Сабақ жоспары Курс: 3 Топ: бб-п-18



бет1/12
Дата06.02.2022
өлшемі99 Kb.
#79196
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Сабак жоспар Модуль



бЕКІТЕМІН:

_____ ___________
(ҚОЛЫ) (аты-жөні)
Сабақ жоспары



Курс:

3

Топ:

ББ-П-18

Сабақ нөмірі:

1

Пән атауы:

Педагогика

Оқытушы аты-жөні:

Абиева Г.У.

Мамандығы/
Біліктілігі:

0105000- «Бастауыш білім беру»
0105083-«Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі»

Уақыты:

4.09.20ж.







Сабақтың тақырыбы:

Мектеп мұғалімі. Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері

Сабақ мақсаты:



Мектеп мұғалімі. Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері туралы мәлімет біледі

Сабақ түрі:

лекция сабақ



Сабақ типі:

жаңа білім беру

Қолданылатын негізгі әдебиеттер:
Құрманалина Ш., Мұқанова Б.,Ғалымова Ә., Ильясова Педагогика
http://manshuk.kz/%D0%AD%D0%BB%D0%91%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0/178.pdf
Қосымша әдебиеттер:
Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы әлем», 2003. -368 бет.
2. Афонина Г.М. Педагогика. Ростов-на-дону. 2002.
3. Әбиев Ж.,Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.
4. Қоянбаев Р:М. Қысқаша педагогикалық сөздік. Алматы, 1991.
5. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.
6. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Алматы, 1992.
7. ОконьВ. Введение в общую дидактику. М., 1990.
9. Подласый И.П. Педагогика .М., 1996.
10. .Лихачев Б.Т. Педагогика М., 1998.
11. ОконьВ. Введение в общую дидактику. М., 1990.
12. Подласый И.П. Педагогика .М., 1996.
13. Подласый И.П. Педагогика начальной школы. М., 2000.
14. Сластенин В:А., Исаев И.Ф. Педагогика М., 1997



Сабақ барысы

Уақыты

Сабақ барысындағы оқытушы іс-әркеті

Қажетті оқу-ресурстық құралдар

1

2

3

5

І.Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру

10мин.

Студенттің назарын сабаққаа аудару.


ІІ. Жаңа білім беру

55мин.

Жоспар:
1.Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері
2. Мұғалімнің профессиограммасы.Мамандық қасиеттері: балаларға деген сүйіспеншілігі, қабілеті (ұйымдасырушылық, коммуникативтік, дидактикалық, перцептивтік, экспрессивтік)
3. Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен шеберлігі
4. Мұғалімнің кәсіптік құзіреттілігін анықтаудың диагностикасы
1. Баланың тұңғыш ұстазы – оны мектеп табалдырығын алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйрететін мұғалімі. Оқушының сабақ алған мұғалімдері мен дәріс тыңдаған оқытушылары да ұстаз саналады. Бірақ бұл жерде ұстаз сөзі мұғалім, оқытушы, ғылыми жетекші деген сөздерге әсте толық мағыналас болып шыға бермейді. Әдетте, «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген мағынада оқушының бойына шынайы білім-білік дағдыларын дарытып, зердесіне ғылыми негіздерін тоқыта алған, бүлдіршінді майталман бағбандай мәпелеп баулып, үйренген нәрселерін өмірде, іс-жүзінде қолдана білуге жаттықтыра алған сөйлеген сөзі, істеген ісі, парасат-пайымы, инабаты, білімінің тереңдігі мен жан-жақтылығы арқылы шәкірттеріне ең беделді үлгі бола алған адам ұстазға саналады. Екінші сөзбен айтқанда, ұстаз – адамдардың өмірге көзқарасын, сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін, айналасына білім-тәрбие нәрін шашып, адамгершілік нұрын төгетін қоғамдық қайраткер, ойшыл тұлға. Ол жеке адамдардың өмірінің дұрыс бағытта дамып, көркеюіне себепші болып, олардың тағдырында шапағатты із қалдыратын өмір тәжірбиесі мол дана адам болып табылады.
Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері деп, әсіресе педагогтың ізденімпаздығын, білуге деген құмарлығын, артық білуге ұмтылуын айтады. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің айырмашылығы – ең алдымен оның жұмысында да, үйде де білімін ұлғайтып, тереңдетуге айрықша қабілетті болуы талап етіледі. Ғылыми материалмен жұмыс істей отырып, мұғалім әрдайым оны педагогикалық ой елегінен өткізуге тырысып, оқушылардың өз пәніне деген ынта-ықыласын қалай туғызып, тереңдету жағын ойлайды.
Мұғалім мектептегі басты тұлға дегенде, оның жеке басындағы баланы оқытып, білімдар өтерлік түрлі қасиеттерді айтады. Солардың бірі –оның балаға деген сүйіспеншілігі.
Мұғалім жұмысының табысты болуы, белгілі жағдайда балаға деген сүйіспеншілікке байланысты. Ол балаға деген тілектестік, қамқорлық және оны құрметтей білуді педагогикалық жағынан талап етушілікпен ұштасыра білгені жөн. Мұғалім болу үшін балаға деген сүйіспеншілік жеткіліксіз, мұғалімдік мамандықты игеру ісі жеке адамның ынтасына, бейімділігіне және қабілетіне байланысты. Ол, әрине, жеке адамның ерекшеліктері мен оның дербес іс-әрекетіне де байланысты.
Балаға деген сүйіспеншілікті бір жақты түсінуге болмайды. Ы.Алтынсарин: «Мұғалім балалармен істес болады, егер олар бірнәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс», - деп жазды. Біздің пікірімізше, балаға сүйіспеншілік – ең алдымен өз мамандығын жақсы көріп, өз пәнінен көбірек мәлімет беруге ұмтылуы. Ғылым негіздерін баланың зердесіне көбірек сіңіріп, оның ғылым мен білімді игеруге ішкі қажеттігін туғызып, балаға әсер ету қабілеті. Бұл жеке адамның дара ерекшеліктерінің бірі бейімділікке байланысты. Жеке адамның белгілі іс-әрекетінің нәтижесін танытатын психикалық қасиетті қабілет деп атайды. Қабілеттің дамуы нышанға іс-әрекеттің нәижелі болуы, өзара байланысты бірнеше қабілетке байланысты.
2. Психология-педагогикалық зерттеу мәліметеріне қарағанда Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузмина, А.Сластенин, А.Н.Щербаков, т.б. педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет