Сабақ жоспары Бөлім: Сауда жасай білесің бе?



Дата17.10.2019
өлшемі169,42 Kb.
#50171
Байланысты:
Базарға барамын

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: Сауда жасай білесің бе?

Мектеп: №25 ЖББОМ

Күні: 02.10.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Нурмуханова М.Е.

Сынып: 8 Б,В.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Базарға барамын.


Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)

8.2.2.1 Түрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене отырып, көңіл-күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу;

8.5.1.1-бөлшектік сан есімдердіжазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.



Сабақтың мақсаты

Түрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене отырып, көңіл-күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу.

Бағалау критерийі

  • Түрлі жанрдағы көркем мәтінмен жұмыс жасай алады;

  • Ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын біледі;

  • Бөлшекті сан есімдерді орынды қолдана біледі.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Таразы- весы

Азын- аулақ- немного

Жарамдылық –годность

Анда-санда- иногда

Ұрла- воруй

Тәуекел- риск, смелость.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Жеміс- жидектер, қымбат екен, арзандау, бағасы қанша, жарты килограм,



Құндылықтар

Құрмет, ынтымақстастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтыққа тәрбиелеу

Өмірмен байланыс

Қазіргі сауда әлемімен сабақтастыру

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих, экономика

Алдыңғы білім

Абай Құнанбайұлы «Базарға қарап тұрсам әркім барар».

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер


Дереккөздер


Сабақтың басы

3 минут




Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылықты ояту.

Мұғалім: Ондықтармен санап шығыңыздар!

Оқушылар: 10 20 30 40 50 60 70 80 90 100

Мұғалім: Енді кері қарай санап шығыңыздар

Оқушылар: 100 90 80 70 60 50 40 30 20 10


  • Қай пәнмен байланыс бар?

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

Суреттер


Сабақтың ортасы

35 мин



Мағынаны тану кезеңі.

Ой шақыру




  • Суреттерде не бейнеленген?

  • Суреттерді не біріктіреді?

Оқушылар сурет арқылы тақырыпты болжайды

Тыңдалым алды тапсырмасы

1- тапсырма. Жұптық жұмыс. Берілген тірек сөздер қандай тақырып аясында ой қозғауы мүмкін? Жұбыңызбен талқылаңыздар.Төмендегі тақырыптар бойынша диалог құрастырыңдар.

Тірек сөздер:

Базар, сауда, тауар, зат, бұйым, ақша, сом, теңге, баға, құны.



  • Сатушы және сатып алушы;

  • Екі сатып алушы;

  • Екі сатушы.

Дескриптор:

  • тірек сөздердің байланысын анықтайды;

  • жұпта 2 минут талқылайды;

  • Тақырып таңдап, диалог құрастыра алады.

«Мен үшін жаңа». Жаңа сөздермен жұмыс.

Таразы- весы

Азын- аулақ- немного

Жарамдылық –годность

Анда-санда- иногда

Ұрла- воруй

Тәуекел- риск, смелость.

Дескриптор:

  • Жаңа сөздердің аудармасын таба алады;

  • Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыра алады;

  • Жаңа сөздермен сөйлем құрастыра алады.

2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

Мәтінге дейін жұмыс. «Дөңгелек үстел» әдісі . Оқушылар бір топқа жиналады. Топқа 1 парақ беріледі. Топ оқушысының бірі сол параққа осы тақырып бойынша 1 сөйлем жазады. Екіншісі оның жазған ойын әрі қарай жалғастырып, екінші сөйлемді жазады. Соңында тақырып жайлы мәтін шығады. Бір оқушы мәтінді оқиды, сынып болып талдайды.

Тапсырма орындауда алған әсерін қандай?

- толық түсіндім.

- сұрақтарым бар.

- түсінбедім.

Мәтінмен жұмыс. Мәтінді рөлге бөліп оқыңыз. Мәтіндегі сандардың орнына бөлшектік сан есімдерді қойып айтыңыз.

Дескриптор:

  • Мәтінді рөлге бөліп оқи алады;

  • Мәтіннен сан есімдерді ажырата алады;

  • Бөлшектік сан есімдерді орынды қолдана алады.

ҚБ. смайлик арқылы.

Мәтіннен кейінгі жұмыс. Ширату: Диалогтік оқытуға байланысты тапсырма. Оқушылар орындықтарын бір –біріне жақын қарама- қарсы отырады.Сосын бүгінгі тақырыпқа байланысты бір-біріне сұрақ қояды. Бірінші оң жақ қанат, сол жақ қанаттағы оқушыларға қойсын . Мұғалім жай ғана тыңдап тұрады. (1 минут) Содан соң керісінше сол жақ қанат, оң жақ қанаттағы оқушыларға қойсын. (Бұған оқушылар өте белсене араласады және есінде қалады).

Қорытынды кезеңі

3-тапсырма

Жеке жұмыс. «Математикалық экономика» берілген ақшаны қалай жұмсар едіңіз? Жағдаятты ұтымды шешіңіз.

Берілді: 2000 теңге

Сатып алынатын зат: картоп, қызанақ, қияр, қаймақ, айран, сүт, қырыққабат

Сауда орны: базар

Дескриптор:

  • берілген сөздерді қолданды;

  • ойын жүйелі жеткізді;

  • математикалық қабілетін көрсете білді

Кері байланыс

Қай тапсырма Сіз үшін қызықты болды?

Қай тапсырма Сіз үшін қиын болды?

үлестірме материал

Оқулық

43 бет.


Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия Кері байланыс: «пайыз» әдісі .

Сынып бөлмесінің әр жеріне 100%, 75%, 50%, 25%, деген белгілер А4 параққа шығарылып ілінеді. Мұғалім: Оқушылар бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгендеріңізді осы проценттердің қасына барып тұру арқылы білдірсеңіздер. Оқушылар жүгіріп барып тұра қалады.



Үй тапсырмасы: 44 бет. 5-тапсырма.

А4

Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын?

Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау









Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма?

Барлық оқушылар ОМ жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме?

Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге?


Жалпы бағалау

Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:
2:
Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:
2:


Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет