2.Әрбір оқушының мүмкіндіктері мен болашағына үнемі сеніп отыру. Мұғалім әр уақытта баланың мүмкіндіктеріне сенеді, оның дамуындағы кейбір ауытқуларды оқу-тәрбие жұмысында жіберілген қателік деп түсінеді.Бұл тұста ескеретін бір жағдай, оқушы өмірінде болатын сәтсіздікті қабілетсіздіктің нәтижесі деп қарау орынсыз. Мұғалім барлық оқушыны оқу қиындығын жеңеді деп қарайды және олардың қарапайым тапқырлығына сүйеніп, болашақта жақсы оқитынына өздерін сендіріп отырады.
3. Оқушылармен оқыту процесінде ынтымақтасу. Баланы оқуға машықтандыру мұғалімнің олармен ынтымақ жасауына байланысты. Ынтымақ деп отырғанымыз – мұғалім мен оқушының оқу материалын меңгеруге әрекеттерін бағыттауы,яғни, ортақ «тілтабысу». Мұнда оқушы мұғалімнің әсер ету объектісі ретінде сезінбейді, қайта өз бетінше еркін әрекет жасайды, ізденеді. Мұны іске асыру үшін мұғалім оқушының оқу материалын шешу «қиын» екендігіне түрлі әсілдерді пайдаланып көзін жеткізеді¸басқаша айтқанда оқушыны ынтымақтасуға бейімдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |