Сабақ жоспары Мектеп Мерзiм №



Дата08.09.2017
өлшемі35,81 Kb.
#31237
түріСабақ
Өзін-өзі тану сабақ жоспары
Мектеп_______________________________Мерзiм____________№_____

Тақырып: Жақсы көңіл күй – жан шуағы

Құндылық : дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірім, сыпайылық, сыйластық

Мұғалiм:____________________________Сынып:5 Оқушылар саны:__



Сабақтың мақсаты: жақсы көңіл күйдің адами қарым-қатынаста алатын орны туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-өзінің сезімдері мен әрекеттеріне талқылау жасай білуге үйрету;

-өз көңіл күйін, эмоцияларын және сезімдерін басқара білу қабілеттері мен дағдыларын дамыту;

-өз жақындарының ішкі сезімдерін түсіне білуге, адамдарға тек жақсылық нұрын себе білуге тәрбиелеу.





Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізелеріңіздің немесе партаның үстіне қойсаңыз болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарап бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып жүрекіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз жақсы сөзбен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз де жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан –жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түпкір – түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрмын...Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын.»

Осындай Нұр, Махаббат, Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.



Ресурстар: үн таспа,

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Л.Воронкованың «Қуаныш» атты мәтінін оқып келу тапсырылған.

  • Ваняның қуаныштарының ерекшеліктері неде?

  • Ваняның қоршаған ортаны қуанышпен қабылдауының себебі неде?

  • Сендерді нелер қуантады?

Сабақ барысын талқылау:

  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

Ыбырай Алтынсаринның «Таза бұлақ» атты әңгімесін оқиық.

  • Осы әңгімеден не түсіндіңдер?

  • Өз бойындағы жағымсыз қасиеттерден қалай арылуға болады?

  • Көңіліңді, бойыңды бұлақтай таза сақта дегенді қалай түсінуге болады?




  1. Дәйек сөз.

«Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы»

У.Гэзлит

Нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?






  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Жағдаяттарды талқылау.




  1. Топпен ән айту.

«Қуанамын»

Сөзін жазған АМахамбетов.

Әнін жазған М.Жәутіков




  1. Үй тапсырмасы.

«Менің көңіл күйіме әсер еткен оқиғалар» тақырыбында әңгіме құрастырып келу.





  1. Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет