Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды белдемше түрлерімен таныстыру.Белдемшеге мата таңдау,сызба сызу жолдарын үйрету. Дамытушылық : Эстетикалық талғамын, ойлау қабілетін арттыру,практикалық іс-әрекетін қалыптастыру. Тәрбиелік: Оқушыларды киім таңдай білуге,әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: графикалық диктант,әңгімелесу,сарамандық жұмыс. Көрнекілігі: белдемше суреттері,үлестірмелі карточка,мата жинақтамасы, дайын бұйым. Пәнаралық байланыс: бейнелеу,тарих.
Сабақ жоспары: I.Ұйымдастыру бөлімі II.Үй тапсырмасын тексеру.(графикалық диктант арқылы) Оқушыларға сұрақ қойылады. 1.Киім деген не? 2 Пайдалануына қарай киім қандай болып бөлінеді? 3. Жейде қандай киім түріне жатады? 4. Қолданылуына қарай киімдер қалай топталады? 5. Арнайы киім деген қандай киімдер? 6. Белдемше қандай киім түріне жатады? 7.Киімге қандай талаптар қойылады?
III.Жаңа сабақ
III.Жаңа сабақ
Жаңа тақырып бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау.
1.Әңгімелесу (белдемше туралы)
2.Күнделікті киіп жүрген белдемшенің суретін қағаз бетіне сызу.
IV. Жаңа сабақты түсіндіру.
Әйелдердің белдікті киімдерінің ішіндегі ең көп тарағандарының бірі-белдемше.
Белдемшенің шығу тарихы. Белдемшенің ең көне элементтерінің бірі белдік болатын. Оған қару мен жорықта қалталар ілінген. Белдікке тартылған терілер,жапырақтар,маталар алғашқы белдемшенің түп нұсқалары еді.Белдемше еркін,қолайлы,күнделікті өмірге ыңғайлы бел бұйымына айналды. Белдемшеге әдемілік,қарапайымдылық және ыңғайлылық талаптары қойылады.
Мұнда оқушылар өз ойларымен белдемше сән үлгісін сызып, оны сипаттап айтып береді.
Жаңа сабақты бекіту. 1. Белдемше киімнің қай түріне жатады? 2. Белдемшені немен киюге болады. 3. Силуэті бойынша белдемше қалай бөлінеді? 4. Тігуіне қарай белдемше қалай бөлінеді? 5. Тік белдемшені қандай матамен тігуге болады? 6. Белдемшеге қандай талаптар қойылады?
Қорытынды:
Оқушылар салған эскизін жинап алу, салыстыру, талдау.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Өзіне ұнаған белдемше моделін салу. Құрал-жабдықтар әкелу.