2. Жүрек құрылысы – бұл қуыс бұлшықеттік мүше. Оның салмағы 200-400 г. құрайды. Жүректің қабырғасы үш қабаттан тұрады: эндокард, миокард, эпикард. Миокард 2 түрлі бұлшықеттік жасушалардан тұрады: жиырушы және атипті. Үлкен бөлігін жиырушы кардиомиоциттер құрайды.
Жүрек қалқандары 4 камераға бөлінген: 2 жүрекше және 2 қарынша. Жүрекшелер қарыншалармен атриовентикуляр саңылаулары арқылы байланысқан. Оларда екі жақты атриовентикуляр қақпақшалар бар. Оң қақпақша үш жармалы (трикуспидаль), ал сол екі жармалы (митральдық). Қақпақшалардың жармаларына сіңірлік жіптер қосылады. Екінші ұшымен бұл жіптер папилляр бұлшықеттермен байланысқан.
Сурет 8. Адамның қан айналысы (1 – қолқа (аорта); 2 – бауыр артериясы; 3 – ішек артериясы; 4 – үлкен шеңбердің капиллярлық торы; 5 – қақпа көктамыры; 6 – бауыр көктамыры; 7 – төменгі қуыс көктамыр; 8 – үстінгі қуыс көктамыр; 9 – оң жүрекше; 10 – оң қарынша; 11 – өкпе артериясы; 12 – өкпе шеңберінің капиллярлық торы; 13 – өкпе көктамыры; 14 – сол жүрекше; 15 – сол қарынша).
Қарыншаның систоласы басында бұл бұлшық еттер жиырылып, жіптер керіледі. Соның нәтижесінде қақпақшалар жармалары жүрекшелердің құысына түсіп қалмайды және қанның кері әрекеті болмайды. Қолқаның және өкпе артериясының қарыншалардан шығу жерлерінде қолқалық және пульмоналдық қақпақшалар орналасқан. Олар жарым ай түріндегі қалта түрінде болады. Сондықтан оларды жарым айлық қақпақшалар деп атайды. Жүректің қақпақшалық аппаратының қызметі қан айналысы шеңберлері бойынша бір жақты қан ағысын қамтамасыз ету болып табылады. Клиникада қақпақшалық аппараттың қызметі аускультация, фонокардиография, рентгенография секілді жанама әдістермен зерттеледі. Эхокардиография қақпақшалардың қызметін визуальді бақылауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |