Сабақ жоспары Мұғалім: Мерзімі: Сынып: Сабақ: №1



бет9/71
Дата14.10.2022
өлшемі4,32 Mb.
#152956
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   71
Байланысты:
экология қмж 6 кл (1)

Мәтінмен жұмыс (оқушыларға мәтін бойынша проблема туындату)
Жұптық жұмыс






«Оттегі туралы ертегі» (Ертегіні оқу барысында әр топтан оқушылар кезекпен шығып реакция теңдеулерін жазады)
Оттек көп қабатты үйдің (периодтық жүйе) 2 – қабатында тұрады. Ол бірде өзін сынамақ болып «Мен қандаймын, көршілеріме барсам, мені қалай сыйлар екен?» деп көршілерін араламақ болады. Ол бірінші қабаттағы көршісіне барып, ондағы элементпен қосылып айдын көлге айналады:
(2Н2 + О2 = 2Н2О)
Тоңып қалған оттек жылыну үшін екінші қабаттағы № 6 пәтердің есігін қағады. Оттек осы пәтердің иесімен қосылып жанып, жарық бөледі:
(С + О2 = СО2)
Көміртектің үйінен шығып, сол жақ көршісіне соғып кетпекші болады. Осы пәтерге кірген бойда найзағай ойнап, аспан айналып жерге түскендей болады:
(N2 + О2 = 2NО – Q)
Қатты дауыстан қорқып, үшінші қабатқа шығады.
№ 12 пәтерге кірсе онда да бөлменің іші жарқылдап жанып, жылу бөлінеді. Ол жерден де тура қашып, жан – жағына қараса № 15 пәтердің есігі ашық тұр екен, оттек осында кіреді. Бөлме іші кенеттен жап - жарық болып, ашық жалынмен жанып, бөлме іші ақ түтінге толады:
(2Mg + O2 = 2MgO 4Р + 5О2 = 2Р2О5)
Бұдан соң оттек № 14 пәтерге келіп, екеуі қосылып топырақ пен сазға айналды:
(Si + О2 = SiО2)
Оттек өзінің осындай қасиетіне маңғаздана түседі. Ол енді металдар орналасқан қабаттарды аралап көрмекші болады. Сырт көзге жанбайтын деп есептелетін заттар да оттекте жанады. Оттек осылай бірнеше пәтер иелерімен қосылып, өзінің «оксидтер» деп аталатын қосылыстарының көп екеніне қуанады. Алайда, ол № 2, 10, 18 пәтер иелерімен қосылыс түзе алмайтынына қатты өкінді. Оттек өзінің белсенді элемент екенін осылай дәлелдепті және түрленіп басқа да жай зат күйінде кездеседі екен.
Ол жай зат озон.


Бағалау критерийлары:

  • Сутегімен реакция теңдеуін жаза алады

  • Көміртегімен реакция теңдеуін жаза алады

  • Азотпен реакция теңдеуін жаза алады

  • Магний және фосформен реакция теңдеуін жаза алады.

  • Күкіртпен реакция теңдеуін жаза алады.

  • №2,10,18 элементтерін анықтай алады

  • Оттек аллопропиясын біледі Оқушылар жұпта бір-бірін бағалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет