Сабақ жоспары «Географиялық мейрамхана»



бет2/2
Дата06.07.2018
өлшемі144,36 Kb.
#47919
түріСабақ
1   2

Іле

Сырдария

Жайық

Есіл

Нұра

3-сұрақ. Шоңғалдар мен сарқырамалар

Жер шарындағы ең биік сарқырама Анхель

ІІ-ші биік сарқырама Виктория

Дүние жүзіндегі ірі сарқырама Игуасу



4-сұрақ Адамның шаруашылық әркеті үшін өзендердің маңызы қандай?
Сергіту сәті:

«Адасқан объектілер» ойыны.


Су қабығы




Атмосфера







Жердің өзегі




Гидросфера







Ауа қабығы




Ядро

Биосфера

Мантия

Шапан

Сыртқы құрылысы тіршілік қабығы


Жаңа сабақ:

Көлдер.

1. Көл дегеніміз не?

Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды.

Қазақстан көлдерінің ең ірілері: Каспий, Арал және Балқаш.



Балқаш көлінің көріністері.
Бұл көл қазаншұңқырларының пайда болуына қарай түрлері болып табылады.

Көл
тектоникалық бөген жанартаулар қалдық
Байкал Памирдегі Куриль арал Каспий

Ыстық көл Сарез көлі Камяатка Арал

Зайсан түбегінде бар


Шіріген өсімдік қалдықтары көлдің түбіне жиылып, соның салдарынан көл тайыздай береді. Нәтижесінде көлдің орнында батпақ пайда болады.



Көлдердің_шаруашылыққа_маңызы'>Көлдердің шаруашылыққа маңызы:
Көлдердің шаруашылыққа Көлдер әртүрлі өсімдіктерге бай

пайдасы үлкен
Тұз өндіріледі Көлдердің Кеме қатынасы Каспий

маңызы


Ең бірінші байлығы тұщы су Мал суғаруға, егін егуге

Бекіту сұрақтарына «Көлдер» жұмбақ шешу.

  1. Дүние жүзіндегі ең ірі көл?

  2. Ағынды суды не деп атаймыз?

  3. Қазақстанда көлемі жөнінен ІІІ-орынды қай көл алады?

  4. Ресейдегі қай көлде кеме қатынасы үзілмейді?

  5. Каспий көлі қай мемлекетпен байланысып тұрады?

  6. Тұз өндіргіштік көл?


Каспий теңізі бейнекөріністі тамашалаймыз.


Қорытындылау: Кім картаны жақсы біледі?
Географиялық сергіту: «Ең...ең...ең...»

  1. Ең үлкен арал – Греландия.

  2. Ең үлкен түбек – Арабия.

  3. Ең кіші материк – Аустралия.

  4. Ең ұзын тау – Анд.

  5. Ең үлкен материк – Еуразия.

  6. Ең халқы көп мемлекет – Қытай.

  7. Ең терең шұңғыма – Марина.

  8. Ең биік сарқырама – Анхель.

  9. Ең үлкен көл – Каспий.

  10. Ең терең көл – Байкал.

  11. Ең кіші мұхит – Солтүстік мұзды Мұхит.

  12. Ең суы мол өзен – Амазонка.

  13. Ең биік тау – Гималай.

  14. Ең үлкен шөл – Сахара.

  15. Ең тұзды теңіз – Қызыл теңіз.

  16. Ең суық материк – Антарктида.

  17. Ең үлкен ел – Рсей Федерациясы.

  18. Ең лас мұхит – Үнді.

  19. Ең ірі су жануары – кит.

  20. Ең ұзын өзен – Ніл.


Бағалау.

Үйге тапсырма: Көлдер. Атласқа көлдерді түсіру

«Географиялық мейрамхана» интеллектуалды ойын 8-сынып

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік мақсаты:  Оқушылардың білімдерін жүйелеу. 

2) Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін, білім дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдылығын қалыптастыру. 

3) Тәрбиелік мақсаты: Еңбекке, өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа ұқыптылыққа және дәлдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген сынып бөлмесі, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстелдер, слайдтар.
Сабақтың типі: топтық сайыс сағаты

Жоспары:

І.Топтың өзін таныстыру, амандасу рәсімі;

ІІ.Кешті өткізуге бағыттама және оның мақсаты (ойының түрі, ережесі т.б. хабарландыру).

а)Кешке8 ә сынып оқушылары қатысады.

1-үстел (қонақтар саны 6)

2-үстел (қонақтар саны 6)

б)Кештің шартымен таныстыру.

Кештің барысында:

1.Толық жауапқа 5 ұпай

2.Толық емес жауапқа 3 ұпай

3.Қате жауапқа 0 ұпай

ІІІ.Кеш барысы.

«География» мейрамханасының ашылуына келген қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Мейрамханамызға қош келдіңіздер.

Армысыздар ма, ұстаздар мен оқушылар,

Бармысыздар, жанкүйер әз қауымдас.

Бүгінгі кеште біз бастайық,

Сайыста көңілменен қол соғайық.
Бүгінгі ойын төрінде

Есеп шешіп жарысып

Жұмбақ шешіп аңдысып

Шабыттасып шалқысып

Көңілді ойын жасайық

Жұмбақ шеруен шашайық

Мұнда қызық табылар

Жұмбақ есеп бәрі бар

Біреуінің жүрегінің түгі бар

Біреуінің қоғамдық арқалап жүрген жүгі бар

Біреуінің күмбірлеген күйі бар

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.

(Бүгінгі кештің қонақтарын ортаға шақырамыз. Даяшы қонақтарды отырғызады. )

Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны бізде қоштаймыз,

Кешіккенді тоспаймыз.

География жайында

Сайысты біз бастауға,

Әділ – қазы сайлаймыз.

Әділ қазылар алқасы
Әділқазылар алқасы сайланады
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені білімді, тапқыр алар.

Кім білімді, кім тапқыр – шешу қиын

Қазыларалқасыболмасанықсыналар.

Топ алдында шыққан басын иіп,

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Білімдерін паш етер оқушыларымыз

Сәті келіп қалғандай танысатын. (Әр топ өздерін таныстырады)



Ұраны: Жарыс десе жанамыз,Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.
Сәлемдесуі: 
Достарым ерігіп жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Жеңіспен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық.

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі: 
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!
IV.Кеш барысы.

Тағы да мейрамханамызға қош келдіңіздер дей отыра даяшы мейрамхананың бүгінгі күннің ас мәзірін сіздерге ұсынады. Ас мәзірі сіздердің қөңілдеріңізден шығады деген ойдамыз. Бүгінгі кешті жақсы өткізеді деген сенімдеміз.


Бүгінгі ас мәзірі.

1.Сұрақтармен әшекейленген қуырдақ.

Бірінші топқа қойылатын сұрақтар:

1. Шетелге шығарылатын тауар (экспорт)


2. Африканың 60 пайызын алып жатыр (жазық)
3. Қаратопырақ Қазақстанның қай бөліктерінде? (солтүстігінде)
4. Іле Алатауының етегінде орналасқан Қазақстанның қаласы (Алматы)
5. Жер шарындағы материктер саны (6)
6. Кенді Алтайдың пайдалы қазбалары (полиметалл)
7. Солтүстік Мұзды мұхит алабының өзендері (Ертіс, Есіл, Тобыл)
8. Қазақстанның көне қалалары (Отырар, Тараз, сығанақ, Түркістан)
9. Жер шарының су қабығы қалай аталады? (Гидросфера)

10.Дүниежүзілік мұхиттың жалпы аумағы? (361 млн км 2)

11.Ең үлкен, ең терең мұхит. (Тынық)

12. Сібірдің оңтүстігіндегі ең биік таулы өлке? (Алтай)

13. Су астында болатын жер сілкіну мен жанартау атқылауынан

болатын толқындар. (Цунами)

14. Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты неше мың өзен бар? (85)

15. Шөл зонасының жалпы көлемі? (120 млн га)


Екінші топқа қойылатын сұрақтар:

1.Жер шарындағы ең үлкен көл? (Каспий)


2.Қазақстан тәуелсіздігін 1-ші болып таныған мемлекет.(Түркия)
3.Батыс Қазақстан экономикалық ауданның ең ежелгі қаласы. (Орал).
4.Шапшаң нейтронды жұмыс істейтін атом электр станциясы қай облыста
орналасқан? (Ақтауда).
5.Республикамыздағы мұнай өңдейтін зауыттар (Атырау, Шымкент, Павлодар).
6.Қ.Иассауи кесенесі қай жерде (Түркістанда).
7.Дүние жүзіндегі көп ұлтты мемлекет (Үндістан, Қазақстан, Ресей).
8.Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым-географ (Ш.Уалиханов).
9.Қазақстанның миллионер қаласын ата. (Алматы).
10.Еліміз неше сағаттық белдеуде орналасқан? (4,5).
11.Мекке, Медина кесенесі қайда орналасқан? (Сауд Арабиясында).

12.Қазақстанда неше марганец кен орны бар? (11)

13.Қазақстан өзендерінің негізгі су көздерінің бірі (мұздықтар)

14. Дала зонасы Қазақстанның қанша аумағын алып жатыр? (77 млн га)

15.Жайықтың жағасынан Алтай тауына дейін неше км? (2900 км)

2. Әр елден әзірленген винегрет салаты.

Топтар тудың қай мемлекетке тиесілі екендігін тауып, астанасымен бірге атаса, толық ұпайға ие болады.

Ойын толқын жатқандай асып тасып

Біреу мығым, біреулер шалыс басып

Бұл ойынан өтеді ғұлама ойлар

Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып дей келе келесі бөлімді

3.Ғалымдар үлес қосқан қияр салаты. (География ғалымдар) деп атадық.

1-үстел.


География. 1492ж Испания жерін зерттеп, Атлант мұхиттарын зерттеген. Орталық Америка аралдарына барған. Одан кейін де 3 рет саяхатқа шығып, бірнеше аралдарды Оңтүстік Америка материгінің жағалауын ашқан. Х.Калумб
География. 870 ж Отырар қаласында туған. Египет, Сирия, Ирак елдерінде болып, Ұлы ғалым дәрежесіне жеткен. «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдар тізбегі» атты еңбектері бар. Әл-Фараби

2-үстел.

 География. Экспедициясы география ғылымына теңдесі жоқ жаңалық қосқан. Ұлы географиялық ашулардың тұтас бір кезеңін дүние жүзін айналу саяхатын құрған. 1519-1522ж Испаниядан шыққан экспидициясы тұңғыш рет дүние жүзін айналып өткен. Ф.Магеллан



География. Қазақтың тұңғыш географ-ғалымы. Орта Азия мен Орталық Азияны зерттеуге үлес қосқан. Сарыарқаға, Жетісуға, Ыстықкөл төңірегіне саяхат жасаған. Ш.Уалиханов
Келесі кезекті кешіміздің арнайы қонағы әнші қыздарыңыз Қымбаттың әсем әніне берейік. Бәріңізді ортаға биге шақырамыз.

Айналайын алға ұмтылған дарындар!

Айналайын жеңіс құшқан қырандар,

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.
4.Ғажайып десерт. (Жұмбақтар).

1 топ

Қонақтап күнде қонар су бетіне, 


Сүйсінер барлық адам келбетіне. 
Тұлғасы су ішінде көрінеді, 
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (Ай)
Тұрғыны жоқ елдер,

Үйі жоқ қалалар

Ағашы жоқ ормандар,

Суы жоқ теңіздер. (карта)


Сатайын десем ауыр кілем


Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)
Сырылдатады шәйнегін,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады, бірақ сүртпейді.   (Жаңбыр)
2 топ
Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді,ұшып өлмейді. (Бұлт)
Қараңғыда жымыңдайды,жанады,
Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)
Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел)
Арыстан арқырады,
Орман жарқырады. (Найзағай)
Қуып едім-мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім-қолға тұрмады. (Боран)


5. Компьютер балмұздағы.

Қимыл қозғалыспен Роботтың іс-қимылын көрсету керек.

1-үстел. Мейрамхананың терезесін жуып жатыр.

2-үстел. Мейрамхананың асын әзірлеу.

4-үстел. Мейрамхананың үстел үстін жинау.

5-үстел. Мейрамхананың ішін жинау.


6. «Физика» мейрамханасының ашылуына келген қадірлі қонақтар сіздердің құрметтеріңізге орай мейрамхананың арнайы дайындалған сыйы бар, соны қабыл алыңыздар.

Мейрамхананың тартуы «Торт». 
(Қонақтарға дәмді торт ұсынылады).

Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады

Кеш қызығын талай адам тыңдады

Тәрбиелер тәлімі мол, әсерлі

Болса егер көңілді жақын тыңдады

Бүгінгі кеш қызықты кеш

Көрермендер халайық

Ой-түйсікті қозғап небір

Биге назар салайық

(Әділ қазылар алқасы қорытынды ұпай шығарып болғанша биші қыздарымыздың әсем биіне кезек берейік)

7.Қорытынды.

Жеңімпаздарды марапаттау



Олар жайлы төреші,
Көрермендер өздерің.
Ақ – қарасын айырып, 
Куә болды көздерің.
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендеріңізге көп рахмет!
Шын сезінген көрерменге.

Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

Барлықтарыңызды соңғы көңілді әсем биге шақырамыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет