Сабақ жоспары Калиева Айгерим Кабидуллаевна



Дата25.08.2017
өлшемі42,9 Kb.
#27686
Еңбекке баулу пәнінен 4 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Калиева Айгерим Кабидуллаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

29 НЖББМ

Тақырыбы: Ұлттық бас киім.Сәукеле.

Мақсаты:1)Ұлттық бас киімдер жайлы мағлұмат беру және оларды тігу.2)Оқушыларды салт – дәстүрді және ұлттық ерекшеліктерді сақтауға баулу.3)Оқушылардың эстетикалық талғамы мен тігу,қию әшекейлі заттармен жұмыс істеу әдістерін үйренуге ықпал ету

Қажетті құрал – жабдықтар:сары, қызыл түсті маталар, ине, жіп, қайшы.

I.Ұйымдастыру кезеңі.(Үш топқа бөлу)

1)Сабаққа әзірліктерін бақылау және бүгінгі күнге жақсы тілек айту.

2)Бүгінгі сабақ бірнеше бөліктен тұрады.

II.Жаңа сабаққа дайындық.

1 бекет: «Сөзді тап» бекеті. (1-інші слайд)

Осы ребусты шешу арқылы, бүгінгі сабақтың тақырыбын білетін боламыз.



Суреттер. (2-інші слайд)

(Бақа, маса,киік,пілдер)

2 бекет:«Бас киімдер» (3 –інші слайд)

Тапсырмалар.(4-інші слайд)

1-топ:Бас киімдер дегеніміз не?

2-топ:Бас киімдер не үшін керек?

3-топ:Бас киідер арқылы не білуге болады?

Бас киімдер түрлері.(5-інші слайд)

топтар тірек сызба арқылы әңгімелейді

3 бекет: «Ойлан тап» (6-ншы слайд)

(7-нші слайд)



(1топ) Бөрік. Ертеден келе жатқан бас киім. Бөрікті қыздар да, ер адамдар да киеді.Қыздардың бөріктің төбесіне үкі тағы- лып, асыл тастармен, күміс теңгелермен әшекейленген.

(8-інші слайд)



(2топ) Кимешек.Әйелдердің бас киімі.Кимешек ақ матадан, ақ жібектен тігілген.Ол басты,кеудені,иық пен арқаны жауып тұрады.

(9-ыншы слайд)



(3топ) Тымақ.Аңның немесе малдың терісінен тігілген қыс- тық бас киімі.Тымақтың екі құлағы және мойынды жауып тұра- тын артқы етегі болады.

(10-ыншы слайд)



Мұрақ – лауазымды адамдар киетін екі жағы қошқар мүйізде- ніп келетін, сән – салтанатқа киетін қалпақ.Мұрақты елбасы, төре, билер киген.

(11-інші слайд)



Қасаба – көбіне төре, сұлтандардың қыздары киген бас киім. Қасаба үшкірлеу төбесіне бір шоқ қауырсын қадап, асылтас,алтын, күміс әшекейлермен безендірілген.

4 бекет: «Шебер қолдар» (12-інші слайд)

Бүгінгі сабақта ұлттық бас киімдер тігеміз.

(13-інші слайд)

Түрлі – түсті фигуралардың түсіне қарап, қандай бас киім тіге- тінін анықтайсыңдар.


  • Бұл бас киімдер туралы әңгімелеңдер.

I топ – сәукеле

II топ – тақия

III топ – гүлтәжі

(14-інші слайд)



Қажетті құралдарды анықтаймыз.

(15-інші слайд)



Техникалық қауіпсіздік ережелері.

1.Көзбен заттың арақашықтығы 25-30 см болуы тиіс.

2.Жұмыс кезінде инені ине салғышқа түйре.

3.Тот басқан инемен тігуге болмайды.

4.Қайшыны сақинасын алға қаратып, жүзін қайырып, бүктеп беру керек.

(Оқу, әңгімелеу)



Практикалық жұмыс.(16-ншы слайд)

Жұмысты жұппен орындау,бас киімдерді әшекелеу.



Сергіту сәті.(17-нші слайд)

«Бұл не екен?» ойыны.



Бұл ойында бір оқушы іс- әрекетімен затты бейнелейді, ал қалған оқушылар бұл қандай зат екенін анықтауы тиіс.

Жауабы тақтада слайдпен шығады.(18,19,20,21,22,23 слайд)

1)жіп

2)балта


3)пышақ

4)күрек


5)ара

6)балға


- Бұл қанадй құралдар?Не үшін керек?

5 бекет.Ырымдар мен тыйым сөздер. (24-інші слайд)

1.Өз бас киімін басқа адамға сыйға тартпайды.

2.Бас киімді ауыстырып кимейді,сатпайды.

3.Жоғары жинайды, тебуге,лақтыруға,теріс киюге болмайды.

т.б

6 бекет.Шығармашылық жұмыс.(25-інші слайд)

I топ – Сәукеле туралы эссе жазады.

II топ – Тақия туралы өлең құрастырады.

III топ – Гүлтәжіні жарнамалайды.



7 бекет.Қорытындылау.(26-ншы слайд)

  • көрме ұйымдастыру.

  • бағалау.

  • Үй тапсырмасы. (27-нші слайд)

  • бас киім туралы мақал – мәтел тауып келу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет