Бекітемін
Мектеп директоры
__________ Х.Ж.Абилова
« » 2013 жыл
Павлодар қаласы
ПҚБАЙ
3 – топ
Қазақ тілінде
Тренер: О.Эртисхан
Тыңдаушы: Г.Байбекова
Сабақ жоспары
Күні:18.10.2013
Сынып:6
Тақырыбы: «Өсімдіктің қоректенуі, топыраққа бекінуі, көбеюі, қоректік заттарды қорға жинақтауы. Атқаратын қызметіне байланысты тамырдың түрөзгерістері»
Сілтеме:биология 6-сынып Алматы «Атамұра» 2011
Мақсат:тамырдың топырақтан құнарлы заттардың сорудың маңызын түсінеді, қорға жинау және түрөзгерістері туралы біледі
Күтілетін нәтиже: -тамыр арқылы қоректенуін, тыңайтқыштарды біледі;
-флипчартқа постер жасай алады;
-жұппен,топпен жұмыс істей алады;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Қолданатын әдістер: топпен жұмыс, жұптық жұмыс, спикердің қорғауы,
Керекті жабдықтар: бағалау парағы, оқулық, суреттер, презентация power point , түрлі-түсті фломастер, доп, маркерлер, флипчарт, интербелсенді тақта, компьютер, стикер.
Сабақтың кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Уақыт
|
Ұйымдастыру
|
Психологиялық жағдай тудыру
|
Амандасу түрлерін көрсету –қазақ, орыс, американ, қытай, үнді. Олар өздері отырған топтар бойынша орындарына отырады.
|
2 мин
|
Білу
|
Өткен тақырыпты қайталау үшін сұрақтарға жауап береміз. Серпілген сұрақ атты ойын ойнату.
|
Оқушыларға доп арқылы сұрақтар қойылады.
-
Тамыр бөлімдерін ата
-
Тамыр оймақшасы деген не?
-
Өсу бөлімі туралы айт.
-
Тамыр қай кезде жақсы өседі?
-
Тамырдың түрлерін ата.
-
Тамыр жүйесін сипатта.
-
Тамырдың қызметтерін атап шық.
|
5 мин
|
Түсіну
|
Оқулықтағы мәтінді және қосымша берілген материалды оқу.
6 түрлі екі-екіден кәмпиттер таратамын.
|
Балалар өзара бөліп алып оқып шыққан соң топта талқылайды.
Таңдап алған түрі бойынша жұптасады.
|
8 мин
|
Қолдану
Сергіту сәті
|
«Алты қалпақ» әдісін қолданамын
Қызыл қалпақ: тамыр арқылы қоректенудің және түрөзгерістер туралы ойларыңды жазыңдар
Сары қалпақ:тамырдың пайдасын
Жасыл қалпақ: тамыр туралы жаңалық және қызықтысын жазыңыз
Ақ қалпақ: Фактілер Менде қандай ақпарат бар? Білетін ақпаратты жазу
Қара қалпақ: Жағымсыз жақтарын жазу. Қандай проблема бар?
Көк қалпақ – шолу, қорытынды
«Таңғажайып тамыр» атты эссе жазу
Мен не аштым?
Тағы не ашылған жоқ?
Мен оны қалай аша аламын?
Мен барлық қалпақты кие алдым ба?
Жалпы түсінігіңізді жазыңыз
Музыка қосамын
|
Жұптасқан оқушылардың барлығы қалпақтардың ережесімен танысып, ойланады. Уақыт өткен соң талқылайды, постер жасап дәлелдейді, қорғайды.
Оқушылар билеп серігіп қалады.
|
10 мин
2 мин
|
Талдау
|
Интербелсенді тақтаға тамырдың түрөзгерістерін беріп анықтамасын жазғызу.
|
Берілген суреттерге анықтамасын жазады.
|
5 мин
|
Жинақтау
|
№8 зертханалық жұмыс «Тамырдың түрөзгерістері»
|
Жұмыс барысын орындау, зерттеу, суретін салу
|
10 мин
|
Бағалау
|
Бағалау критерийлерге сәйкес ұпай қою
|
Жеке бағалау
|
3 мин
|
Үй тапсырмасын беру
|
β9-10 оқу, қайталау, 2-кестені жаттау, 12 суреттің біреуін салу
|
Тапсырманы орындап келу
|
1 мин
|
Достарыңызбен бөлісу: |