Қосымша бөлігі: Траверс және жерлендіру.
3. Өткізгіш сымдар және оның түрлері? (слайд)
Жауап: Әуе желілерінің сымдары – электр энергиясын ток көзінен тұтынушыларға тарату үшін арналған. Олар жоғары өткізгіштік, жоғары механикалық бекемділік кабілеттеріне ие болулары тиіс және ылғалдан химиялық заттардан қорғауға тиіс.
Сымдардың түрлері:
Материалына байланысты – алюминий, болат, мыс, кола және алюминийдің қортпалары.
Құрылымына байланысты – болат алюминий, сымның ортасында болат сымы бар, биметаллды, болат сымынан жасалған алюминийдің қабыршығымен қапталған.
Сымдардың әріппен белгіленулері – әріп сымның қандай материалынан жасалғанын білдіреді, ал саны сымның қимасын. Мысал: АС-70.