Коммуникативті қабілет –оқушылармен қалыпты дұрыс қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық әдептілікті жетілдіру
Конструктивті қабілет – оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, өз ісіне саналылық, жауапкершілікпен қарап педагогикалық тапқырлық таныту.
Қолданбалы қабілет – мұғалім өз мамандығына қатынасы жоқ спорт, көркемөнер, бейнелеу өнері туындыларын білетіндігімен оқушыларды қызықтырып, оларды қатыстырып, баланы жан-жақты дамыту ісіне өз үлесін қосуы тиіс.
Мұғалімдердің кәсіптік деігейіне арқау болатын кәсіп құрылымы (профессиограммасы ) – жеке басының сапалық негізгі қасиеттері: мемлекеттің, әлеуметтік ортаның идеясын насихаттаушы; өз кәсібіне жан-тәнімен берілгендік; мемлекет ісіне адалдық, ұжымшылдық, кәсіптік-педагогтік бағыттар. Сапалық белгілері: мұғалімдік қызметке бейімділік, қабілеттілік, баланы сүю, байқағыштық, ұйымдастырушылық, орынды талап қою, ұстамдылық, әдептілік, сенім арту, бедел, мақсатты айқындау, ізгілік. Мұғалім қызметінің түрлері. Оған ұстаздық, тәрбиешілік, қоғамдық-саяси, қоғамдық-педагогикалық жұмыстары енеді.
|