Сабақ жоспары Курс: 3 Топ: бб-п-18



бет11/12
Дата06.02.2022
өлшемі99 Kb.
#79196
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Сабак жоспар Модуль
МОДУЛЬДІК РП үлгісі
Ұстаздық шеберлік ұстаздық талантпен тығыз байланысты.
К.Д.Ушинский педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен педагогтік әдептің қыр-сырын меңгермейінше, бұған оның қолы жетпейтіндігін айтады.
Педагогтік шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол әр сөзді оқушыларға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын оқушыға толық жіеткізетін, оқушылардың бойына әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген, білгендерін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогтік әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс-тұрысы, қозғалысы, отырып-тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек. Егер ол сыныпқа күлімдеп кірмей, қабағын түйіп келсе, қол сілеп, бей-берекет сөйлеп, өз-өзінен абыржып тұрса, жоқтан өзгеге ашуланып қалса, онда ол ұстаздың сабағын да оқушылар тыңдамайды, оқушылар алдында сенімнен де, абыройдан да айырылады. Сондықтан педагогикалық техникада әдеп, шек, сақтық, ұстамдылық қажет.
Әрине, өмірде бәрі де – ілгері басушылық, кері кетушілік, жабырқаушылық, бақытсыздық, т.б. болып жатады. Осындай сәтсіздігі басқа түскенде педагогтік көңіл күйі, әрине, өзгереді. «Ұстаз көңілсіздігі мектеп табалдырығынан аттар жерде қалуы тиіс» деген мақалаға айналған сөздер ұстаздардың көңіл күйінде әрқашан шаттық үстем болуын қалайды. Мұғалім кей жағдайда әртіске ұқсас. Ал нағыз әртіс өзінің көңіл күйін жасыра алады. Тәжірибелі педагог осылай болуға тиіс. Балалармен жұмыс істеудің ерекшелігі де осында. Балалар жайдары жүзді, шат көңілді, қуанышты болуды қалайды. Сөйтіп, балаларға білім беріп қоймай, жан-тәнімен, күш-жігерімен, мол сүйіспеншілігімен, өмірге құштарлығын сарқа білген, шығармашылықпен жұмыс істейтін тәжірибелі мұғалімдердің көп болуын өмір талап етіп отыр. Қазіргі кезде ұстаз шеберлігі осы күнгі мұғалім қауымына танылып жүрген жаңашыл ұстаздардың шығармашылық қызметінен көрінеді.
Қазақстанда да жаңашыл мұғалімдер күннен-күнге көбеюде. Қазіргі таңда оқытудың мазмұнын арттырудың ғылыми негіздерін тереңдету және профильді оқып-үйренудің оқу жоспарлары, эксперимент жасаудағы кең мүмкіндіктер педагогикалық ұжымдардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашып отыр. Бірнеше авторлық және атаулы мектептер құрылды.
Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа саласына ету – мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына жан-жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.






  1. Құрманалина Ш., Мұқанова Б.,Ғалымова Ә., Ильясова Педагогика

  • http://manshuk.kz/%D0%AD%D0%BB%D0%91%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0/178.pdf



  1. Құрманалина Ш., Мұқанова Б.,Ғалымова Ә., Ильясова Педагогика

http://manshuk.kz/%D0%AD%D0%BB%D0%91%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0/178.p



  1. Құрманалина Ш., Мұқанова Б.,Ғалымова Ә., Ильясова Педагогика

http://manshuk.kz/%D0%AD%D0%BB%D0%91%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0/178.p



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет