№ 6-сабақ жоспары
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндегі тақырып пен эпиграф
Сабақтың мақсаты: Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып туралы түсініктерін жазбаша жұмыстар арқылы бекіту..
Күтілетін нәтиже: Мәтіннің тақырыбы мен идеясын анықтай алады,эпиграфты дұрыс таңдай алады.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдіс-тәсілі: "Ассоциация", «Ойлан,жұптас, талқыла» әдісі
"Дөңгелек үстел", "ББҮ"
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, маркер, бағалау құралдары,ноутбук
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу,Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
2. фигуралар арқылы 3 топқа бөлу
3. Үй тапсырмасын сұрау
I. Қызығушылықты ояту. «Ассоциация» әдісі
1. тақырып 2. эпиграф
II.Мағынаны тану.
1-тапсырма. «Ойлан,жұптас, талқыла» әдісі
Эпиграф – көркем (басқа да) мәтіннің оқырманның назарын бастапқы мәтінге аударып, ассоциациялар желісін дайындайтын компонент. Эпиграфта қос бағыт – бастапқы (эпиграф алынған) мәтін және жаңа мәтін (эпиграфтан кейін тұратын). Эпиграф пен мәтіннің арасында өзара бағытты байланыс бар: эпиграф мәтіннің терең құрылымын ашады, соңғысы эпиграфқа тереңірек үңілуге, жаңа ассоциация тудыруға, оның тезаурусы негізіндегі идеялар мен түсініктерге «жан бітіруге» ықпал етеді.
Осылайша, тақырып пен эпиграфты дұрыс түсіну интеграциялық қатынастар әрекетімен және тұтастық ретінде мәтінмен тығыз байланысты. Ол сондай-ақ контексті кең түсінумен, оқырман мен автордың жалпы білімінің пресуппозициясымен байланысты.
2-тапсырма. Мәтінді оқып мазмұнын әңгімелеңіз. Мәтінге сай эпиграф қойыңыз.
Әке мен бала
Ол отбасында жалғыз бала. Ата-анасымен үшеуі тұрады. Анасы үй шаруасындағы әйел. Әке отбасының асыраушысы. Азаннан кешке дейін жұмыста. Табысы орташа. Біреуден ілгері, біреуден кейін күн кешіп жатқан жайлары бар. Күніге кешке үйге келгенде бала әкесімен ойнағысы, мойнына асылып еркелегісі, сырласқысы да келеді. Бірақ, үнемі әкенің балаға көңіл бөлуге мұршасы келе бермейді. Әр кез жұмыстан шаршап келгенін айтып, теріс айнала береді. Оның үстіне уақыты да жоқ. Бала кішкентай болса да әкенің өздерін қамтамасыз ету үшін тырысып жүргенін түсінгендіктен үнсіз келісуге мәжбүр. Мектепте құрдастары әкесімен қыдырғанын, жұмыстан соң отырып әңгімелесетінін, сабағын дайындауға көмектесетінін айтып жатқанда бұл әкесіз баладай көзі қызып, өтірік қана көңіл бөлмегенсіп тұрады. Бір күні шыдамы таусылған бала әкесінен оның күндік табысы жайында сұрады. Әкесінің айтқан сомасын ойша есептеп, әр сағатына әкенің 2000 теңге табыс табатынын білген соң күнделікті сабақтан кейін өзінше жалданып, жеңіл жұмыстар жасап жүрді. Мектеп баласына кім көл-көсір жалақы төлей қойсын. Әйтеуір «елгезектігіне» қызығып, қолбала қылып жұмсайды да азын-аулақ тиын-тебен ұстатып қояды. Сондағы ойлары — өзінше табыс тауып, тәтті-пәтті алғысы келіп жүр ғой. Одан артық бұған не керек дейсің?! Сөйтіп жүріп бала 2000 теңгенің басын құрады. Бір күні кешке, әкесі жұмыстан келгенде жанына отырып, оның қолына 2000 теңгесін ұстатты да: Әке міне Сіздің бір сағаттық табысыңыз. Маған бір сағат уақытыңызды бөліңізші деп, өтініш білдірді. Бұл жайында ешқашан ойланып көрмеген әке жай соққандай қатты да қалды. Ал бала осы арада іштегі бар сырын ақтарды. Әкеге ешқандай кінә да артпады, табаламады да, қараламады да. Тек күнделікті өмірі, сабағы, достары, өзінің өмір жайлы, достық жайлы ойын әңгімеледі. Әке тыңдап отырып баласының бар мұңын, шерін түсінгендей болды. Өмірдегі ең қымбат ұрпағына көңіл бөлу жайында бір сәт ойланбай, қанашама уақтының босқа кеткеніне өкінді. Баланың не айтқанын толық түсінбеді де, тек тыңдағаннан үлкен ләззат алды. Ал бұл сәтте оның баласынан бақытты адам болмады өмірде. Ол бүгін әкемен сырласудың ләззатын шын сезінді. Көз алдына мектептегі достарына әкесімен қалай сырласатыны, ақылдасатыны жайында әңгімелеп тұрғаны елестеп, күлімдеп қойды. Сөйтіп жатып, әкенің тізесінде тәтті ұйқыға кетті.
3-тапсырма. (топтық жұмыс) «Дөңгелек үстел» әдісі бойынша оқушылар мәтін құрастырады
I топ – Қазақстан – әлемдік деңгей көгінде
II топ – Сұлусың қандай, Астанам!
III топ – Қандай көркем, туған өлкем!
III. Ойтолғаныс «ББҮ» әдісі.
Оқушыларды бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топты бағалау
Үйге тапсырма: «Адамгершілік – асыл қасиет» ойтолғау .
Рефлексия Кері байланыс парағын толтырады
Достарыңызбен бөлісу: |