Сабақ жоспары І сабақ мақсаты



бет8/9
Дата21.07.2017
өлшемі7,23 Mb.
#21508
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3. Жаңа тақырып өту жоспары:
М.: Біз өткен тақырыпты қайталадық, енді жаңа тақырыпты талқылауды бастайық. Бүгінгі жаңа тақырып: Кабель желілері.
Сабақ жоспарымен таныс болыңыздар:


  1. Кабель желілері жайлы түсінік.

  2. Кабельдің құрылысы.

  3. Кабельдің түрлері және белгіленуі.


Оқушылар жаңа тақырыптың жоспарымен танысады

4. Жаңа тақырып өткізу:

  1. Кабель желілері жайлы түсінік. (слайд)

Кабель желілері электр энергиясын беру және тарату, сонымен қатар электр қондырғыларының элементтерін бір-біріне жалғастыру үшін қолданылады. Ток өткізгіш талсым (жила), оқшаулағыш, сыртқы қабық, сауыт қабықша кабельдің негізгі элементтері болып табылады. Кабельдің атқаратын қызметі мен қолданылу шартына қарай құрылысында жоғарыда айтылған элементтердің кейбіреуі болмауы немесе экран сияқты қосымша элементтер болуы мүмкін. Ток өткізгіш кабель талсымдарды өндірісте мыс және алюминий металдарынан дөңгелек пішінде дайындайды, секторлық және сегменттік түрінде, сонымен қатар 120, 150 және 185 мм2 аралас секторлы қима түрінде шығарады. Кабельдер мен талсымдарды оқшаулау үшін арнайы сұйық сіңдірілген кабель қағаздарын, пластмассаны және резеңкені қолданады. Талсымдарды оқшаулауға арналған қағаз оқшаулағыштың орнына көбіне диэлектрлік қасиеті жоғары, ылғалға төзімді, химиялық және механикалық беріктігі жоғары, дайындау және монтаждау технологиясы қарапайымдалған пластмассалы оқшаулағыштар қолданылады.



  1. Кабель құрылысы. (слайд.)

Кабельдің сыртқы қабаты қорғаныс, алюминий, резеңкелі және пластмассалы болады. Олар оқшауланған талсымды жарықтың, ылғалдың, қоршаған ортаның бас- қа да зиянды әсерлерінің салдарынан механикалық зақымдалудан қорғайды. Кабельді әр түрлі жағдайда төсеу және жүргізу кезінде кабельдің сыртқы қабаты жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығы мен беріктігін қамтамасыз етеді. Осы жағдайларға байланысты, кабельдер сауытсыз және болат таспалармен сауытталған, тік бұрышты және сыртқы қорғаныс қабатты, дөңгелек мырышты сымды болуы мүмкін.

Қорғаныш қабығы талшықты, материалды, пластмассалы, күшейтілген және ерекше күшейтілген түрлерге бөлінеді. Осы кабельдердің қорғаныш қабығы әр түрлі төсеу және пайдалану кезінде өзінін, сенімділігі мен пайдалану ұзақтығын қамтамасыз етеді. Кабель сауытының қалыпты сыртқы қабығы битум қабатынан және кабель орамының жабысып қалуынан сақтандыратын қабаттан тұрады.



Кабель оқшауламаларыныц турлері: а) полихлорвинидті; б) резеңкемен оқшауланган; в) кабельдің құрылымы: 1 - алюминийді немесе мысты домалақ тыгыз талсым; 2 - талсым бойындағы жарттылай өткізгіш материалдан жасалған экран;

3 - полиэтиленді оқшаулама; 4 - жартылай өткізгіш қабат оқшауламасының экраны; 5 — қағаздан жасалған экран; 6 - бетінде спиралъды таспа оралган мыс сым;

7 - бөлгіш таспа және полиэтиленді қорғау қабыгы.


  1. Кабельдің түрлері және белгіленуі. (электронды кітап, слайд)

Кабельдер өндірістен әр түрлі маркада пластмассамен оқшауланған және мыс, алюминий талсымдарымен оралған түрінде шығарылады:

  • ВВГ (АВВГ) - поливинилхлоридті оқшауланған;

  • ПВГ (АПВГ) - полиэтиленмен оқшауланған жөне поливинилхлоридті қабықшалы;

  • ВВБ (АВВБ) - ВВГ сияқты, бірақ болат таспалармен қапталған;

  • ПВБ (АПВБ) - ПВГ сияқты, бірақ болат таспалармен сауытталған.

Кабельдер құрылысына сәйкес әр түрлі белгілермен белгіленеді: С (қорғасын), А (алюминий), Н (жанбайтын резеңке), В (поливинилхлорид), Б (қорғаушы қабық), Л (таспалы сауыт), П (жалпақ сымды сауыт).

Сыртқы қабығы жоқ болса, Г (гладкий - тықыр) әрпімен белгіленеді. Кабель маркаларында құрылысындағы басқа элементтерді көрсететін әріптер болуы мүмкін. Мысалы, кабельдің маркасы О әрпінен басталса, онда оның талсымдары ерекше қорғасынмен қапталғанын көрсетеді. Кабельдер 1000 В-қа дейінгі кернеулі және одан да жоғары кернеулі болып шығарылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет