Қостанай облысы әкімділігі білім басқармасының
«Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК
Ә.Б отырысында Бекітемін
қаралды Директордың ӨОЖ
______________ орынбасары
«___» ____ 2015ж ______________
«___» ____ 2015ж
Ашық сабақ
Пән: Ауыл шаруашылын электрмен қамтамасыздандру
Тақырыбы «Кабельді желілері»
Арнайы пәндер мұғалімі: Исмагулов Е. Н.
Арқалық қаласы
2014 – 2015 оқу жылы.
Күні __________ топ __________
Сабақ жоспары
І Сабақ мақсаты:
1. Біліктілік мақсаты: Кабель желілерін түсіндіру барысында,сабақты толықтай меңгеру дәрежесін тексеру.
2.Дамытушылық мақсаты: Сабақты түсіндіру барысында оқушылардың өзіндік ойлау,қорытынды жасау қабілетін жетілдіру.
3.Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, өтілген материалға деген қызығушылығын, өз мамандықтарына деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы
Өткізу әдісі: Мәтінмен жұмыс, топтық жұмыс, венн диаграмасы.
Көрнекті құралдар: Плакаттар, слайдтар, электронды кітап, үлестірме материалдар, сабақты қортындылауға арналған тест сұрақтары.
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Жәнібеков Ж., Дурманов Б., Тобжанова Б. «Электромонтер» Оқулық/Астана: Фолиант 2010. – 408 бет.
2. Прищеп Л.Г «Учебник сельского электрика» Москва – 1985.
3. Ө. Өтешов, С.А. Кешуов «Электртехникалық жабдықтар »
ІІ Сабақ құрылымы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқу кабинетімен оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.Оқушыларды түгендеу.
М.: Сәлеметсіздерме, отырыңыздар. Бүгінгі ашық сабақтың тақырыбы «Кабель желілері» Сабақты бастамас бұрын кешегі үй тапсырмасын қайталап өтейік
2.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Әуе желілері дегеніміз не?
Жауап: Электр энергиясын сымдар бойымен беріп тарататын әр түрлі тірек құралымдарында ашық ауада орнатылған құрылғы – электрлі әуе желілері деп аталады.
2. Әуе желілерінің негізгі бөліктерін ата? (слайд)
Жауап: Өткізгіш сымдар, оқшаулағыш (изоляторлар) және бағандар.
Достарыңызбен бөлісу: |