Сабақ жоспары: Жүрек етінің неізгі функциясын анықтайтын өткігзгіш жүйесінің құрылымы


Жүректің өткізгіштік жүйесінің құрылысы



бет6/10
Дата22.12.2021
өлшемі75,95 Kb.
#127567
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
практика-1

2. Жүректің өткізгіштік жүйесінің құрылысы. Жүрекше және қарыншалардың миокардтарының түрлі аймақтарында атиптік деп аталатын бұлшықеттік жасушалардың шоғырлануы орналасқан. Бұл жасушалардың диаметрлері жиырушыларға қарағанда үлкен, оларда жиырушы элементтер аздау және гликогеннің түйіршіктері (Пейсмекер жасушалары) көптеу. Одан басқа өтпелі жасушалар да бар. Олар жиырушы және пейсмекер кардиомиоциттер арасында қоздыруды өткізу үшін қызмет етеді. Жасушалардың ондай 2 түрі жүректің өткізгіш жүйесін құрайды. Төмендегі тораптар және жолдар бар:

1. Синоатриалды торап (Кейс-Флек). Құыс көктамырларының шығуына орналасқан.

2. Бхан, Венкенбах және Тореллдің торапаралық және жүрекшелераралық өткізуші жолдары. Жүрекшелердің миокардтары және жүрекшелераралық қақпақтардан өтеді.

3. Атриовентрикуляр торап (Ашофф-Тавар). Оң жүрекшенің эндокарды астында жүрекше қақпақшаларының төменгі жағында орналасқан.

4. Атриосентрикуляр шоғыр немесе Гис шоғыры. Атриовентрикуляр тораптан қарыншааралық қақпақшаның үстіңгі жағына барады. Кейін екі – оң және сол аяқшаға бөлінеді. Олар қарынша миокардтарында тармақтар жасайды.

5. Пуркинье талшықтары. Гис шоғыры аяқшалары тармақтарының соң тармақтары. Қарыншалардың жыиыру миокарды жасушаларымен қарым-қатынас жасайды.

Жиырушы кардиомиоциттер Пуркинье және өзара нексустармен (төменгі электр қарсылықты жасушааралық байланыстар) байланысқан. Соның нәтижесінде жүрек бұлшық еті бір бүтін ретінде тітіркегіштерге шағылысады.

Жүрек автоматиясында өткізгіш жүйесінің түрлі бөлімдерінің мәні алғаш рет Станниус тарапынан анықталған. Ол жүректің түрлі аймақтарына лигатералар қойған. Бірінші лигатура синоатриал торап орналасқан көктамырлық синус және оң жүрекше арасына қойылды. Содан кейін қалыпты ритмда синус жиырылуы жалғасады, ал жүрекшелер және қарыншалар тоқтайды. Екінші лигатура жүрекше және қарыншалардың шекарасына қойылды. Бұл қарыншалардың жиырылуын синус торабы автоматиясының жиілігінен 2 есе аз жиілік болуына алып келеді. Қарыншалар атриовентикуляр тораптың жасушаларын механикалық тітіркеткеннен жиырыла бастайды. Үшінші лигатура қарыншалардың ортасына қойылды. Осыдан кейін олардың үстіңгі бөлігі атриовентикуляр ритмде, ал төменгісі синус ырғақтан 4 есе аз жиілікте жиырылады. Жүрек бөліктерінің қалыпты реттілікте жиырылуы оның өткізгіш жүйесі бойынша қоздыруды өткізу ерекшеліктеріне байланысты. Қоздыру синоатриал торапта – ырғақтың жетекші жүргізушісінде басталады. Одан Бахман шоғының жүрекшелераралық тармақтары бойынша қоздыру жүрекшелердің миокардына таралады. Олардың систоласы басталады. Бір уаққыттың өзінде синус торабынан қоздыру Венкенбах және Тореллдың торапаралық жолдарынан атриовентикуляр торапқа барады. Бұл жерде қарыншаларға импульстің өткізілуі 0,02-0,04 с. кідіреді. Бұл кідірудің арқасында қан жүрекшелердің систоласы кезінде әлі жиырыла бастамаған қарыншаларға түседі. Атриовентрикуляр тораптан Гис шоғыры бойынша, оның аяқшаларына және тармақтарына қоздыру екі қарыншаның да миокардына барады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет