Оқу орындарында мұғалімдік мамандыққа дайындау жолдары. Бұл іс, біріншіден, мектеп қабырғасында оқушыларға мұғалімдік мамандық бойынша бағдар беру; екіншіден, педагогтік оқу орындарында оқып жүрген кезінде мұғалімдік мамандыққа үйрету; үшіншіден, мұғалімдік мамандықты меңгеру және өз бетінше мамандық шеберлігін көтеріп отыру жұмыстары арқылы шешіледі.
Студенттердің, мұғалімдердің өз бетінше білімін жетілдірудің өз бетінше білімін жетілдірудің мазмұны: болашақ мұғалімдердің ғылыми деңгейін көтеру, арнайы әдістемелік білімін жетілдіру, мұғалімнің шеберлік таныту үшін өз бетімен алатын білімі, ізденісі. Мұғалімдік мамандықтың шебері болудың негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогтік техника жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |