Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары: проектор, сызба, кестелер
Сабақтарды өткізу тәртібі:
- сабақ жоспарына сәйкес оқу пәнiнiң сұрақтарын талқылау;
- білім алушылар ұсынған тапсырмаларды және сұрақтарды талқылау;
- оқу пәнiнiң теориялық қағидалары мен тұжырымдамаларын талдау;
- семинар – «дөңгелек стол».
Деңгейлік тапсырмалар (20 ұпай дейін):
І-ші деңгей:
-
Дәрілердің орталық нерв жүйесіне тигізетін әсерінің түрлері.
-
Нейромедиаторлардың сипаттамасы.
-
Орталық нерв жүесіне әсер ететін дәрі-дәрмектердің жіктелуі.
-
Ұйықтататын дәрілер. Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Ұйықтататын дәрілердің салыстырмалы сипаттамасы, әсердің даму жылдамдығы және әсерден кейінгі өзгерістер, кумуляциясы, әдеттену. Ұйқының құрамына тигізетін әсері.
-
Ұйықтататын дәрілермен улану. Көрсетілетін жәрдем.
-
Эпилепсияға (қояншыққа) қарсы қолданылатын дәрілер. Жіктелуі. Жеке пре-параттардың сипаттамасы. Әсер ету механизмі.
-
Эпилепсиялық статус басатын препараттар. Эпилепсияға қарсы қолданылатын дәрілердің жағымсыз әсерлері.
-
Ауырсыну сезімін өткізетін жолдар.
-
Опиатты рецепторлар және эндогенді нейропептидтер (энкефалиндер, эндорфиндер) туралы түсінік.
-
Анальгетиктер туралы түсінік. Наркотикалық анальгетиктердің салыстырмалы қасиеттері.
-
Наркотикалық анальгетик дәрілері. Олардың әсер механизмі.
-
Морфиннің фармакодинамикасы. Қолдану көрсетпелері, жағымсыз әсерлері. Нашарқорлықтың әлеуметтік проблемалары.
-
Есірткелік (наркотикалық) анальгетиктермен жедел уланғанда көрсетілетін көмек шаралары.
-
Синтез жолымен алынған анальгетиктердің салыстырмалы сипаттамалары.
-
Бейнаркотикалық анальгетиктердің химиялық құрылысына қарай жіктелуі, (қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер).
-
Осы препараттардың анальгезиялаушы, қабынуға қарсы және дене қызуын төмендетуші әсерлерінің механизмі.
-
Наркотикалық анальгетиктердің негізігі қасиеттері және салыстырмалы сипаттамасы.
-
Бейнаркотикалық анальгетиктердің қолданылуы және қолдануға қарсы көрсетпесі.
-
Жағымсыз әсерлері және олардың алдын-алу.
-
Иммунды жүйеге әсер ететін дәрілердің классификациясы.
-
Антиаллергиялық дәрілердің классификациясы.
-
Тез дамитын аллергиялық реакцияларда қолданылатын дәрілер.
-
Антигистаминді дәрілер әсерінің механизмі.
-
Антигистаминді дәрілерді салыстырмалы сипаттамасы.
-
Анафилаксия шогін емдеуге қолданылатын дәрілер.
-
Баяу дамитын аллергиялық реакцияларда қолданылатын дәрілер. Әсерінің механизмі, жағымсыз әсерлері.
-
Иммунды жүйені қуаттандыратын дәрілер-иммуностимуляторлар. Классификация қолданылуы.
-
Левомизол. Иммунды жүйені қуаттандыратын әсерінің механизмі, қолданылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |