5. Жүректің өткізгіш жүйесінің зақымдануының салдары. Белгілі бір жағдайларда жүрек жұмысының ырғағы өзгеруі – аритмия байқалады. Бұл жүрек жиырылулары реттілігінің дұрыстығының бұзылуы болып табылады. Физиологиялық аритмияларға дем алу аритмиясы жатады. Бұл жүрек соғу жиілігінің дем алу фазаларына байланысты болуы. Ішке қарай дем алуда сиректенеді, дем шығаруда жиіленеді.
Егер, босаңсу басталуы қалпында тұрған жүрекке шектен тыс тітіргекгіш әсер еткізілсе, кезектен тыс жиырылу – экстрасистола орын алады. Экстрасистоладан кейін жүректің әдеттегіден ұзақ тыныштық кезі басталады. Ол компенсаторлық кідіріс деп аталады. Жүрекшелік, атриовентикуляр және қарыншалық экстрасистолалар болып үшке бөлінеді. Соңғысында тамыр соғуы ырғағы да бұзылады.
Ауыр жағдайларда жүректе қоздырудың көптеген ошақтары пайда болады. Жүрекшелер және қарыншалардың фибрилляциясы дамиды. Бұл кардиомиоциттердің кейбір топтарының асинхрондық жиырылулары. Қарыншалардың фибрилляциясы нәтижесінде гемодинамиканың ауыр зақымданулары және өлім байқалады.
Өткізу жүйесінің өзгерулерінің басқа тобы – блокадалар. Бұл қоздыруды өткізу бұзылулары. Жүрек бұлшық етінің патологиясында синоаурикуляр, антриовентрикуляр блокадалар, Гис шоғы және онық аяқшалары блокадасы бақыланады. Оларды толық және толық емес деп екіге бөледі. Мысалы, толық антриовентрикуляр блокадада синоатриалды тораптан бірде бір импульс антриовентрикулярды блокадаға өтпейді. Сондықтан, жүрекшелер жиырылады: қалыпты синустық ырғақта, ал қарыншаларға импульстар атриовентикулярлық торап автоматиясының орталығынан барады. Соның нәтижесінде қарыншалар атриовентрикуляр ырғақта жиырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |