ВИДЕО САБАҚ ЖОСПАРЫ
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Айна Узбен, Жұлдыз Калиева
|
Пән/Сынып/Мектеп:
|
Қазақ әдебиеті, 5-сынып, № 4 Ж.Жабаев атындағы мектеп-гимназиясы
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
2-тоқсан, 1-апта, №1 сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
2-бөлім.
Тәрбиенің қайнар бұлағы
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі. Жетімдік
|
Оқу мақсаттары:
|
Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
|
Сабақ мақсаты:
|
Шығарма мазмұнын түсінеді;
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;
Тұжырым жасайды.
|
Бағалау критерийлері:
|
Шығармада көтерілген мәселелерді анықтайды;
Көтерілген мәселелерді негізге ала отырып, идеясы мен тақырыбын ашады;
Өзіндік тұжырым жасайды.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (2,3,4 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Сабақтың мазмұны
|
Ресурстар
|
1 минут
|
Ұйымдастыру
|
Сәлеметсің бе?
5-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!
Сабағымыздың тақырыбы: «Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі. Жетімдік»
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
• Дулат Бабатайұлының «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі.
Сенің меңгеретінің:
Шығарма мазмұнын түсінесің;
Шығармада көтерілген мәселелерді анықтайсың;
Шығарманың тақырыбы мен идеясын ашасың;
|
|
1-2 минут
|
Жаңа сабақ
|
Дулат Бабатайұлы туралы бейнефильм көрсету.
|
|
3 минут
|
1. «Миға шабуыл» әдісі арқылы сабақта талқыланатын мәселені болжау
2. «Түсініп оқу» стратегиясы арқылы өлең мазмұнын меңгеру, ақынның айтпақ ойын ашу
|
Ойыңмен бөліс
Адамға толыққанды өмір сүру үшін не қажет?
1-тапсырма
Өлең үзінділерін түсініп оқып, «Ақтан жастың өміріндегі қажеттіліктерді» ашып көрсет.
Дескриптор:
Шығарма мазмұнын түсінеді;
Ақтан жастың өміріндегі қажеттіліктерді ашып көрсетеді;
Ақынның айтпақ ойын ажыратады:
Ақтан жастың өміріндегі қажеттіліктер
|
О, Ақтан жас, Ақтан жас,
Сенде жетер ме екенсің?
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?
Жарық сәуле көре алмай,
Ел шаңына ере алмай,
Сол бойы кетер ме екенсің?
Жапанға біткен жапырақ
Жамылсан тонар ма екенсің?
|
Жетімдіктен арылу.
Бақытты күн кешу.
|
Ақтан жастың өміріндегі қажеттіліктер
|
Жазғы шыққан бүлдірген
Сұғыңсаң тояр ма екенсің?
Күрек тісін қасқайтып
Сұлу сүйер ме екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?
|
Ер жетіп, өз жұбын кездестіру.
Ер мінезді батыр болу.
|
Ақтан жастың өміріндегі қажеттіліктер
|
Тұлпар атты жаратып,
Құйрық - жалын таратып,
Бежін ерді ерлетіп,
Жорыққа жортып, терлетіп
Сырты қырлы, жүзі алмас,
Салған дағы жоғалмас
Сапы асынар ма екенсің?
Босағасын борлатқан,
Таңдайға дәмі татымас
Керегесін торлатқан,
Тегерішін манаттан,
Жібектен ызып бау таққан
Үйге кірер ме екенсің?
|
Мерген болу.
Отбасылы болу,
өз шаңырағын құру.
|
Ақтан жастың өміріндегі қажеттіліктер
|
Тең құрбыңмен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніңе бал құйып,
Өмір де сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің.
Қажыма, Ақтан, қажыма,
Жетерсің, әлі жетерсің.
|
Балалы болу.
Ел қатарлы өмір сүру.
Қуанышты күндерге қол жеткізу.
|
|
|
|
3. «Талқылайық» тапсырмасы арқылы өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу
Бекіту
«Төрт сөйлем» әдісі арқылы сабақты қорытындылау, өзіндік тұжырым жасау
|
2 - тапсырма
Сұрақтарды талқылай отырып, өлеңнің идеясы мен тақырыбын аш.
- Балалар, көтерілген мәселеге байланысты Ақтан жас қажеттіліктерін анықтадық. Ендеше, өлеңде кім туралы айтылған? Ақын не айтқысы келді деп ойлайсыңдар? Тақырыптың негізгі идеясы қандай?
Анықтама бұрышы
Тақырып
|
Идея
|
Жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы
|
Жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы.
|
- Иә, балалар, өлеңде жетім баланың өмірі суреттелген. Ал ақынның айтпақ ойы осы жетім бала Ақтан жасқа жақсы өмір тілеу, оның өмірінде қуанышты кезеңдердің болуын қалауы еді. Ендеше, өлеңнің тақырыбы – жетім бала тағдыры болса, тақырыптың негізігі идеясы - жетім бала Ақтан жасқа игі тілектер айту арқылы баланың бақытты азамат болуын тілеу және оған бата беру.
Дескриптор:
Өлеңнің тақырыбын ашады.
Ақынның айтпақ ойын ажыратады;
Өлеңнің идеясын ашады.
3 - тапсырма
«Төрт сөйлем» әдісі арқылы сабақты қорытындылап, өзіндік тұжырым жаса.
.- Шығармада көтерілген мәселеге байланысты
- менің пікірім:
- оған мәтіннен дәлел:
- өмірден мынадай мысал келтіремін:
- мынадай тұжырым жасадым:
Дескриптор:
-Берілген тақырып бойынша өз пікірін айтады;
- Мәтіннен дәлел келтіреді;
- Өмірден мысал келтіреді;
- Сыни тұрғыда баға береді, өзіндік тұжырым жасайды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |