3. Ұстаздық әдеп – мұғалімнің аса бағалы педагогтік қасиеті, адамдар арақатынасының түрлі мағынасында қолданылады. Әдеп – адамдардың өзара жақсы қарым-қатынас жасауына жағдай. Әдепті адамдар басқаларға барынша жақсылық жасап, қуаныш әкелуді тілеп тұрады. Әдепті ұстаз басқа адамдармен не оқушылармен қарым-қатынас жасағанда ақылға салып ойланып сөйлесіп, сергек болады.
Педагогикалық әдеп – кәсібіміздің ең маңызды элементі. Педагогикалық әдеп, педагогтік әдепсіздік бар. Бір мұғалімнің әдепсіздігі, басқа мұғалімнің тәрбие ісіне кесірін тигізуі мүмкін. Ұстаз педагогтік кәсіпті таңдаған соң педагогтік әдепті, білім мен іскерлікті саналы түрде игеріп, оқушыларды оқытуда, тәрбие беруде, адамгершілік этикасын жоғары ұстаған жөн:«Адамға барынша талаптар қою керек, бірақ, сонымен бірге, оны барынша құрметтеу керек » (А.С.Макаренко).
Мұғалімнің әдептілігі де оқушылармен қарым-қатынасында жетекші орын алады. Әдептілік – мұғалімнің шыншылдық, қарапайымдылық, сабырлылық көрсетуі, өзін-өзі басқарып, ұстамдылық жасауы, жат қылықтардан бойын аулақ ұстауы және әр түрлі жағдайларда оқушылармен, өзге адамдармен қарым-қатынас жасай алу ептілігін біріктіретін адамгершілік тәртібі. Әдепті мұғалім әр уақытта оқушылардың құрметті адамы. Олардың айтқанын оқушылар мүлтіксіз орындайды және өнеге тұтады. Тіпті, әдепті мұғалім оқушының мұраты да болуы мүмкін.
Қазіргі кезде оқушыларды құрметтеу зор маңыз алып отыр. Оларға асқан адамгершілікпен қарап, берген тапсырманы мүлтіксіз орындайтын дәрежеге жеткізуге тиістіміз. Сөйтіп, ұстаз – ең алдымен оқушылардың айнымас жан досы, олардың ең жақын көретін адамы, жамандықтан арашалайтын панасы. Бір сөзбен айтқанда, педагогтік әдеп, оқушылардың жүрегіне жол табу, оқуда да, тәрбиеде де өте-мөте қажет. Моральдық сенімді, ынта мен ықыласты, талғамды баланың бойына күштеп қалыптастыру қиын. Амал біреу: оқушы мұғалімін шексіз сүюі керек.
Белгілі психолог Ш.А.Аманашвили мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасын зертей келіп, оны мағыналы етудің басты шарттарын атап берген:
Достарыңызбен бөлісу: |