Сабақ жоспары Мектеп: Қоныс ожббм мұғалімнің аты-жөні: А. Н. Кадесова Күні: Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар


Мен түсінемін, түсінгендеймін, түсінбедім



бет6/7
Дата04.07.2018
өлшемі0,65 Mb.
#47100
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Мен түсінемін, түсінгендеймін, түсінбедім.
Мәтін Бесікке салу

Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары да бар. Соның бірі – бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеу дәстүрі.

Қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп өмірге келер сәбиді асыға күткен. Себебі бала – өмірдің гүлі, жалғасы. Жас нәрестенің өмірге келуі, отбасы мүшелеріне әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген, жас нәресте өмірге келгенде арнайы адам жіберіп сүйінші сұратқан.

Қазақ баласын ағаш бесікке салып баққан. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бесікті қазақтың құрмет тұтуы соншалық, кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатқан. Қазақтың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бесікті ардақтаудан шыққан.

Баланың ұйқысы тыныш болу үшін адыраспанды отқа жағып, түтетіп, баланы бесікке бөлерден бұрын бесікті айналдыра ырымдайды Бесікке бөлеу рәсімін ауылдың қадірменді анасы іске асырған.

Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабылады. Бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдармен жабады. Тон, шапан жабу ержеткенде халықшыл болуына, жүген тез өсіп, ат үстіне ойнақ салсын, кебенек пен қамшы – ел қорғайтын ер болсын деген тілек. Бесікке салушы бесіктің барлық жабдықтарын орын-орнына қойғаннан кейін, шашуға әкелген құрт, май, бауырсақты уыстап алып бесіктің түбек байлайтын тесігінен төмен өткізіп, бесік астынан қолын тосқандарға үлестіріледі. Бұл дәстүр тыштырма деп аталады. Әрбір жақсылықты үнемі шашу шашумен қарсы алатын халқымыздың бұл дәстүрі балаға бесік құт дарытсын деген ниетпен туған рәсім. Тыштырма үйлестіріп болған соң, барлық отырғандарды қамшымен арқаларынан ұрып шығады.



С. «Бес қадам» әдісі – Ортаға табан іздері тасталады. Сыныптан 5 оқушы ортаға шығады. Әр оқушыға тақырып бойынша бір сұрақ қойылады. Оқушы табан іздерін баса отырып, жылдам жауап береді.

Сұрақ үлгілері:



  • Баланың дүниеге келуімен байланысты салт-дәстүрді ата.

  • Бесікке қатысты мақал-мәтел айт.

  • Бесікке жабылатын 7 нәрсе.

  • Бесікке салу дәстүрінде қандай ырымдар жасалады?

  • Бесікке қатысты 3 сын есім айт.

Ж. «Сұхбат» әдісі

Оқушылар өз білімдері мен түсініктерін арттыру үшін сұрақ құрастырады. Талқылауға арналған сұрақтар құрастырып, сыныптастарына сұрақ қойып шығады. Кемінде үш баладан жауабын алады.. Нәтижесінде «Бесікке салу» тақырыбында сұхбаттасып, өз серігімен ойын бөліседі.



Дескриптор:

  • Талқылауға арналған сұрақтар құрастырады

  • Кемінде үш баладан жауап алады

  • Сұхбат құрып, өз жұбымен бөліседі.


ЖЖ. №3«Қос жазба күнделігі» - мәтін мазмұнына оқушылардың зейінін аударып, өз қатысын, қабылдауы мен түсінігін келтіре алатын кесте.
Үзінділер / «Цитаталар»Түсіндірме /

Комментарий

(мәтіннен (неліктен бұл үзіндіні

өзін толғандырған, жазып алды, оның

қызықтырған, келісетін, себебі қандай?)

келісе алмайтынт.б.

үзінділерді сөз тіркесімен,

қысқаша сөйлеммен жазу)


Тыңдалым материалы

Мәтін


Қима қағаздар

слайд


Мысалы:

  • Ағаш бесік көшпелі

өмірге өте қолайлы.

  • Бесікті адыраспанмен

аластау, т.б.

ҚБ - 1. Жұптарда өзара бағалау ( Мұғалім мадақтауы)
Ж. №4 Тапсырма

«Төрт сөйлем» тәсілі

  1. Пікір

Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.

  1. Дәлел

Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.

  1. Мысал

Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.

  1. Қорытынды

Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет