Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010



бет33/36
Дата30.04.2017
өлшемі5,25 Mb.
#15228
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

ІҮ. жаңа білімді бекіту: -Бағдаршам құрастыру үшін не қажет? Бағдаршам көздерінің қай түсі жанған кезде не істейтінін әңгімелеу.Жұмбақ шешу.

Ү. Сабақты қорытындылау: Біз сендермен не жасауды үйрендік?
11. Сабақтың тақырыбы: Тасбақа пішінін құрастыру.

Сабақтың мақсаты: 1 Табиғи материалмен жұмыс істеудің әдіс- тәсілімен таныстыру.Тасбақа пішінін құрастыру. 2. Танымдық қабілеттерін дамыту. 3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың мазмұны



І .Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.Тасбақа пішінін құрастыру.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1.Ермексаздан тасбақаның басы мен аяғын мүсіндеу.2.Тасбақаның басы мен аяғын оның денесіне ( жаңғаққа)жапсыру. Көзін жасау.3. Қауіпсіздік ережесін ескерту.

ІҮ. жаңа білімді бекіту. - Тасбақа пішінін құрастыру үшін не керек? - Тасбақаның жасалу жолын толық айтып бер? - Жаңғақ қабығынан тағы қандай пішіндер құрастыруға болады? Оған қосымша тағы қандай материалдар керек? Оқушыларға тасбақа пішінін жасату. Әдемі етіп, ұқсатып, ойлана жасауға баулу. Тазалықты сақтауға баулу.

Ү. Сабақты қорытындылау: Біз сендермен не жасауды үйрендік?






Күні: 19.02.13

Піні: еңбекке баулу.

Ермексазбен жұмыс істеу.

Сабақтың тақырыбы; Ермексаздан бейне жасау.

Сабақтың мақсаты: 1 Ермексазбен жұмыс істеудің әдіс-тәсілімен таныстыру. 2.Қолынан іс келетін өнерлі, шебер болып өсуге баулу 3. Шеберлік өнерін дамыту.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:

а) Құрал жабдықтармен таныстыру. Ермексаз -жұмсақ, илеуге,созуға ыңғайлы материал. Сондықтан ермексаздан әр түрлі көлемдегі фигураларды жасауға болады. Ермексазбен жұмыс істеу үшін төмендегідей құрал-жабдықтар қажет.

Тақтайша, кескіштер, сүрткіш пен ыдыс, бояулар мен қылқалам, қолсүрткіш.құрал-жабдықтар салатын жәшік.



ә) Ермексазды бөліктерге бөлу.

Жұмыс істегенде үнемі ермексазды пайдалана бермейміз. Кейде ұсақ бөліктермен жұмыс істеу қажет болады.Ол үшін ермексазды ұсақ бөліктерге бөлу керек. Оны бөлудің екі тәсілі болады.1.Жіппен бөлу. 2.Пышақпен немесе арнаулы кескішпен бөлу.



б) Ермексаздан пішін сомдау.

Алдымен ермексазды жұмсарту керек. Ол үшін екі алақанның ортасына салып домалақтаймыз.Жұмсарған ермексазды белгігі бір пішінге келтіреміз.Осы тәсілмен қарбыз, алма,алмұрттың пішінін сомдап,оларды бояуға болады.(Оқушылардың пішінді ермексаздан сомдауы.)



ІҮ. Жаңа білімді бекіту:-Мүсін дегеніміз не?-Үйрек балапанын қандай материалдардан жасауға болады? Сыныптағы оқушылардың жұмыстарын бір-бірімен салыстыру.мадақтау

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Біз сенде

рмен не жасауды үйрендік?



ҮІ.Сабақты бекіту: -Ермексаздың өзіне тән қандай қасиеттері бар? -Ермексаз қандай материал?

-Қандай құрал-саймандар кажет?

-Ермексазбен жұмыстан кейін не істеу керек?

-Ермексазды бөлудің неше тәсілі бар? Ата.



ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Біз сендермен не жасауды үйрендік?

13-1. Сабақтың тақырыбы : Балапан пішінін мүсіндеу.

Сабақтың мақсаты: 1 Мүсін туралы түсінік беру. 2 Ұқыптылыққа баулу. 3. Шеберлік өнерін дамыту.

Жабдықтау: Ермексаз ,тақтайша, кескіш ,су, шүберек.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:Жан-жануардың немесе адамның бейнеленген пішінін мүсін дейді.а) Қолданылатын әдістерді түсіндіру.

Суретті тақтаға ілуә) Оқушылардың балапанды ермексазбен мүсіндеуі.1.Балапан жасауға қажетті бөлшектердің санын анықтау.2. Өлшемдері мен пішінін анықтап алу.3.Балапан пішінін тұтас ермексазбен мүсіндеу, басын, тұмсығын , қолмен созып жасау.4.Оларды нақты пішінге келтіріп алып, көзі мен қанатын жасау. 5.Жұмыс орнын тазалаймыз, қолымызды жуамыз.



ІҮ. Жаңа білімді бекіту:-Мүсін дегеніміз не?-Үйрек балапанын қандай материалдардан жасауға болады? Сыныптағы оқушылардың жұмыстарын бір-бірімен салыстыру.мадақтау

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Біз сенде

рмен не жасауды үйрендік?



13-2. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы : Алманың пішінін сомдау.

Сабақтың мақсаты: 1 Ермексазбен жұмыс істеудің әдіс –тәсілінмен таныстыру. 2 Ұқыптылыққа баулу 3. Шеберлік өнерін дамыту.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:а) Сомдау бастамас бұрын жұмыртқаның пішіні мен көлемін анықтап алу. Алдымен ермексазды жұмсартамыз.Жұмыртқаның пішінін саусақтың ұшымен сомдаймыз.Оны бояуға да болады.

ә) Алманың пішінін сомдау:Қызыл түсті ермек сазды домалақтаймыз. Саусақтың ұшымен оны алма пішініне келтіреміз. Артық ермексазды кескішпен кесіп немесе қырып аламыз.Кескішпен сабағын орнататын шұңқыр шұңғылдаймыз. Жасыл түсті ермексаздан жапырағы мен сабағын жасап, шұңқырға енгізіп жасырамыз

ІҮ. жаңа білімді бекіту:-Жұмыртқаның пішіні қандай?-Кескіш құралға жата ма?Үлгісі.


Ү. Сабақты қорытындылау:Біз сендермен не жасауды үйрендік?
14. Сабақтың тақырыбы : «Көлдегі аққу» композициясы. Мысық.

Сабақтың мақсаты: 1 Мүсін туралы түсінік беру. 2 Ұқыптылыққа баулу. 3. Шеберлік өнерін дамыту.

Жабдықтау: Ермексаз ,тақтайша, кескіш ,су, шүберек.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Жан-жануардың немесе адамның бейнеленген пішінін мүсін дейді.а) Қолданылатын әдістерді түсіндіру.Суретті тақтаға ілуә) Оқушылардың «Көлдегі аққуды» ермексазбен мүсіндеуі.

Көлдегі аралды ермексазбен жасап, шөп орнына қарағай немесе шырша қылқанын пайдалануға болады.б) Мысықты мүсіндеу.Оның жатқан қалпын бейнелейік:1Алдымен денесін,басын, аяғын, құлағын, құйрығын дайындап аламыз.2Бөліктерді жапсырып біріктіреміз.3Мысық денесіне басын, құйрығын,аяғын, құлағын жапсырамыз.4Біріккен жерлерін тегістейміз.



ІҮ. Жаңа білімді бекіту:-Мүсін дегеніміз не?-«Қөлдегі аққу» компазициясын құрастыруға қандай материалдар қажет?-Аққудың мойнын қалай орнықты етіп бекітуге болады?-Мысықтың көзін неден жасауға болады?

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Біз сендермен не жасауды үйрендік?
15. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы : Өзіндік жұмыс: бұзау мен қошақан.

Сабақтың мақсаты:1 Ермексазбен жұмыс істеудің әдіс –тәсілінмен таныстыру. 2 Ұқыптылыққа баулу. 3. Шеберлік өнерін дамыту.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:а) Бұғының бұзауы мен қошақанды мүсіндеу.Мұндай ойыншықтарды ермексаздан немесе саздан мүсіндеуге болады.1-суреттегі ойыншықты дымковтық ойыншық деп атайды.1) Бұғы бұзауы мен қошақанды мүсіндеу.2) Дайын болған ойыншықты бор ертіндісімен тегістеп сылаңдар.3) Оған сүт араластырыңдар.4) Ақ бояу мен ПВА желімін қосып ойыншықты бояуға болады.5) Ойыншыққа лак жағыңдар.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту:-Бұғы бұзауының мүйізі қандай?-Қашақанның ше?-Бұғы бұзауының әшекейіне назар аудар?

Ү.Сабақты қорытындылау:Біз бүгінгі сабақта не жасап үйрендік?

Күні:07.02.13

Пәні; бейнелеу өнері.

«Бауырсақ» ертегісі кейіпкерлерін мүсіндеу.Сабақ тақырыптары: «Бауырсақ» ертегісі кейіпкерін мүсіндеу.

Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларға «Бауырсақ » ертегісін оқып беру. 2. Ермексаздан «Бауырсақ» ертегісінде кейіпкерді мүсіндеу арқылы оқушылардың қиялын дамыту. 3. Ермексазбен жұмыс істеу барысында үнемділікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас

Сабақ әд. т: Түсін. көрнекілік, демонстрациялық

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: - Оқушыларды сабаққа даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасы:

Зымыранды құрастыруды аяқтау. 1. Ғарышқа ұшқан әлемдегі тұңғыш ғарышкер туралы айту.2. Қазақстан ғарышкерлері туралы не біліп келдіңдер?



ІІІ. Жаңа материалдармен таныстыру

- Бүгінгі өтетін сабақ тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерін

сомдау,бейнелеу деп аталады.

IV. Жаңа сабақ:Мұғалім бауырсақ ертегісін оқушыларға оқып береді.

-не туралы?

-атамен әженің көңіл күйі туралы не айта аламыз?

- Оқушылар түсінгендерін, мазмұнын айтады.



V. Практикалық бөлім:

1.Сурет бойынша әңгімелей отырып бейнелеу Бауырсақты мүсіндеу 1. мүсіндеу жолдарын көрсету.2. 50 беттегі сызба бойынша жұмыс.3. Бауырсақты өз бетіңмен безендір.

VI. Қорытынды бөлім:- Ертегіні рөлдерге бөліп ойнау.

VII. Үйге тапсырма беру,бағалау:

«Бауырсақ » ертегісінің басқа да кейіпкерлерін мүсіндеп келу.




17. Үйірме: ШеберлерСабақтың тақырыбы : Қағазбен жұмыс: Қағаз және қатырма қағаздан жасалатын бұйымдар. Желіммен жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты: 1 Қағазбен жұмыс істеудің әдіс-тәсілімен таныстыру.

Желіммен жұмыс істеуге үйрету.2 Қауіпсіздік ережесін сақтау.



Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:а) Қағаз және қатырма қағаздан нелер жасалады? Кітап мұқабасын неден жасалады?ә) Желіммен жұмыс істеу. Желіммен заттың бір бөлігін екінші бөлігімен біріктіруге болады.Желімді қағазға қыл қаламмен жағады.Заттың бөліктерін желімдеуге желімдегіш қарындаш, ПВА желімін пайдалануға болады.1Егер желімдеуге кеңсе желімін пайдалансаңдар, онда желім жағуды бұйымның ортасынан жағу керек.2Желімдеген парақтардың үстіне таза парақ салып, екі қолмен тегістеңдер.3Жұмыс істеуге үлкен және кішкентай қылқаламдар қажет.б) Еңбек қауірсіздік ережесімен таныстыру.Сендер қайшыны түрлі бұйымдарды қиюға пайдаланасыңдар.1.Қайшыны бір-бірлеріңе тек қана доғал жағымен ұсыныңдар.2.Қайшымен қиған кезде сол қолдың саусақтарының қайшыдан алысырақ болуын қадағалаңдар.3. Қайшыны дұрыс ұстаңдар.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту:-Желімнің қандай түрлерін білесің?-Қылқаламды не үшін пайдаланады?

Ү. Сабақты қорытындылау:Біз бүгінгі сабақта не жасап үйрендік?

18.Үлгіні пайдалану.Сабақтың тақырыбы: Үлгіні пайдалану.

Сабақтың мақсаты: 1. Арнайы әзірленген дайын пішін бойынша жұмыс істеуді үйрену. 2. Фигураларды сызып үйрену арқылы оқушылардың қас икемділіктерін дамыту 3. Оқушыларды қайшымен, үшкір заттармен жұмыс барысында ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың әдістемелік тәсілі: Түсіндіру, сұрақ – жауап көрнекілік.

Сабақ пайдалану көрнекілік: Түсті қағаз, қайшы, жәй қарындаш.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру керек:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Еңбек қауіпсіздік ережесін жатқа айту.

ІІІ. Жаңа материалдармен таныстыру:- Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Үлгіні пайдалану деп аталады. а) Қалып үлгі дегеніміз не?ә) Қиюб) пішін белгілеу.

IV. Жаңа сабақ:Қалып үлгі - бұйымдар жасау үшін арнайы әзірленген дайын пішін. Қалып үлгіні қатырма қағаздан қиып алуға болады. Олардың пішіндері әр түрлі болып келеді. Қалып үлгіні пайдаланып геометриялық пішіндер сызып үйренейік.

V.Практикалық бөлім:1. Тікбұрышты белгілеу.2. Шеңберді белгілеу.3. Үшбұрышты белгілеу.

VI.Қорытынды бөлімҚиып алған фигуралардан не жасауға болатынын айтыңдаршы.

VII. Үйге тапсырма беру,бағалау:1,2,3, - сурет бойынша пішіндерді белгілеп, қиып үйрен.

19. Сабақтың тақырыбы: Тоқу сатылары. Тілше өру.

Сабақ: 1. Тоқуға арналған сатыларды дайындап алуға үйрету.2. Шебер болып өсуге баулу.3. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:а) Түсіндіру.Үш тұтам иірілген жіптен бір өрім тілше өреміз.Алдымен ширатылған үш жіптің де басын біріктіріп. түйіп байлаймыз. Мұндай жағдайда жіптің жоғарғы ұшы тарқатылмайтын болады.Байланған ұштарын жастықшаға бекітеміз. Үш жіптен өру арқылы түрлы белгілер салуға, белдік байлау, білезік жасауға болады. Қыздар бұрымдарын үшөрім етіп өреді.Жұмыстың орындалу реті суретте көрсетілгендей. Жіптің түсін өздерің таңдаңдар.Тілше мен жіптің ұзындығын анықтап алыңдар.Алдымен ені мен ұзындығы бірдей жолақтар таңдап аламыз. Тоқу үшін жолақты міндетті түрде жолақтарды екіге бүктеу керек.

ІҮ Білімді бекіту: -Неліктен жіпті түйіп қояды? -Оны қалай істейді? Жолақтарды неден дайындауға болады?

Ү.Сабақты қорытындылау: Біз нені үйрендік?
20. Сабақтың тақырыбы: Жүк машинасын құрастыру.

Сабақтың тақырыбы: 1 Жүк машинасы туралы мағлұмат беру. Жүк машинасын құрастырудың әдіс тәсілімен таныстыру.2. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу. 3. Өнерге қызығушылығын арттыру.

Жабдықтау: картон. Түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ: а) Жүк машинасы туралы түсінік беру.ә) Жүк машинасы қандай бөліктерден тұрады? б) Қағазды қию және құрастыру тәсілдері: Қалып үлгіні пайдаланып қарындашпен белгілеп аламыз.Шаршы-4 (екеуі көк, екеуі қызыл)Үшбұрыш -1Төртбұрыш-3 (қысқа-, ұзын -1)

Дөңгелек-2 Сызықтың оң жағынан бастап қиямыз.Қағазды сол қолмен ұстап айналдырып отырамыз.Қиғанда қайшыны емес, қағазды сол қолмен айналдыру керек?Қағаздарды түсіне қарай жинап қоямыз.Картон қағаз бетіне құрастырып, желімдейміз.Жүк машинасын дайын



ІҮ. Жаңа білімді бекіту: -Машинаның қандай түрлерін білесің? -Жүк машинасын не үшін лайдаланады?

Ү. Сабақты қорытындылау: Оқушылардың жұмысын салыстыра отырып, еңбегіне баға беру.
21.Дөңгелек пішіндерден құрамақ құрастыру.Сабақтың тақырыбы: Дөңгелек пішіндерден құрамақ құрастыру.

Сабақ мақсаты: 1. Дөңгелек пішіннен балапанның, қуыршақтың пішінін құрастырып үйрену.

2. Оқушылардың қиялын, ой - өрісін дамыту.3. Оқушыларды желіммен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: Аралас

Сабақ әдістемелік тәсілі: Түс суретін көрнекілеу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:- Оқушылармен сәлемдесу.- Класта қажетті оқу – құралдарды даярлау

ІІ. Үй тапсырмаларын тексеру:Кішкене кеме тапсыру

ІІІ. Мақсат қою: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Дөңгелек пішіндерден , қандай құрамақ құрастыруға болады?» Соны үйренеміз.

IV. Жаңа сабақ:1.2 суреттегі фигуралар қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған ? Оларды ата.1. сурет-балапан2. сурет-қуыршақ

V. Практикалық жұмыс:1. Алдымен пішіндерді қиып ал.жапсыруды үлкен бөліктен баста.Оған ұсақ бөліктерді жапсыр.1. Апликацияны безендір

VI .Қорытындылау:1кішкентай пішіндерді қалай желімдеуге болады?2Шаршыдан пішіндер құрастыруға бола ма?

ҮІІ.Үйге тапсырма беру,бағалау:Кез келген ойыншық аппликациясын құра.
22. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Қағаздан моншақ құрастыру.

Сабақтың мақсаты: 1 Құрастырудың әдіс тәсілімен таныстыру.2. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу. 3. Өнерге қызығушылығын арттыру.

Жабдықтау: картон. Түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:а) Үлгіні пайдаланып қағаздан біркелкі дөңгелектер қиып аламыз. Дөңгелектердің іш жағына қылқаламмен желім жағамыз.Мөлшерлеп алған жіптің екі жағынан екі дөңгелекті беттестіріп желімдейміз. Жіпті дөңгелектердің ортасымен өткізу керек. Дөңгелектерді бір түсті немесе әр түсті қағаздан жасауға болады. Есте сақтаңдар!Кішкентай пішіндерге желімді ұшталған шырпымен жағу ыңғайлы.Жұмыс аяғында қолды сабынмен жуу керек.Шам құрастыру.Үлгісіне қарап отырып құрастыру.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту:-Дөңгелектердің өлшемін әр түрлі етіп алуға бола ма?-Моншақты жасау үшін қандай қағаздар керек?

Ү. Сабақты қорытындылау:Оқушылардың жұмысын салыстыра отырып, еңбегіне баға беру.

23. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Шырша құрастыру. Шам жасау.

Сабақтың мақсаты: Қағаздан шырша .шам жасау тәсілдерімен таныстыру.2. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу. 3. Ойлау қабілетін дамыту.

Жабдықтау: картон. түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:а) Шырша жасалу реті:1Қағаздан шырша бөліктерін қию (1,2,3,4,5)Қиылып алынған бөліктерден шыршаны екі түрлі әдіспен жасауға болады. Бөліктерді қағазға желімдейміз.2.Шам жасау.























































ІҮ. Жаңа білімді бекіту:-Шыршаны қандай қағаздан жасайсың?-Оның түсі қандай болады?-Шыршаны қай мерекеде безендіреді?-Мұндай шамды неден жасауға болады?

Ү. Сабақты қорытындылау:Оқушылардың жұмысын салыстыра отырып, еңбегін бағалау.
24. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Қағазды бүктеу тәсілдері.

Сабақтың мақсаты: Қағазды бүктеу тәсілдерімен таныстыру.2. Ұқып-тылыққа, ептілікке баулу. 3. Өнерге қызығушылығын арттыру.

Жабдықтау: картон. Түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.

Сабақтың мазмұны:

І.Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:а) Қағазды бүктеу тәсілдері:1Қағазды сыртқа қарай бүктеу.2Беттестіріп бүктеп жиектерін түзету.3Бүктелген жерін бас бармақпен түзету.4Бүктелген жеріне тегістеуішпен қыр шығару.ә) Қағазды қатпарлап бүктеу:1Парақтың ортасын белгілеу.2Екі қабаттап бүктеу.3Үш қабаттап бүктеу.4Төрт қабаттап бүктеу.Бүктелген жерді тегістеп сыртқа қарай бүктеңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет