9.2.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру.
9.4.4.4. аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану
-мәтінмен танысады, баяндайды, жанрын ажыратады;
- мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастырады
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
І.Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, психологиялық жағымды ахуал туғызу.
Амандасады
ІІ. Жаңа білімді игерту
1. Білу
2. Түсіну
Құрмалас сөйлемдерге қойылатын тыныс белгілер. Жалғаулық шылаулар арқылы құрмаласқан салаластың барлық түріне,мағыналарының әр түрлі болғанына қарамасытан үтір қойылады.Ешбір өзгеріссіз су да ақырын тербеледі,қалтқы да жыбыр-жыбыр қозғалады. Егер салаластағы жай сөйлемдер және шылауымен байланысса,олардың арасына ешбір тыныс белгісі қойылмайды Күріш жапырағының өзегі оның өз түсіндей болады және сол өзекшеден бірнеше талшықтар тарап жатады. 2. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас үтірмен бөлінеді.Олжабек бұл жолы бөгелген жоқ,жауапты қолма-қол қайырды.Ай таяқ бойы көтеріліпті,маңдай алда дөп-дөңгелек болып толықсып тұр. 3.Жалғаулықсыз себеп-салдар салаластың себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасса,соңынан үтір қойылады.
Бимендінің әкесінің аты – Сыздық еді,ауылды Сыздық ауылы дейтін. 4.Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың арасына үтір мен сызқша қойылады.Сен дайын ереже ұсынасың, - менің оған көнгім келмейді. 5. Түсіндірмелі салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышы сонша, соншалық, сондай деген сөздерден болса,олардан кейін сызықша қойылады.райханның зәресі ұшқаны сондай – үні шықпай қалды. 6. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас істің,оқиғаның мезгіл жағынан өте тез,қас қаққандай уақыт ішінде болғандығын білдірсе не ол іс-оқиғаның өзара шарттас мәнде айтылғанын көрсетсе,құрамындағы жай сөйлемдерінің арасына сызықша қойылады.Шатырлап тұрған қурай лап етті – қара түтін бұрқ етті. 7. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдерінің арасына қос нүкте не сызқша қойылады.
Екеуі де жастықты жаңа заманнан бастаған: дала жаңаша гүлдейді,далаадамы жаңаша өмір сүреді. 8. Жалғаулықсыз себеп-салдар салаластың салдар мәнді жай сөйлемі себеп мәндісінен бұрын тұрса,араларына қос нүкте қойылады.Малшы сырын білем мен: қолында өскем жасымнан.