би қимылдарымен танысады.
Әнге қимылдар салады, сурет арқылы музыканы бейнелеуді үйренеді
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушыларды пікірталас диалогтарға қатыстыру (мәселен, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау, білімді ғана көрсететін сұрақтарды қоймау; оқушыларды өз білімдерін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ оқушылар диалогке қатыса алуы үшін қажет лексикалық қормен қамтамасыз ету)
Оқушыларға оқуға деген ынтасын қалыптастыру.
Пән лексикасы мен терминолоиясы:
Қазақтың музыкалық аспаптары
Мұны мынадай... жолмен жақсартуға болады .
Мен көріністі ... жолымен жақсартар едім.
Диалог\жазу үшін қажетті сөз тіркестері:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Салт-дәстүр туралы не айтасың?
«Бесік жыры» қандай ән?
Қандай бөліктерін жақсартуға болады?
Неліктен ... екенін айта аласың ба?
|
Алдыңғы сабақтарда алған білім
|
Оқушылар алдыңғы сабақтардан әңгімелер мен ертегілерден қысқа үзінді үшін музыкалық сүйемелдеу құруды, музыкалық аспаптарды қолдана отырып қоршаған ортаның әртүрлі дыбыстарын бере алуды, дыбыс динамикасын дұрыс анықтауды, өзінің және өзгелердің жұмысы туралы ойын білдіруді үйренді.
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басталуы
0-5 минут
|
(МК,Т)Оқушылармен үш тілд амандасу:
Сәлеметсіңдер ме , балалар! – Здравствуйте, дети! – Hello, children!
Ынталандыру сәті:
Өлең айттып күй тыңдап,
Өнермен өссін санамыз.
Оқу оқып, сусындап,
Білімнен бақыт табамыз.
(ОТ;Т) Аудиожазбадан берілген «Қара жорға» әніне би билетуден бастаңыз.
|
Аудиожазба
«Қара жорға»
(қазақтың халық әні)
|
Сабақтың ортасы
7-11
12-14
15-20
21-35
|
(Ұ,Қ) Оқушыларды қазақ халқының жекелеген би қимылдарымен таныстырыңыз. Оқушыларға әнді
«суреттеуді» ұсыныңыз.
Салт-дәстүр туралы оқулықтан оқып, талдау жасаңыз.
-Жұлдызшамен бірге қазақ ауылына «Бесік тойына» барайық.
Балалардың қызығушылығын арттырып, белсенділігін ашыңыз. Оқулықтағы түрлі-түсті сурет бойынша оқушылар әңгімесін ұйымдастыру.
(Ұ) Үштілділік: Бесік жыры-колыбельная-lullabу-қазақша, орысша, ағылшынша айтып үйрену.
(МК,Қ) Музыка тыңдау: «Бір бала» (қазақтың халық әні)- жұмсақ, сазды, асықпай орындалады.
Бала дүниеге келген кезде адамдар қуанып, бір-бірінен сүйінші сұрайды.
Оқушылар өздері көрген бала дүниеге келген кездегі қуаныш адамдардың көңіл күйі, бесікке салу дәстүрі туралы әңгімелейді.
Сүйінші, шілдехана туралы мәлімет береді.
(МК;Ұ) Ән үйрену: «Бесік жыры» (қазақтың халық әні)
- Ән қай кезде айтылады, оны форте орындауға бола ма?
-Неліктен деп ойлайсың?
Сұрақ-жауап түрінде әңгіме өткізу.Ән ырғағын бесік тербетіп отырған қол қимылымен көрсетіп, орындатыңыз. «Бір бала» мен «Бесік жыры» әндерін салыстыра отырып әндердің мағынасын,мазмұнын, ырғағын, дыбыстық ұйлесімін анықтап, түсіндіріңіз.
(Ж) «Бесік жыры» әнін оқулықтағы сурет бойынша Сurven қолдың жүйелік белгілерімен көрсетіп үйрену.
«Бесік жырының» ырғағын кішкентай қоңырау аспабымен сүйемелдеп орындатыңыз.
(Ұ,МК,Қ) Дәстүрлі қазақ ертегісін оқу. Оқушыларға музыкалық аспаптарды пайдаланып ертегіге музыкалық сүйемелдеу қосуын тапсырыңыз.
|
Мұғалім таңдап алған салт-дәстүр туралы танымдық әңгіме
Ырғақ жазылған карталар. «Бір бала» (қазақтың халық әні)
«Бесік жыры» (қазақтың халық әні)
Сurven қолдың жүйелік белгілерінің кестесі
Ертегілер кітабы
|
Сабақтың соңы
35-45
|
( Ө,Ж, Қ) Сабақты қорытындылау үшін жеңіл, ырғақты сөздерді (фразаларды) таңдап алу,қол шапалақтау немесе ырғақты түрде тарсылдату жіне оқушыларға осыған сәйкес ырғақ жазылған карталардытабуын тапсыру. «Бесік жыры» әнінің ырғағын қол шапалақтаумен көрсетіп, оқушылардың қызығушылығынбелсенділігін арттыру
(Ырғақ жазылған карталарды да қолдануға болады)
Әнді қайталап орындау
|
Аудиожазба
Ырғақтар жазылған карталар
|
Қосымша ақпарат
|
Дифференциация – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Неғырлым қабілетті оқушылардың алдыеа қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды игері деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік
АКТ –мен байланыстар. Құндылықтармен байланыстар
(тәрбиелік элемент)
|
Шығармашылық міндеттегі нәтижелерді дифференциациялау.
Оқушы жүргізуші бола алады.
Қорытынды міндеттегі неғұрлым күрделі ырғақтар.
|
Бақылау, тыңдау, ойлануға берілген сұрақтар:
-Ән әуені мен мазмұны музыкалық бейнені аша алды ма?
-Ән әуеніндегі дыбыс бояуын сезініп, орындай алды ма?
-Музыканы тыңдап, талдай ала ма?
-тілді меңгеруде қандай өзгерістер байқалды?
|
«Дүниетану мен Көркем еңбек» пәндерімен байланыс.
Салт-дәстүр туралы танымын кеңейту.
Қызығушылығын арттырып, туған жердің табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Достарының пікірлерін құрметтеу, топ мүшелерінің іс-әрекетін бақылауға дағдыландыру.
|
Рефлексия
Сабақтың оқу мақсаттары шынайы болды ма?
Оқушылар бүгін нені үйренді?
Сабақтағы көңіл күй қандай болды?
Менің дифференциациялық әдісім дұрыс жұмыс істеді ме?
Сабақтың барлық кезеңдерін берілген уақытта жүргіздім бе?
Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгізуді қалар едім?
|
|
Қорытынды баға
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті?(сабақ беру, үйрету туралы ойланыңыз?)
1.
2.
Қандай екі нарсе сабақты жақсартатын еді( сабақ беру туралы сондай-ақ үйрету туралы ойланыңыз?
1.
2.
Мен сабақ барысында сынып және жекеленген оқушылар туралы келесі сабаққа дайындалуыма көмектесетін қандай деректерді білдім?
1.
2.
|