Шамуратова Жемис Ибрагимовна
Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің
география пәнінің мұғалімі
Географиялық карталар 6-сынып (сабақ жоспары)
Көлдер 6-сынып (сабақ жоспары)
«Географиялық мейрамхана» 8-сынып (интеллектуалды ойын)
Тақырыбы: Географиялық карталар 6-сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға географиялық карталар, түрлері, қасиеттері, заңдылықтары жөнінде түсіндіру.
Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
1. Глобус деген не?
2. Меридиан.
3. Паралелл.
4. Меридианның 10 доғасының ұзындығы.
5. Мектепте қолданылатын глобус масштабтары.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Тірек-сызбамен жұмыс.
Тірек-сызба арқылы карталардың мазмұнына қарай бөлінуін түсіндіру.
3. Топтастыру.
Топтастыру арқылы карталардың мазмұнына қарай жіктелуі түсіндіріледі.
4. Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы картадағы түстерді түсіндіру.
Жер бедерінің бейнеленуі
|
Жер бедері қат-қабат бояулармен көрсетіледі.
|
Жер беті суларының бейнеленуі
|
Көгілдір немесе көк түспен бейнеленеді.
|
Елді мекендердің бейнеленуі
|
Елді мекендердің алып жатқан орнына дөңгелек қойылады.
|
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі
Білгенім
|
Үйренгенім
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: Географиялық карталар.
Сабақтың тақырыбы: Көлдер 6-сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Ағынды және ағынсыз көлдер, көлдің батпаққа айналуы, көлдердің шаруашылық маңызы және Каспий – дүние жүзіндегі ең ірі көл туралы түсінік беріп, оны меңгерту, білімдерін арттыру.
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілеттерін ізденістерін, танымдық қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік : Суды қорғауға және қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карта, тірек-сызбалар,
сөзжұмбақтар, үлестерме, тест.
Сабақтың түрі: Ізденіс, зерттеу сабағы.
Әдістері: сұрақ-жауап, ой-қозғау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Өзен қандай түрге бөлінеді?
жазықтық өзен тау өзен
бастауы саласы қосылатын өзендер
сағасы
Есіл өзені – Ертістің сол жақ саласы.
Өзеннің құяр жері оның сағасы деп аталады.
Үй тапсырмасын қорытындылауға арналған сөзжұмбақ.
Өткен материалды тиянақтай отырып, жаңа материалды меңгерту.
Сөзжұмбақ: «Өзендер»
Жер бетіндегі суға толы ойыстарды не деп атаймыз?
Тектоникалық көлдердің бірін ата. Алтайдағы.
Жазық жермен ағатын өзеннің бірі?
Жер шарындағы ең биік сарқыраманы ата?
Көшпелі қазақ халқы қандай ірі өзендердің бойын жайлаған?
Біздің елімізде су электр станциялары жұмыс істейтін өзеннің бірін ата.
120 м биіктіктен құлап ағатын сарқыраманы ата.
2-сұрақ. Жазық жерлермен ағатын өзендерге қандай өзендер жатады?
Достарыңызбен бөлісу: |