Сабақ жоспары Мектеп: Қостанай қаласы №17 орта мектеп


«Зергерлік бұйымдар» бейнежазбаны демонстрациялау



бет3/3
Дата27.02.2020
өлшемі0,49 Mb.
#58637
1   2   3

«Зергерлік бұйымдар» бейнежазбаны демонстрациялау

Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология мен топонимиканың деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, қалайы, алтын, тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын игеру ісінің ежелгі замандарда – ақ қолға алынғандығын айғақтайды.   Қазақтың зергерлік өнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен көрші халықтар мәдениетінің өзара ықпалы арқылы қалыптасқан. Зергерлік өнердің өзіндік жасалу ерекшелігіне тән кәсіптік мінездемесі бар. Қазақ зергерлері (зер – зар парсы тілінде алтын ұғымын білдіреді) көбіне жеке – дара жұмыс істеп, өз өнерінің қыр – сырын ұрпақтан – ұрпаққа үйретіп отырған. Зергерлердің басты жұмысы – қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған - әйелдердің әшекей бұйымдарын жасау. Ол тек эстетикалық сұраныстан ғана емес, сондай – ақ діни – идеологиялық, әдет – ғұрыптық, салт – дәстүрлік қажеттіліктен де туындап жатты. Негізгі материал ретінде тіл – көзден, пәле – жаладан сақтайтын тылсым күші, қасиеті бар деп танылған алтын, көбінесе күміс пайдаланылды. Ата – бабаларымыздан мирас болып қалған зергерлік бұйымдар Сырым Датұлы атындағы тарихи - өлкетану музейінде де сақтаулы. Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сәндік, әсемдік бұйымы. Білезік – білеккке салатын күмістен, алтыннан соғылатын әйел бұйымы, жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, тоспалы білезік, бұрама білезік, қос білезік, тағы басқа атаулары бар. Бес білезік – алтын, күмістен, асыл тастардан, көз орнатылған, күміс шынжыр, арқылы бес сақина бекітілген аса қымбат білезік. Балдақ – алтыннан, күмістен соғылған, жұмыр сақина. Жүзік – қымбат тастардан, көз орнатылған жалпақ сақина оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады. Моншақ – түрлі тастар тізілетін моншақтар. Тұмарша – сәндік үшін омырауға тағатын үшбұрышты салпыншақты күміс бұйым. Маңдайша – сәукеле, тағы басқа тағатын, көз орнатылған күміс бұйым. Сақина – саусаққа салатын, әр түрлі үлгіде күмістен, алтыннан, тағы басқа металдан соғылатын бұйым. Танакөз – шар тәрізді күміске тастан көз орнатылғын түйме тәрізді сәндік бұйым. Өңіржиек – салпыншақтар тағып, үзбелеп жалғаған, омырауға сән беретін, түрлі түсті тастардан, көз орнатылған әсемдік алқалар тізбесі. Үкіаяқ – үкі тұяғына ұқсатып күмістен соғатын, төменгі жағына бірнеше салпыншақ тағылған бұйым. Көз ортаға – күміске орнатылған бармақтай асыл тас. Бас киімге, батырлар дулығасына қадалған. Кемер белбеу – негізі былғарыдан тігіліп, алтын, күміс әшекейлермен шетеуленген аса қымбат белбеу. Қын – кмер белбеумен бірге тұратын, пышақ салынатын, әшекейлі былғары бұйым. Оқшантай – ішіне шағын зат салынатын, кемер белбеуге өткізілген әшекейлі былғары қалта. Қапсырма – әйел камзолына тағылатын, түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым. Шекелік – сәукеле, тақия, тағы басқа бас киімге  тағылатын бұйым. Шаштеңге – қыздардың өрілген шаш ұшына тағылатын, жібек бау өткізілген күміс бұйым. Шолпы – шашқа тағатын, қымбат бағалы, сылдырмақты, бұрым сәнін келтіретін алтыннан, күмістен жасалатын бұйым. Шашбау -  шашты күннен, шаң-тозаңнан қорғайтын, қымбат матадан жасалып, сырты түрлі моншақ жапсырмалармен безендірілген бұйым. Сырға – құлаққа тағатын, сәнді асыл бұйым. Оның сапасына сай көптеген түрлері болад. Аттарақ – жылқының жіліншегін жарып, жұқалап, оны егеп, тіс салып жасаған ағаш сабы бар тарақ. Білезік – сиыр мүйізінен жасалатын, сырты жылтыр, түрлі ою-өрнектер салынған бұйым.


Интербелсенді тақта

Түсіну тасырмасы

Сөздікпен жұмыс:

Алқа – ожерелье

Сырға – серьга

Білезік - браслет

Шашбау –

Сақина – кольцо

Қосымша:

Сақина–саусаққа салатын зергерлік бұйым.

Сырға - әйелдердің құлағына тағатын әшекейлі, сәнді зергерлік бұйым.

Білезік – әйел адамдардың білек буынына тағатын әшекейлі сәнді бұйым.

Алқа – әйел адамдар мойынына, омырауына тағатын әшекейлі, сәнді бұйым.

Шашбау дегеніміз – өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін тағылатын алтын, күміс тиындар тағылған сәндік бұйым

Жаңа сөздерді талдау.

Мәтінді оқу.
АКТ, оқулық, плакат, маркер, қарындаш-тар

Қолдану

тапсырмасы

(Жеке жұмыс)



Мәтінмен жұмыс:

1.Сөздер мен тіркестерді сәйкестендір. Аудар.

2.Жұптық жұмыс.

Мәтіннің мазмұнына қатысты жақша ішіндегі сөздердің дұрыс нұсқаларын қойып жаз.

3. Сурет пен сөйлемді сәйкестендір.

4.Тест жұмысы.







Талдау

тапсырмасы

(Жұптық жұмыс)
5. Топтық жұмыс:

І топ: мәтіннен септік жалғауы жалғанған сөздерді теріп, септік түрін анықтау.

ІІ топ: мәтіннен есімдіктерді теріп, мағыналық түрін анықтау. Сөйлемге синтаксистік талдау.

Наурыздың сәні – ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдар.

Наурызда қыздар ол кісі жасаған бұйымдарын тағады
Жинақтау

тапсырмасы

кестені толтыру

«Журналист» әдісі арқылы ой қорыту. Оқушылар ойларын айтады. Оқушылар Наурыз мерекесі жыл басы. Осы мереке тойланған кезде Жер –Анамыз бусап, мал өріске шығып, адамдардың ауызы аққа тиеді. Күн жылынып адамзат бір біріне сүйіспеншілікпен қарай бастайды. Осы мерекеде жақсы көру,қадірлеу,сыйластық артады.

Журналист әдісі



Бағалау

Оқушының

аты-жөні


Үй тапсырмасы

Жаңа білім

Тапсырмалар

Қорытынды

Балл







1

2

3

4

5

































































































Бағалау парағы



Сабақтың соңы


Рефлексия.Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

«Сақина» әдісі арқылы

1 алтын -– сабақ түсінікті болды, сабақ маған ұнады. Өзіме өажеттісін алдым.

2- күміс – сабаққа белсенді түрде қатыстым, аз болса да топқа көмегім тиді

3- қола – сабақты түсінбедім, сабаққа қатыса алмадым.



Үй тапсырмасы.

Мәтінді мазмұндау





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Денсаулық – зор байлық.


Мектеп: №17 орта мектебі

Күні: 08. 11. 2018 Мұғалімнің аты-жөні: Жиренбай Ә. Ж.

Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы

Денсаулыққа зиянды әдеттер


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары

05 Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады.

Ж5 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазады. Ішкі тыныштық құндылығын сақтап, қалыптастырады.

Құндылық

Ішкі тыныштық

Қасиеттер

Қарапайымдылық, шыдамдылық, сабырлылық, төзімділік, жағымды ойлау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінді оқиды, мазмұнын түсінеді. Жай сұрақтар құрастырады және мәтін жазады.




Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыруда қателікке бой алдырады. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түсінеді, тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра мәтін жазуда қиналады.




Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазады.




Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы.




Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: бас тарту, ауыр науқас, сыртқы келбет.




Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Денсаулықты сақтау үшін не істеу керек?

  • Денсаулыққа зиянды әдеттерді атаңдар.

  • Жаман әдетке үйір болу мен спортпен айналысу: қайсысы жасөспірім үшін пайдалы?

  • Зиянды заттарға әуестенудің ақыры қалай болады деп ойлайсың?

  • Зиянды әдеттер туралы өз пікірің?

Бағалау критерийі

05

  • Оқылған мәтінді түсінеді.

  • Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады.


Ж5

  • Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстырады.

  • Жинақы мәтін жазады.

Құндылықтарға баулу

Басты байлық – денсаулық екенін ұғындыру

Пəнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, дене шынықтыру

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Арақ, темікі, алькагольдік өнімдердің адам ағзасына зиянды екенін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы

Тыныштық сәті

Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Ынтымақтастық атмосферасын құру.
1. «Нұрға бөлену»

- Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Сұрақ:
1. Жағымды көңіл күйге келе алдыңыздар ма?
2. Кім өз ойымен бөліскісі келеді?

Қорытынды: Олай болса, осы нұрды жүректеріңізде сақтап, тыныштық қалпымызда қалайық.

Адамның жақсы өмірінің негізінде билігі бәріне жүретін үш қасиет жатыр: адал еңбек, ар-ожданды ақыл-ой, шынайы жүрек. Бұларсыз өмірде тыныштық пен келісім табылмайды. Шәкәрім Құдайбердиев
Мағынасын ашу: Тыныштық – кез-келген сыртқы жағдайда ақыл-ойдың тазалығын сақтау. Жан тыныштығы – ол адамға кез-келген жағдайдан шығуға көмектесетін күш. Жан тыныштығы таза жүректе орнайды.


Сабақтың ортасы


Мәтінді түсініп оқиды. «Бірге ойлаймыз» әдісі бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек. Зиянды әдеттермен күресу осы құбылыстың себептері белгілі болған жағдайда ғана табысты болады. 
Темекі тарту, яғни, никотинизм – зиянды әдет және нашақорлықтың бір түрі. Статистикалық мәліметтер бойынша планетада ересектердің 80 пайызы темекі тартады. Оның ішінде 60 пайызы ер азаматтар, 20 пайызы әйелдер екен.


Темекі түтіні адам организмі үшін зиянды және улы заттардың жиындысы болып табылады. Олардың ең бастылары – никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне душар ететін әртүрлі радиобелсенді элементтер болып табылады. Олардың ішіндегі ең улысы – никотин. Адам ағзасы үшін бар болғаны бір-ақ тамшы /ол 10-12 тал сигаретте болады екен/ никотин уы жеткілікті көрінеді.  Темекі тартатын адамда никотиннің ықпалынан асқазан қышқылдығы төмендейді. Қан қысымы артады. Орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметі бұзылады. Елу жасқа дейін темекі тартатын әйелдерде миокард инфаркті темекі тартпайтындарға қарағанда 20-есеге жиірек кездеседі екен. Бронхитпен ауырушылардың 75 пайызы темекі тартушылар болып табылады. Темекі ішкі мүшелер қызметін бұзып, ауруға душар етумен қатар, адамның сыртқы келбетін де бұзады. Түтіннен шыққан зиянды улы заттар беттегі майда қан тамырларын зақымдап, бет терісі ауруларына душар етеді.

Жыл сайын жер бетінде темекіден 3 миллион адам, яғни темекінің улы әсерінен әрбір 13 секунд сайын бір адам өледі екен. Жастай шылымға үйренген жастар ұмытшақ келеді. Оқу үлгерімі нашарлайды, тіпті ақыл-ойы кемиді.

Темекі шегушілік студент жастардың арасында жиі кездесетін болып жүр. Әсіресе, қыз-балалардың темекі шеккені көңіл алаңдатарлық нәрсе.

Темекі шегу тұрмыс құрған болашақ аналарға өте зиян. Олардың шеккен әрбір тал темекісі бойындағы нәрестенің денесіне сіңетін улы заттардың мөлшерін 10 пайызға көбейтіп, нәрестеге қажетті оттегінің мөлшерін 10 пайызға кемітеді екен. Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс.
«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісінің көмегімен тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстырып жазу




Сабақтың соңы

«Кубизм» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын қорытындылау
«Пирамида» тәсілі арқылы оқушылар рефлексия жасайды.




Қосымша ақпараттар

Саралау – Сіз қандай тəсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау

Қабілетті оқушылармен жұмыс:

ПОПС жазуды тапсыру
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс:

Сөздікпен жұмыс және әр тапсырмада тиімді кері байланыс жасау


«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау





Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді ме? Оқушылар бүгін не үйренді? Сабақтағы ахуал қандай болды? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Уақыт есебінен ауытқу болды ма? Жоспарға қандай өзгеріс енгізілді?


Оқу мақсаттары қолжетімді болды. Оқушылар бүгінгі сабақта оқылған мәтінді түсінді.Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырды. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазды. Уақыттан ауытқу болмады.


Кишкентаева Багитгуль Туйгуновна

Қостанай қаласы, №17 мектеп
"Өзін-өзі тану" пәнімен интеграцияланған қазақ тілі мен әдебиеті сабағының жоспары

Мектеп: Қостанай қаласындағы №17 орта мектебі

Мерзімі: 16.10.2018

Мұғалімі: Кишкентаева Багитгкль Туйгуновна

Сынып: 6"Б"

Оқушы саны: 12

Тақырыбы: Қазақстан таулары

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: қамқорлық, әділдік, ұқыптылық





Мұғалімнің аты-жөні:

Күні: 16.10.18

СЫНЫП: 6

Сабақ 38-39

Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:


Қазақтың таулары

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

6.3.1.1. Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру.

6.5.1.3 реттік сан есімдер мен жинақтық сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қодану.



Құндылық Қасиеттері

Дұрыс әрекет

Қамқорлық, әділдік, ұқыптылық



Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

 таулар және оның түрлері туралы түсінік беріледі, өз ойларын еркін жеткізуде сөйлеу шеберлігін, таулардың биіктігі бойынша жіктелуін игереді



Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтай алады, реттік және жинақтық сан есімдерді орынды қолдана алады.



Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

сауаттылық деңгейін арттыра отырып, тіл байлығын дамытады, есте сақтау қабілетін нығайтады.

Бағалау критерийі

Тақырып бойынша ойларын айқын тұжырымдайды;

Мәтіннің мазмұнын дұрыс түсінеді.



Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Тізбекте берілетін бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерін (қос нүсте, нүктелі үтір) қолдану.



Пән лексикасы және терминология:

Кербез, сүтқоректі, жүйе, шипажайлылық аймақ, жауһар



Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Біздің ойымызша, _______________. Мәтіндегіжауапта «_______» келтірілген.



Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды табиғат заңдылықтарын сақтауға, табиғатпен үндестік таба білуге үйрете отырып,әділдікке баулу.

Оқушыларды қамқорлыққа, әділдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

география, орыс тілі

Алдыңғы оқу

Әлемдегі биік таулар

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 2 минут

Кел, жаныма тұр, сыныптас,

Өз алақаныңды маған аш.

Міне менің қолым бос,

Жылуыма жылу қос.
Топтарға бөлу. «Кір жайғыш жібі» әдісі бойынша екі топқа бөлу.

Бағалау парағымен таныстыру.

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні_____________________________________________________________



Тапсырма

Дескриптор

Балл

Менің баллдарым

1.Үй тапсырмасы

Сұраққа дұрыс жауап бередім.

1




2.Мәтінмен жұмыс

1.Мәтінді түсініп оқидым

1







2.Кластер немесе Венн диаграммасын толтырадым.

1







3. Постерді қорғадым

1




3. Мәтін сан есімдерді тауып, түрін ажырату

Сан есімдерді тауып, түрлерін ажыратам

2




4. Сөйлемдер құрастыру

Сөздерді ретімен қойып, сөйлем құрастыру.

2




5. Ақпарапттың дұрыс, бұрыстығын анықтау

Ақпарапттың дұрыс, бұрыстығын анықтадым.

1

(әр дұрыс жауап -1 балл)






Жалпы балл











Өткенді қайталау

1.Қала дегеніміз не?

2. Қалада адамдар немен айналысады?

3 Ауыл дегеніміз не?

4.Төрт түлікке не жатады?

5. Сиырдың төлі не?

6. Ешкінің төлі не?

7. Сан есім дегеніміз не?

8. Сан емінің түрлері қандай?


1-топ: Сарыарқа тау

2-топ: Қарқаралы тау

«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.


Ортасы

10 минут

Сергіту сәті

2 минут


1.Жаңа тақырыпты анықтау (оқушылар бейнефильм қарайды)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

2 Мәтінмен жұмыс жасау.



А) жаңа сөздермен танысу

Кербез –элегантность

Сүтқоректі-млекопитающие

Айнала-вокруг

Жүйе-система

Шипажайлылық аймақ- лечебная зона

Жауһар-жемчужина

Бөліп жатыр-разделяет

Б) Мәтінді оқиды, постер құрастырады



1 топ: Кластер

Қарқаралы таулары.

Қарқаралы таулары - ең көрікті жерлердің бірі. Кербез де, сұлу бұл тау Қарағанды облысындағы Қарқаралы ұлттық паркінің аумағында орналасқан. Жалпы аумағы 12 гектардан асады. Бұл паркте таулар тізбегінен бөлек, ағаштың сан түрі өседі, өзен-көлдер мен үңгірлер де бар. Онда сүтқоректілердің 40 және құстардың 114 түрі мекендейді. Қарқаралы тауларының айналасы ұсақ шоқылы, төбелі, жоталы таулар мен биік шоқылардан тұрады. Қазақстанның ортасында орналасқан тау тізбегіне жыл сайын 20 мыңға жуық туристтер келеді.

2 топ: ВеннДиаграмма

Сарыарқа мен Мұғалжар таулары

В) Постерлерін қорғайды

Аймектептен сан есімдерге байланысты тест шығару
Г) тапсырмалар орындау

1.Мәтіннен сан есімдерді көшіріп, түрін ажырату 2 топ

2. Сөздерді ретімен қойып, сөйлем құрастыру

1 топ: 1.Достарымызбен, бардық, тауға, біз.

2.Таза, ауасы, таудың, болды.



2 топ: 1.Биік, Қазақстанда, таулар, орналасқан, оңтүстікте

2.Көп, өсімдіктер, мен, жануарлар, тауларда.



Қазақстан таулары туралы бейнефильм қарау

миды шынықтыруға арналған тест сұрақтар.











Аяқталуы

Сабақты бекіту

3 минут

«Дұрыс, бұрыс» әдісі







Ақпарат

Дұрыс

Бұрыс

1

Сарыарқа- Солтүстік Қазақстанда орналасқан.







2

Оның орташа биіктігі 500-600 метрдей.







3

Мұғалжар тауы – аса биік емес тау тізбегі.







4

Қарқаралы тауы Ақмола облысында орналасқан.







5

Қарқаралы тауының жалпы аумағы 12 гектардан асады.











Бағалау
5 минут

Кері байланыс

3 минут


Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні_____________________________________________________________



Тапсырма

Дескриптор

Балл

Менің баллдарым

1.Үй тапсырмасы

Сұраққа дұрыс жауап бередім.

1




2.Мәтінмен жұмыс

1.Мәтінді түсініп оқидым

1







2.Кластер немесе Венн диаграммасын толтырадым.

1







3. Постерді қорғадым

1




3. Мәтін бойынша екі сұрақ құрастыру

Екі сұрақты дұрыс құрастырдым

2




4. Сөйлемдер құрастыру

Сөйлемдерді дұрыс құрастырдым.

2




5. Ақпарапттың дұрыс, бұрыстығын анықтау

Ақпарапттың дұрыс, бұрыстығын анықтадым.

1

(әр дұрыс жауап -1 балл)






Жалпы балл












«Рефлексия»

«Сауалнама» әдісі

Оқушының аты-жөні_______________________________________________________



  1. Сабақта мен ... жұмыс істедім.

  2. Мен сабақта өз жұмысыма ...

  3. Сабақ маған .... көрінді.

  4. Сабақта мен ...

  5. Менің көңіл –күйім ...

  6. Сабақ материалы ...

Белсенді/ енжар активный/ пассивный

Ризамын/ риза емеспін довольный/не довольный

Қысқа/ұзын короткий/длинный

Шаршадым/шаршамадым устал/ не устал

Жақсы/ жаман хорошее/плохое

Түсінікті/түсініксіз понятно/непонятно

Пайдалы/пайдасыз полезный/не полезный

Жеңіл/қиын трудный/легкий





Бағалау парақшасы

«Сауалнама» әдісі


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс







Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?





Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды



жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет