"Ханарық жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінде физика пәнінен
7"В"-сыныбында өткізілетін ашық сабақ жоспары
Дайындаған физика пәні мұғалімі:
Корганбаева Дилназа
2016-2017 оқу жылы
22.11.2016 жыл
Тақырып: Күш.Динамометр. Деформация
Сабақ мақсаты:
1. Күш, күштің өлшем бірлігі, күшті өлшейтін құралдар, деформация туралы түсінік беру.
2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: ашық сабақ
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,
компьютер, кроссворд, динамометр.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Айналаға алақанмен
Жылықты шашайық
Сәттілік тілеп баршамызға
Сабақты біз бастайық
ІІ. Үйге тапсырманы тексеру
12-жаттығу № 6
Бөлменің ұзындығы 4м, ені 2,5м, биіктігі 2м. Сол бөлмедегі ауаның тығыздығы 1,3 кг/м3 болса, бөлмені толтырып тұрған ауаның массасы қанша?
Бер: Шешілуі:
а=4 м V = a*b*c
в=2.5 м V= 4*2.5*2= 20 м3
с=2 м m= ρ *V
ρ=1.3кг/ м3 m= 1.3*20= 26 кг
m-? Жауап: m = 26 кг
Серпілмелі сұрақ-жауап ойыны
(Оқушылар сұрақтарын параққа жазып, бір-бірлеріне лақтырады)
Мозайка арқылы жаңа тақырыпты және топ атауларын келтіріп шығару.
ІІІ. Жаңа тақырып:
Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.
Күшті F әрпімен белгілейді. ХБ жүйесінде күш бірлігі ньютон (Н) деп аталған.
Күшті өлшейтін аспап –динамометр.
Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация деп атайды.
Деформация түрлері: пластикалық және серпімді.
Достарыңызбен бөлісу: |