Сәлем, балақай! Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» меменмен Мен қандаймын,қандаймын



Дата07.02.2022
өлшемі10,52 Mb.
#96158
Байланысты:
кеңістікті бағдарлау


Сәлем, балақай!
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»
меменмен
Мен қандаймын,қандаймын,
Шұғылалы таңдаймын!
Күлімдеген күндеймін!
Еш уайымды білмеймін.
Шаттық шеңбер
Оқу қызыметімізді бастамай тұрып,өткен оқу қызыметімізді қайталап өтейік . Бір жылда неше мезгіл бар ?
Атап берші?
Тақырыбы: Қай жерде тұр? Кеңістікті бағдарлау
Мақсаты:
(Жоғары-төмен ,сол жақта-оң жақта,
үстінде –астында,ортасында,
арасында) сияқты кеңістік
қатынастарын анықтап,қағаз
бетінде бағдарлау қабілетіңді
қалыптастыр.
Шкаф сөрелерін ретте. Шашылып жатқан ойыншықтарды
үлгідегідей етіп орналастырып,заттың қай жерде орналасқанын айтып отыр.
Қане , балақай қонжық қай жерде тұруы тиіс.
Ал, Сөредегі мына орынды қалай атайды ?. Ал , қуыршақ ше?
Жарайсың ,Қонжық сөренің жоғарғы жағында тұр,
ал қуыршақ сөренің оң жағында тұр.
Қане , сөмке қай жерде тұруы тиіс.
Сөредегі мына орынды қалай атайды . Ал , мәшине ше?
Сөмке сөренің сол жағында тұр,
ал мәшине төменгі жағында тұр.
Қане , доп қай жерде тұруы тиіс.
Сөредегі мына орынды қалай атаймыз? Ол ненің қасында тұр?
Неден жоғары,неден төмен,қай заттардың ортасында тұр?
« Сергіту сәті »
Балақай, дәптердегі 2-тапсырманы орында.
Алдымен қолшатырлардың дәптерге қалай орналастырылғанын айта ғой : «Үстінде, астында, оң жақта, сол жақта ,ортасында) Содан кейін қолшатырларды орналасқан жеріне қарай әр түрлі түспен боя.
Оларды қай түспен бояйтынын табу үшін бізге бағдаршам көмектеседі. Бағдаршам көрсетіп тұрған қолшатырды табыңдар ,
Жарайсың!
Сары түсті бағыт пен көрсетіп тұр,яғни сары түспен бояймыз.
3 ші тапсырманы орындауды ұсынамын.
Бұл тапсырма алдыңғы тақырыпты қайталауға ,логикалық жағынан талқылауға ,және тақырыпты жинақтауға берілген.
-Жоғарыда,төменде,оң жақта,сол жақта және ортасында орналасқан заттарды айт .
Артық зат қайсы?
Неге?
Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстың. Жарайсың !
Сау бол балақай!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет