Сабақ жоспары Геометрия 8-сынып



Дата22.08.2017
өлшемі115,74 Kb.
#24233

Шымкент қаласы 39 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебінің математика

пәні мұғалімі Айткасимова Айгүлдің қысқа мерзімді сабақ жоспары

Геометрия 8-сынып

Тақырыбы 1

7 сынып геометрия курсын қайталау

Мақсаты

Геометрияның негізгі ұғымдарын еске түсіріп,тереңірек дамыту. Геометрияның өмірдегі маңызын ұғындыру.

Күтілетін нәтиже

Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады,ұйымшылдыққа, бір-біріне сенімділікпен қарауға үйренеді.Геометрияның негізгі ұғымдарын еске түсіреді.

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топтық жұмыс, «Миға шабуыл», «Кім жылдам», «Өмірлік жағдаятты талдау»

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук,интерактивті тақта.

Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг


3 мин


Шаттық шеңберін жасай отырып оқушылармен «бір тілек» тренингін өткізу.Оқушыларды санау арқылы топқа бөлу

Оқушылар қолдарындағы шарды бір-біріне ұзату арқылы бір-бір тілектен айтып шығады.Сосын топқа бөлінеді.

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім

5 мин


Қызығушылық

тарын ояту

7 мин


«Миға шабуыл» әдісі
Таныстырылым

Оқушыларға геометрияны оқу не үшін қажет екендігін негіздейтін 10 себеп айтқызу.

Слайдтарды интерактивті тақтада көрсету.



Әр топ сұраққа жауап береді

Түсіну

5 мин


«Кім жылдам» әдісі

арқылы топпен жұмыс жасау

Слайдтағы көрсетілген мағлұматтар бойынша оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру, сол арқылы топпен жарыс ұйымдастыру

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу

Топпен жұмыс жасау



Қолдану

10 мин


Топпен деңгейлік тапсырмалар орындау

Практикалық жұмыстарды орындайды.

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту.


Талдау,жинақтау

8 мин


«Өмірлік ахуалды талдау» әдісі арқылы тақырыпты сабақты жинақтау

Оқушыларға геометрияны қай жерде қолдануға болатыны туралы мысал келтіру тапсырмасы беріледі.

Геометрияның тұрмыстық қолданысына мысалдар келтіріп жинақтайды.

Бағалау

1 мин


«Бағдаршам» әдісі бойынша топпен бағалайды.

Бағдаршам әдісі бойынша оқушылар топтық өзара бағалау жүргізеді.

Топпен өзара бағалайды

Рефлексия

5 мин


Стикерлерді толтыру Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)


Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру

Үйге тапсырма

1 мин


7-сынып геометрия курсын қайталау.

Геометрияның дамуына үлес қосқан грек ғалымдарының өмірі мен қызметтерііне рефераттар дайындау.






Слайдтар:

1-слайд Геометрияның негізгі ұғымдары




2-слайд

  • Геометрия-заттардың формасын, өлшемін және де өзара ара-қатынастарын зерттейтін ғылым саласы.






3-слайд

  • Геометрия ғылымы ғасырлар бойы жаңа теоремалар мен формулалар ашылуы арқылы дамып, толықтырылып отырған. Ғылымның дамуында ерекше рөл атқарған ғалымдар:







4-слайд Геометрияның қолданысы

  • Өмірге байланысы бар есептер;

  • Қоршаған ортаны тану;

  • Логикалық ойлау қабілетін дамыту

  • Көптеген маңызды мамандықтардың негізі

( Архитектор, құрылыс инженері, скульптор т.б.)




5-слайд Геометрияның салалары






6-слайд Планиметрия

  • Планиметрияда бір жазықтық бойында жататын, көлемсіз геометриялық фигуралар зерттеледі. Оларға: нүкте, кесінді, сәуле, үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер және т,б фигуралар жатады.






7-слайд Стереометрия

Стереометрияда белгілі бір көлемі бар геометриялық фигуралар зерттеледі. Оларға: Пирамида, конус, шар, цилиндр және т. б. Фигуралар жатады.






8-слайд Анықтама

  • Жаңа ұғымдардың мағынасын бұрыннан белгілі ұғымдар арқылы түсіндіретін сөйлемді анықтама деп атаймыз.

  • Төртбұрышты анықтау үшін нүкте, кесінді секілді бұрыннан белгілі ұғымдарды пайдаланамыз. Себебі төртбұрыш нүкте мен кесінділерден құралады.




9-слайд Негізгі ұғымдар

Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар негізгі ұғымдар деп аталады.



Негізгі ұғымдардан бұрын анықталған ұғымдар болмағандықтан, бұл ұғымдарға анықтама жоқ.






10-слайд Дәлелдеу

  • Берілген тұжырымдаманы ретімен талдау арқылы ақиқаттығына көз жеткізу оны дәлелдеу деп аталады.

11-слайд Аксиома

  • Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем аксиома деп аталады.













Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Планиметрия

Стереометрия







 Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. Геометрия дегеніміз не?

2. Геометрия ғылымының дамуына үлес қосқан ерте заман ғалымдарын ата.

3. Геометрия неше салаға бөлінеді және оларды ата?

4. Шар, кесінді, конус, цилиндр, сызық. Осы фигураларды геометрияның қай саласы зерттейтінін ата.

IІ деңгей тапсырмалары

5. Кез келген екі нүктені белгіле.

6. Екі нүкте арқылы түзу сыз;

7. Екі нүктенің ара қашықтығын өлшеп дәптерге жаз.



IIІ деңгей тапсырмалары

8. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады?






Өмірлік жағдаятты талдау




.

I топ


Планиметриялық фигуралар жөнінде өмірден мысалдар келтіріп, қолданылуы жайлы деректер беруі тиіс.

II топ


Стереометриялық фигуралар жөнінде өмірден мысалдар келтіріп, қолданылуы жайлы деректер келтіруі қажет.

III топ


Геометрияның құрылыс саласындағы маңызы туралы зерттеушілік әңгіме.

IV топ


Геометрияның ғылым ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалымдар туралы зерттеушілік әңгіме.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет