Мектеп:
|
Сырбай Мәуленов атындағы гимназия
|
Күні:
|
10.04.2017
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Қалмағанбетова А.Д.
|
Сынып:
|
5
|
Қатысқандар саны:11
|
Қатыспағандар саны:0
|
Сабақ тақырыбы
|
Қазақстандағы ғылым мен мəдениеттің дамуы
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты
|
Оқушыларға XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы жайында мағлұмат беру, ғылыми-техникалық прогрестің Қазақстан шаруашылығына тигізген әсерін анықтауға жағдай жасау. Қазақстанның ғылым, мәдениет, өнер және саласындағы жетістіктерін анықтау.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар үйренеді
|
ҚР Ғылым Академиясының тұңғыш президентін біледі, «Мәдени мұра» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін түсінеді.
|
Оқушылардың көбісі үйренеді:
|
ҰОС кейінгі ғылымның дамуына талдау жасай алады.
|
Кейбір оқушылар үйренеді:
|
Қазақ киносы мен әдебиет саласының кемеңгерлерінің қосқан үлестерін жинақтайды, қазіргі кездегі кино өнерінің дамуына баға бере алады.
|
Алдыңғы білім
|
Оқушылар «ғылым», «өнер», «мәдениет» деген ұғымдарды түсінеді, мәдениетті материалдық және рухани деп ажыратада алады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері, уақыты
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы (10 мин)
Ұйымдастыру кезеңі
1 мин
|
Амандасу, оқушыларды түгендейді
|
Амандасады
|
|
Топқа бөліну
2 мин
|
Топқа түрлі-түсті стикерлерге фигуралардың суретін салып, ұқсас фигуралар арқылы бөлу
|
Оқушылар топқа бөлінеді
|
стикерлер
|
Үй тапсырмасын тексеру
4 мин
|
Үй тапсырмасын «Миға шабуыл» әдісі арқылы тексеріп шығу
Сұрақтары:
Тың және тыңайған жерлерді игерудегі басты мақсат не болды?
Неліктен тыңайған жерлерді игеру көбінесе Қазақстанда жүргізілді?
Тың жерлерді игерудің пайдасын қандай болды деп ойлайсың?
Тың жерлерді игеру мал шаруашылығының дамуына неліктен кері әсер етті?
Тың жерлерді игеру қазақ халқының ұлттык ерекшелігіне қандай зиян тигізді?
Тың игерудің тарихи маңызы қандай?
Тың жерлерді игеру неліктен солтүстік және орталық облыстарда жүргізілді деп ойлайсың?
|
Оқушылар сұрақтарға толық жауап береді.
|
|
Қызығушылық сезімдерін ояту
«Мюнстенберг» әдісі
3 мин
|
1ҚР Ғылым Академиясының тұңғыш президентін анықтауына тапсырма беру
гштиаперыглқазақстан
даорнгрнгшпреспублика
сыгкалшогворевнр
ғылымдбвамлганшдтав
академиясыныңдпранавтеа
тұңғышвмтатандвш
президентівамаелприеон
қанышдаонрапштллгашв
имантайұлылвоапатлагада
сәтпаевтадпгпоашал
|
|
Шатасқан әріптердің ішінен дұрыс сөздерді табу арқылы оқушылар ҚР Ғылым Академиясының тұңғыш президентін анықтап шығады
|
Үлестірмелі материал
|
Сабақтың ортасы
Негізгі бөлім (25 мин)
«Пікіріңмен бөліс» әдісі
4 мин
|
ҰОС кейінгі ғылымның дамуын талдауға бағыттайды
|
Берілген тапсырма бойынша оқушыларға өз пікірлерін ортаға салады.
|
|
«Семантикалық карта»
7 мин
|
Қазақстанның мәдениет, өнер және спорттың дамуына үлес қосқан тұлғаларды анықтауға бағыттайды
|
Семантикалық картада өздерінің білетін тұлғаларын белгіліп шығады
|
Семантикалық карта
|
«Ой қозғау» әдісі
4 мин
|
ҚР ҒА тұңғыш президенті білуге, «Мәдени мұра» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін талдауға бағыттайды.
|
«Мәдени мұра» бағдарламасының не үшін жүзеге асырылғанын ауызша жауап беру арқылы талдайды
|
|
«Мәдениет жетістігі» кесте
8 мин
|
Қазақ киносы мен әдебиет саласының кемеңгерлерінің қосқан үлесін кестеде жинақтаңыз
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері
|
Атақты опера әншілері
|
Көрнекті кинорежиссер
|
|
|
|
|
Кесте толтыру арқылы ойларын жинақтайды
|
Кесте, дәптер, оқулық
|
Сабақтың аяғы (10 мин)
«W» әдісі
7 мин
|
Қазіргі кездегі қазақ киносының дамуына салыстыру арқылы баға беріңіз.
|
Салыстыруды толтыру арқылы қазақ киносының қазіргі кездегі дамуына баға береді.
|
Кесте, дәптер
|
Рефлексия
«Бағдаршам» әдісі
4 мин
Үй тапсырмасын беру
1мин
|
Сабақты қаншалықты меңгергінін бақылау мақсатында «Бағдаршам» әдісі арқылы рефлексия жүргізеді
|
Тақтада тұрған бағдаршамға стикерлерді іледі
Кері байланыс жасалады
Жиынтық бағалау
|
Тақта, түрлі-түсті қағаздар, стикерлер
|