4. Оқушыларға әдепті болу, олардың ар-намысын құрметтеп отыру. Мұғалімнің оқушыларға әдепті болуының екі жақты ықпалы бар. Біріншіден, өзара сыйласудың жалпы мәнін және оқу-таным әрекетінің зорлықсыз екенін көрсетеді. Екіншіден, оқушыларға сыпайылықты және қоғамға қажетті тәртіпті қалыптастырады. Баланы балағаттау, оларға тәкаппарлық, менмендік көрсету зорлық жасау, әдептіліктің болмаса ақыл-ойын дамытудың жолы емес, ал оларды жауапкершілікке, тәртіптілікке, өзгені сыйлауға үйреу, тек баланы құрметтеу арқылы іске асады. Мұғалімнің кәсіпік деңгейі шығармашылық іс-әрекетіне, ізденісіне де байланысты. Бұған сай жаңашылдық танытады, яғни оқу-тәрбие ісінде тиімді педагогикалық нәтижеге жетеді. Бұл – қол жетпейтін деңгей емес, қажымай-талмай ізденіс жасаған мұғалімдердің мәресі.
Достарыңызбен бөлісу: |